Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәлімгер мен жас маман дуэті -2021"

Күні: 29.10.2021ж

Топ: Мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: Таным.Әлеумет

Бөлімі:Құрастыру.Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Егіс алқабы»

Мақсаты: Роботпен диірменді құрастыру.

Барлық балалар: диірменмен жұмыс жасай алады, бидай өнімдерін, робототехникадағы бөлшектердің қызметін түсінеді.

Көпшілік балалар: Джерридің тапсырмаларын педагогтың көмегімен орындай алады.

Кейбір балалар:Роботтың бөлшектерін түстеріне сәйкес құрастыра алады.

Күтілетін нәтиже: бізге керек робот құрастырылды.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, галлереяны шарлау әдісі.

Технологиялар:АКТ  ,инновациялық технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы, ойын технологиясының элементтері.

Қажетті құрал – жабдықтар:АКТ; тышқан және оның жолы; орамал; бидай, ұн және нан суреттері; нейрогимнастика құралдары; қорапша; диірмен роботының құралдары және планшеттері; 3 смайлик(өте күшті, орташа, ренжулі); рефлексияға арналған суреттер: (қызықты амандасу, бидай, тышқан, робот, нейрогимнастика, сергіту сәті суреттері)

Билингвалды компонент: робот-робот-a robot; бидай-пшеница- a wheat.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырушы-ізденістік

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Шаттық шеңберіне тұра қояйық. Бүгінгі күн ерекше, біз бір-бірімізді бірінші рет көріп тұрмыз. Менің есімім-Аружан Жанибекқызы . Сендерді көргеніме қуаныштымын. Балалар, экранға назар аударайық, бұл жерде амандасудың бірнеше түрі көрсетілген. 1 суретті таңдасаңдар , алақан соғып амандасамыз. 2 суретті таңдасаңдар, қолымызбен амандасамыз. 3 суретті таңдасаңдар, құшақтасып амандасамыз. 4 суретті таңдасаңдар жұдырық ұстап амандасамыз.

Бірге барлығымыз қайталаймыз.

Ғажайып сәт:ненің даусы шығып тұр? Келіңдер жақындайық,қарап көрейік. Дұрыс тышқан. (тышқанды шығарады.) Бұл Джерри Джерри басқа тышқандар сияқты жай тышқан емес. Батырмаларын басатын болсақ, орнынан жылжиды. Қараңдаршы Джерри бізге тапсырмаларымен бірге келіпті.

1 тапсырма : «Ойлан,тап»

Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар, ұнға да,

Айналар, нанға да

(Бидай)

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар!

Джерри алқапқа дайындаған жерден, енді өсіп келе жатқан шөптен, орып жатқан трактордан бидайға жетуі керек. Ал біз болсақ, Джерридің хатынан тапсырмаларын орындап, оған дұрыс жол бағыттып жіберуіміз қажет.

2 тапсырма:«Пазл құрастыр» деп аталады.

Алдымыздағы планшеттегі көліктің бөлшектерін дұрыс орнатыуымыз қажет.

 Қандай көлік шықты?

Трактор екен! Тамаша! Трактор егінге арналған жерді жыртып, дайындауға көмектеседі.

3 тапсырма:«Полингвалды старт» деп аталады.

Экранға назар аударайық. Джерри қайда келді? Шөптің түсі қандай?! Джерридің 3ші тапсырмасы  «Жасыл» түсті 3 тілде айт. Жасыл-зеленый-green.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, үш тілде де керемет айтады екенсіңдер!

4 тапсырма: «Тапқыр балақай!»

Экранға назар аударайық. Бидайды жинауға арналған көлікті  дұрыс табуымыз керек. (комбайн)

Тәрбиеші: Өте керемет, нағыз тапқыр балақайлар екенсіңдер!

Джерри бидайға да келді.  Бидай қай кезде піседі? (күзде) Джерридің келесі тапсырмасы роботты құрастыру, оның алдында Джерридің досы Роботпен сергіту сәтін орындайық. Орнымыздан тұрайық, роботтың артынан қайталаңдар.

Керемет көңіл-күймен жұмысымызды жалғастырайық.

Хаттағы 5 тапсырма:«Біз зерек баламыз!»

Балалар, алдарыңда планшет және роботты құрастыруға арналған бөлшектер жатыр. Қазір біз планшетке қарап, роботты құрастыратын боламыз, кейін оны бағдарламалап, экранда көріп тұрғанымыздай «диірмен» және «бидай жинағыш» роботтарын құрастырамыз.

Роботымыз дайын болса, алтын сары түстес егіс алқабына, жасаған роботтарыңызды алып келуге болады.  Егіс алқабындағы роботтарымызға назар аударайық. Қараңдаршы, «бидай жинағыш роботымыз» бидай жинап алды. Оны біздің Джерри өзінің қорапшасына салып, диірменге апарады. Диірменде бидай ұсақталып, ұнтақ ұнға айналады.

Экранға назар аударайық, біз Джерридің тапсырмаларын орындап, бидайға жеттік, кейін «Бидай жинағыш» пен «диірмен» роботтарын құрастырып ұн шығардық. Осындай үлкен жұмыс арқасында әр үйдің дастарханында қастерлі нан болады.

Рефлексия

Осымен ұймдастырылған оқу қызметі аяқталды.

Балалар оқу қызметімізден алған әсерлерімізді көрсетейік. Бас бармағымызды жоғары көтерсек, оқу қызметі ұнады деген сөз.

Бас бармақтарымызды қиғаш қойсақ, оқу қызметі орташа өтті. Бас бармақтарымызды төмен түсірсек, оқу қызметі ұнамады дегеніміз.

Оқу қызметіне қатысқандарын үшін көп рахмет! Болашақта білгір, тапқыр бала болсын деп сендерге Джерри сыйлыққа лего жинағын тарту етеді.

Жаңартылған күні: 08.11.2021 12:42
Құрылған күні: 08.11.2021 12:42

Текст