Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП "Ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

26.02.2026

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

 

1.      Жалпы ережелер

1)      Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Zerek» бөбекжайы МКҚК. Заңды мекенжайы Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 119. Телефон: 87162 50-51-12

2)      Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2025 жылы балабақша  114  қызмет көрсетті;

электронды нұсқада көрсетілген қызмет саны –114 ;

қағаз нұсқада көрсетілген қызмет саны – 0 ;

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3)      Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Көкшетау қаласының «Zerek» бөбекжайы МКҚК –да сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

•        Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

•        "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы"

•        Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін мұғалімдерден құжаттарды қабылдау

2.      Қызмет алушылармен жұмыс:

1)      Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

 Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://zerek_aqmoedu.kz/ білім бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде

жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2024 жылы 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес  білім беру ұйымдарында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

         Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

-        Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау.

         -        мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

-        қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

-        мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі сараптама жүргізу.

Меңгеруші                                                                                      А.И.Каппасова

Орынд: Е.Кенжалина

Тел.: 50-51-12

Просмотров: 186

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст