Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Тақырыбы: «Ұлттық фольклор» Музыка жетекшісі: Раева Мадина Mаратовна

Тақырыбы: «Ұлттық фольклор»

Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

ҰОҚ мақсаты:

 -Білімділік: балаларға қазақ халқының шығармашылығы жөнінде кеңінен білім беру, танымын ашу;

- Дамытушылық: ұлттық музыкалық аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету;                                                                                    

- Тәрбиелік: халық музыкасына деген суйіспеншілігін арттыру, ұлттық сезімін ояту;

ҰОҚ әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, аспаптарды таныстыру,музыкалық ырғақты қимылдар,дидактикалық ойын,қимыл жаттығуы.

Полилингвальный компонент

ҰОҚ көрнекілігі: үнтаспа,слайд,фортепиано,ойындарға арналған жабдықтар.

Балалар ұлттық әуенімен музыка залына кіреді.

 

 

 

Жетекші: - Сәлеметсіңдер ме балалар (до ре ми фа соль-фа ми ре до)

Балалар:-  Сәлеметсізбе-здравствуйте-hallo (до ре ми фа соль-соль фа ми ре до)

Жетекші:-Балалар,бүгін сендер ерекше әдемісіңдер!Бүгінгі біздің үстіміздегі киім қалай аталады?

Балалар: -Қазақтың ұлттық киімдері

Жетекші:-Олар немен әшекейленген?

Балалар:-Қазақтың ұлтттық оюларымен   

Жетекші:-Иә,дұрыс айтасыңдар, біз Тәуелсіз Қазақстан Республикасында тұрамыз,біздің халқымыздың салт дәстүрлері бар.Бізге ежелден ата бабаларымыздаң қалған ұлттық киім,ертегілер,ұлттық ойындар,ұлттық қазақ аспаптары үлкен мұра.Оның бәрін біз бір сөзбен «Ұлттық фольклор» деп атаймыз. Бүгін біз сендермен ұлттық фольклорге кіретін қазақ аспаптарымен танысамыз.

Жетекші: -Балалар бұл ненің дауысы? Бізге біреу келе жатқан сияқты.(жетекші-тұяқтас арқылы аттын шауып жатқан дауысын шығарады)

Музыка залына Алдар Көсе әндетіп кіреді.

 

Алдар Көсе:

-Мен Алдармын,Алдармын,

 Әнді жақсы саламын,

 Домбыраны тартамын

 Мен Алдармын,Алдармын! -Сәлеметсіңдер ме балалар!

(Балалар Алдар Көсемен амандасады.)

Жетекші:Қош келдің Алдар Көсе!Жолдан шаршаған шығарсын,кел төрлет!

 –Балалар,Алдар Көсенің қолында қандай аспап?

Балалар:Қазақтың ұлттық аспабы Домбыра!

Жетекші: Балалар,қандай тағы ұлттық аспаптарды білесіңдер?

Балалар: -домбыра,қобыз,сазсырнай,тұяқтас.

Жетекші: -Дұрыс айтасындар,балалар.Қазір мен сендерді домбыра аспабымен таныстырамын.(Жетекші домбыра аспабында күй үзіндісін орындап береді)Ал енді үнтаспаға назар аударамыз

Алдар Көсе: -Қандай тамаша! Балалар,мен өзімнің домбырамды сендерге сыйлыққа тартамын.

Жетекші:-Балалар,біз -Алдар Көсеге алғымызды білдіріп ән айтып берейік. Бірақ ән айтудан бұрын дауыс жаттуғыларын жасау керек.(Балалар дұрыс отыру ережелерін сақтап мимика,тыныс алу,қорқынышты ертегі жаттуғыларын жасайды)

Ән: Әні:И.Нүсіпбаев,сөзі:Х.Талғаров «Домбырасыз сән қайда»

Алдар көсе:- Рахмет балалар!

Жетекші: Алдар Көсе, сен кетер бұрын біздің балалармен бір ойын ойнап,балаларымыз саған алғыс болушы еді.

Ойын: «Домбыраға кім жетер»

 Жетекші:Балалар,сендерге ойын ұнады ма?

Балалар: -Иә, Алдар Көсе рахмет сізге!

Алдар Көсе: - Ал енді мен кеттім,сау болыңыздар!

Сау болыңыздар!(Балалар мен жетекші Алдар Көсемен қоштасады)

Жетекші: -Балалар,сендер шаршап кеткен шығарсыңдар,қане орнымыздан тұрып қазақ ұлттық биін билеп берейік. Музыкалық ырғақты қимыл (Сергіту сәті)

Жетекші:-Балалар менің сендерге сыйлығым бар!(Жетекші сандықшадан Қобыз аспабын шығарады) Балалар,бұл Қобыз аспабы.Үнтаспаға назар аударамыз. (Жетекші балаларды қобыз аспабымен слайд арқылы таныстырады)

Жетекшi:-Балалар,қандай ұлттық емес аспаптарды білесіңдер?

Балалар:-Маракас,бубен,сылдырмақ,таяқшылар,ұшбырыш

Жетекші: -Жарайсындар балалар!Ал енді осы аспаптарды қолданып тапсырманы орындайық

Тапсырма: Үнтаспада табиғат туралы үнсіз бейнебаян жүріп тұрады. Балалар музыкалық аспаптарды қолдана отырып бейнебаянға сәйкес дыбыстар қосады. Мысалы: аттын шауып жатқан дауысын тұяқтас аспабы арқылы көрсетеді.

Жетекші: -Балалар,орындаған тапсырма сендерге ұнады ма? (Балалар сұрақтарға жауап береді) -Жарайсындар,ал енді бүгінгі ұоқ қорытындылау уақыты келді.Бізде музыка ұоқ болғандықтан,біз сендермен музыка тілімен бүгінгі ұоқ аяқтаймыз.Балалар менің үстелімнің үстінде ұшбырыш,маракас,сылдырмақ және басқа ұрмалы аспаптар жатыр.Сендерге бүгінгі ұоқ ұнаса қолдарына ұшбырыш,сылдырмақ,маракас алып ойнандар,ал егер бүгінгі ұоқ ұнамаса қолдарына бубен,таяқшалар,тұяқтасты алып ойнандар.(Балалар қолдарына аспаптарды алып,ұоқ сипаттайды)

Жетекші: -Керемет,балалар бүгінгі ұлттық фольклор тақырыбын келесі ұоқ жалғастырамыз.Осымен музыка ұоқ аяқталды. Рахмет балалар,сау болыңыздар!(Балалар жетекшімен қоштасып музыка залынан марш екпінімен топқа кетеді.

Жаңартылған күні: 03.02.2021 14:11
Құрылған күні: 03.02.2021 14:20

Ұйымдар тізімі
Текст