Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚКқазыналық кәсіпорны
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП "Ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

«Нұр- Сұлтан қаласына саяхат» ойынсауық

Ақмолаоблысыбілімбасқармасының

Көкшетауқаласыбойыншабілімбөлімініңжанындағы

Көкшетауқаласының «Zerekбалабақшысы» МКҚК

меңгерушісіА.И.Каппасова

 

 

 

«Нұр- Сұлтан қаласына саяхат»

ойынсауық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка жетекшісі: Раева М.М

 

 

 

 

Балаларәдеміәуеніменбеседкағакіреді. Олардыжүргізушіқарсыалады.Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Нұр Сұлтан қаласынын 23 жылдығына орай өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер! Бүгін сендермен өте қызықты уақыт өткіземіз. Ал қазір мен сендерге Елордамыз туралы айтып беремін.1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылыжаңаелордасыатауы Астана болыпөзгертілді. 2020 жылынанбастап Астана қаласын Нұр-Сұлтан атауына ауыстырды.Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы шапшаң қарқынмен дамып келеді және де келешегі өте зор.

Ғажайып сәт:

Шетелден қонақ: -Сәлеметсіңдер ме балалар,Hello! Мен Америкадан ұшақпен келдім. Өзіммен бірге сиқырлы сандық алып келдім. Әттегенай,менің есімнен шығып қалды, сендердің мемлекеттерініздің аты қалай еді?

Балалар- Қазақстан мемлекеті!

Шетелден қонақ: - Бәрекелді! Балалар,менің сандығымда маған қызық бірақ танымайтын суреттер бар,мүмкін сендер ол суреттер туралы білетін шығарсындар? Көмектесесіндер ме маған?

Балалар:- Иә! Көмектесеміз!

Шетелден қонақ: -Балалар бұл суретте кім?(Сандықтан суретті шығарып балаларға көрсетеді)

Балалар:- Бұл біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Шетелден қонақ:- Жарайсындар! Ал бұл бізде кім?

Балалар:-Токаев Қасым-Жомарт Кемелевич

Шетелден қонақ:- Ал бұл суретте қандай қаланын манументы?

Балалар- Нұр-Сұлтан қаласынын Бәйтерек манументі!

Шетелден қонақ: Тамаша!Рахмет балалар! Сендердің Көкшетау қалаларын да сондай әдемі екен.

Шетелден қонақ:Ал ендеше балалар Елордамыз туралы қонағымызға өлең шумақтарын айтып берейік. (Айзере,Ақтілек,Даяна,Алидар,Аяжан)

Шетелден қонақ: Қазақ тілі сондай әдемі,бай тіл.Рахмет! Ал балалар,бұл суретте қандай ғимараттар? (Балалар жауап береді)

Жүргізуші: Балалар,қане біз оны іс-қимылмен ойын түрінде көрсетіп көрейік!

Ойын: «Ғимарат»

Шарты: Музыка ойнап тұрған кезде балалар би билейді,музыка тоқтап,жүргізуші ғимараттын атын атайды.Балалар ол ғимаратты іс- қимылмен көрсетеді.  Ғимараттар(Бәйтерек,Пирамида,Ақ Орда,Ханшатыр)

Турист: Жарайсындар балалар! Ал енді маған әнді шырқап берсендер,мен өте қуанышты болар едім.

Ән: «Астана» Д.Байтлеуов.

Жүргізуші: Балалар,мүмкін біздің шетелден келген қонағымызды басқа қалалармен де таныстырып қоямыз?

Балалар:-Иә!

Ойын: «Қалалар»

Шарты: Балаларшеңбергетұрады. Жүргізушідоптыбалағақаланыңатынатаплақтырады,ол бала келесібалағабілгенқаланыңатынатаплақтырады,ойынжалғастырылады.

Шетелденкелгенқонақ: Балалар, Қазақстан елінде сонша көп қалалар бар екенің білмеппін,мен міндетті түрде осы қалаларға қонаққа барамын.

Жүргізуші:- Иә,әрине,ең бастысы біздің еліміздің астанасы Нұр-Cұлтан қаласына барып келіңіз.

Шетелден келген қонақ: Көп рахмет сендерге! Енді мен жол жүре берейін.Сау болыңыздар! (Балалар мен жүргізуші қоштасады)

Жүргізуші: Балалар,осымен біздің Нұр-Сұлтан қаласына саяхатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Балалар: -Сау болыңыз!


Текст