Текст
«Интерактивті құм жәшік» кабинеті құмдық терапияға арналған. Бұл педагогика мен психологияда қолданылатын аса ерекше әрі қызықты әдістердің бірі. Табиғи материалмен, яғни құммен жұмыс жасау балалардың эмоционалдық көңіл күйіне жағымды әсер етеді. Интерактивті құм жәшігі классикалық әдістің шекаралары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді. Құм кеңістігін толықтай модельдеуге, қалаған суретті жасауға мүмкіндік береді. Құм жәшігін қолдану «Таным» білім саласының талаптарына сәйкес келеді.