Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің әз-Наурыз» Тәрбиеші: Кендебай Айша

                           «Қош келдің әз-Наурыз»

 

Мақсаты:

Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық
талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елгедеген
сүйіспеншілік пен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Білімділік:

Балаларға Наурыз - жыл басы, жаңа жыл мерекесі  ұлт мейрамы екендігін түсіндіру. : Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету.

Дамытушылық:Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсініктерін дамыту. 
Тәрбиелік: Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды  отан сүйгіштікке ,елін жерін сүю ,еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


1.Жүргізуші:-  Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. 

2.Жүргізуші:-  Халқымыз наурызда даланы Қызыр ата аралайды деп үйінің есігін ашып отырған. Дәстүрлі қазақ Ұлыс күнің жыл басы санаған.

 

Бірге: Той құтты болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.

 

Ән: «Наурыз көктем»

 

Нурислам   Наурыз біздің әніміз

                     Наурыз біздің сәніміз

                     Жаңа жылды шаттанып

                      Қарсы алайық бәріміз.

 

Марьям :   Наурыз келді еліме,

                    Наурыз келді жеріме

                   Байлық бақыт тілеймін

                    Бүкіл қазақ еліне.

 

Дінмухамед:  Наурыз тойы салтанат

                         Наурыз тойы мархабат

                         Әр жүректен ән тарап,

                          Шаттанады шартарап

 

 

 Ішке әуенмен Қыдыр ата кіреді.

Ұлдар:- Ассалаумағалейкум ата!

Ата:- Амансыңдар ма құлындарым!

Қыдыр ата:

-Уа, халайық!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Күлімдеген көктемнің шуақты шақтары сендерге қуаныш әкелсін.

                         Уа, ағайын , халайық,

                         Босқа қарап тұрмайық.

                       Мұнда назар салайық,

                         Мерекесі халықтың

                         Наурыз тойын бастайық.

 

 

Қыздар:- Амансыз ба, әже?

Әже:- Сәлеметсіңдер ме боталарым!

Әже:- Құтты болсын мереке!

            Ене берсін береке!

            Наурыз – көктем тойымыз!

            Той дәмі мол – тойыңыз!

            Шашу шашып бүгінде

            Құтты болсын, Наурыз мереке!

            Шашу, шашу, шашу.

 

 

Арнат : - Күттіріп келген жыл басы,
                 Бізбен бірге жырлашы.
                 Елімнің дастарханына
                 Береке, ырыс сыйлашы.
                 Ата-бабам тойлаған
                 Наурызым армысың!

 

    Елнұр : - Қарды ерітті жылғасы,

                  Наурыз келді жылбасы.

                  Шуақ төкті жарық күн

                  Мейрамында халықтың.

 

Диас     : - Ата-бабам бабам тойлаған,

                   Наурызым, армысың!

                   Қызығына тоймаған,

                   Дархан дала, қарлы шың.

 

Би: «Ұлдар қазақ биі»

Жүргізуші:- Қош келдіңіз төрлетіп отырыңыз. Құтты қонағымыз болыңыз.

 

Дәстүр  «Бала бесікке  салу »

Әже: - Ал енді қазақтың әдет-ғұрпытарынан хабарларың бар ма? Сол әдет-ғұрыптан аздап әңгіме айтайын, тыңдандар. Бала дүниеге келгенде оған ат қояды. Сенің атың Айгүл, сенің атың Мұрат деген сияқты. Одан баланы бесікке салады. Бала бесікте таза болады, дене бітімі түзу болады, ұйқысы тыныш болады. Айтпақшы атасы- ау, үйдегі кішкене немерені бесікке салайық мына ұлы Наурыз тойында немерелеріміз келіп отырғанда бесікке салайық.

Ата:- Е, оның орынды келінжанға айта ғой кішкене немерені алып келсін.

Әже: -  Баланы бесікке салып ұйқысы тыныш болсын деп бесікке салайық

«Бесік жыры»

 

Әлди-әлди ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем

Жылам бөпем жылама

Жылағаның бол ма  

 

Жүргізуші :- Ал халайық, тұрмайық,

                        Әндетейік, жырлайық!

 

Алиаскар : - Наурызбен құттықтап,

                       Алыс, жақын қауышты.

                       Көктемдегі жарқын сәт

                        Көңілдерге ауысты.

 

 

Әліби :         Наурызда күлімдеп,

                       Күн нұры төгілді.

                        Өзгеше бүгін леп,

                       Желпінтер көңілді.

 

   Аруна    :  Наурыз келді алақай

                       Кел билейік балақай

                       Бізде қарап тұрмайық,

                      Тойға шашу шашайық

 

Қыздар би «Қазақ би»

 

 Ойын:«Асық ату »

 

Шарты: Асықты бір қатарға тізіп қойып , балалар екі топқа бөлінеді тізілген асықтарды көздеп атамыз кім көп асық құлатса сол  топжеңімпаз атанады.

 

Жүргізуші бала:- Ән мен күйді төгілтіп,

                                Інжу маржан  шашайық.

                                Жиналған жұрт таң қалсын,

                                Өнерден күмбез жасайық.

  

                Арсен :     Наурыз бұл мереке

                                  Құтты болсын береке,

                                  Қыдыр ата келсін

                                  Жақсы тілек әкелсін

 

Ән: «Отаныма көктем келді»

 

 

Қыдыр ата :- Уа, халайық!Ұлыстың ұлы күнінде мына халыққа батамды берейін.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт-түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін.

Пәле-жала жерге енсін,

Не тілесең қабыл боп.

Құдай тілеуімізді берсін

(Әумин.)

Жүргізуші:- Наурыз тойы көңіл тойы, көктем тойы

                       Жақсылық бола берсін өмір бойы.

                       Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

                       Елдегі бақыт байлық, бақ көбейсін.

Осы бүгінгі Наурыз мерекесіне  арналған  «Әсемай » тобының

«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік бағдарламасы аяқталды.Ұлыстың ұлы күні наурыз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 26.03.2021 16:42
Құрылған күні: 26.03.2021 16:46

Текст