Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚКқазыналық кәсіпорны
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП "Ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі мекемелерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі мекемелерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру»

 

             Қазіргі таңда елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты барлық білім мекемелерінде қашықтықтан оқыту енгізіліп отыр.

«Қашықтықтан оқыту» – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі.  

  Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, ересек және  мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша Білім және ғылым министрінің 2020жылдың «13» тамызындағы №345 бұйрығының № 1-қосымшасы әдістемелік ұсынымға  сәйкес, №20 «Зерек» балабақшасы ересек және мектепалды даярлық топтарында  «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері», «Қоршаған ортамен танысу» негізгі пәндерінен ұйымдастырылған оқу қызметінің сабақ кестесі құрылып, кесте  бойынша қашықтықтан білім беру ұйымдастырылуда. Ересек және мектепалды топтарда қашықтықтан оқуды ұйымдастыру үшін әрбір отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің,  интернет ресурстарының, қашықтықтан оқитын тәрбиеленушілердің тізімі құрылып, тізімге сәйкес  тәрбиешілер ата-аналармен әлеуметтік желіде Whatsapp қосымшасы арқылы қашыштықтан оқитын арнайы топ құрып, бекітілген кестемен жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.

Ұйымдастырылған оқу қызметін Kinemaster, InShot,Youtube  қосымшалары  арқылы  тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 15минуттан аспауын ескере отыра,  ыңғайлы форматта құрастырып күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес ата – аналарға жіберіп отырамын. Берілген тапсырманы  тәрбиеленушілер  ата-аналардың көмегімен орындап, Whatsapp қосымшасы арқылы кері байланыс жасайды. Сонымен қатар, Оpiq.kz және Online.edu.kz платформаларын орналастырылған материалды тәрбиеленушінің білім деңгейін жоғарылату мақсатында қосымша ретінде қолданамын. Online.edu.kz  платформасында «Балапан» және «Ел арна» телеарналарындағы видеосабақтарды онлайн трансляция арқылы қарап, білімдерін кеңейте алады. Платформада мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу – білім беру процесін қашықтықтан ұйымдастыру орталығы бар. Орталықта 5 білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі кіріктірілген. 

Орталық мемлекеттік мекеме ретінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекет басшысының Жолдауларында, Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және мектепке дейінгі білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық құжаттарда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыс істейді. Орталық қызметінің негізгі түрі-республиканың мектепке дейінгі ұйымдарын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету болып табылады.

Оpiq.kz платформасында «Математика негіздері» , « Сауат ашу негіздері» , «Қоршаған ортамен танысу» пәндері бойынша онлайн жұмыс дәптерін қолданып , жұмыс істеу мүмкіндіктері бар.

Берілген тапсырмаларды орындауда   ата – аналар үнемі жауапкершілікпен қарап, балалармен бірге қызығушылықтарын танытып ,  кері байланысқа шығады. Баланы жан – жақты тәрбиелеуде тәрбиеші және ата – ана әрқашан тығыз байланыста .

Қашықтықтан бейнесабақтарды ұйымдастыруда анимациялық қысқа фильмдерді, әуенді сергіту сәттерін, жаңа технологияларды қолдана отырып, кіріктірілген сабақ кестесіне сәйкес жасадым. Математика негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінен «Геометриялық пішіндер және денелер» тақырыбы бойынша дайныдаған бейнесабағымды сіздердің назарларыңызға ұсынамын.  Бейнесабақ: а) Мотивациялық-ынталандырушылық; ә) Ұйымдастыру-шылықізденушілік; б) Рефлексивті-түзетушілік кезеңдерінен тұрады.

Әрбір жіберілген бейнесабақтарды инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану негізінде балалардың ауызша қарым-қатынас  жасау дағдыларын, танымдық ой-өрістерін, шығармашылық, эстетикалық талғамдарын және жеке тұлғаның әлеуметтік білім, біліктерін жетілдіру мақсатында жасаймыз.

Қашықтықтан оқыту – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс тәсілдері мен әр түрлі құралдарды қолданудың тиімділігін талап етеді.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы тәрбиеші  тәрбиеленушінің білімін онлайн жалғастыруға, шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, заманауи технологияларды меңгеруге, өзінің білімін шындауга зор мүмкіндік береді.
 

 

 


Текст