Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

"Ханталапай" интеллектуалдық ойын

Ұлттық ойын түрінен жарыс өтті

    Көкшетау қаласындағы №20 «Zerek» балабақшасында ханталапай ойнаудан бүлдіршіндер арасында жарыс өтті. Қазақтың ұлттық ойын түрінен өткізілген байқауға 5 пен 6 жас шамасындағы 7 бала қатысты.

Ханталапай - асықпен ойналатын ойынның бір түрі. Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойын жүргізушісі қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға шашып жібергенде, шеңбер құрып отырған ойыншылар асықтарды жылдам жинап алулары керек. Қай ойыншыда «Хан» асығы түседі, сол ойыншы ойынды бастайды. Осылайша ойын асады. Кімде асық аз болса, сол жеңілген болып есептеледі. 

Ойын барысында балалар бір-біріне қызықты сұрақтар қойып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Айта кету қажет, аталмыш шара қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бойына дарыту, салт-дәстүрлерді насихаттау негізінде ұйымдастырылған. 

Ойынның қорытындысы бойынша, өзінің ептілігімен, тапқырлығымен көп асық жинаған жеңімпаз балалар «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» номинацияларымен марапатталды. 

                                                                                                                                                                   мақала авторы: Калжанова Е.А.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.03.2020 18:22
Құрылған күні: 16.03.2020 18:28

Ұйымдар тізімі
Текст