Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»
Мақсаты:
Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік, қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Міндеттері:-топ болып жұмыс істей білуін қалыптастыру:-патриоттық сезімдерін және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Жүргізуші: Балалар! 22 Наурыз жыл басы болып саналатын, күн мен түн теңелетін,жер бетін тіршілік біліне бастайтын мереке қарсаңында өткізіліп жатқан«Ханталапай»интелектуалдық байқауына қош келдіңіздер! Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындары.Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

 Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды

Байқауымызды бастамас бұрын алдымен әділ-қазы мүшелерінмен таныстырып кетейін.

Балалбақша әдіскері: Капарова Ж.У

Орыс тілі мұғалімі Нурбекова А.С

Дене шынықтыру нускаушысы: Кибатова Б.Ж

— Интерактивті тақтадан «Ханталапай» ойынының суреті слайд түрінде ашылады.Асықтар төрт түлік малдың асық жілігінде болады.Бірақ асық ойыны текқана қойдың асық жілігінен алынған асықтармен ойналады.Бір асық қызыл түске боялған болу керек,бұл қызыл асықты «Хан асығы»деп атаймыз.  Абай атамыз ханталапай ойынын жақсы ойнаған екен Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Асық ойындарында оның жатысына («бүк», «шік», тәйкі», «алшы») көп мағына беріледі. Ал егер асық төбесімен, не екі «аяғымен» тік тұрса – оны «омпы» деп атайды. «Омпы» – асықтың қалыпты жағдайы емес. Ол жағымен асық өте сирек түседі. Сондықтан «омпы» ойын ережесіне көбіне қосылмайды, қосылуы өте аз кездеседі.

                                   «Ханталапай» ойыны.

        Ойынды жүргізуші педагог ойынды бастар алдында «Талапай –ау, талапай, табылды ойын алақай» деп өзі айтады және балалар бірге қайталап,қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтардыталасып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды. Әр бала ойынға 5 асықтан тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы боп ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарды ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкесинтелектуалдық тапсырмалар алдын-ала дайындалады. Тапсырмаға дұрыс жауап берсе, бала келесі асықты атады. Екінші реттигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты атукезегідұрыс жауап берген балағаберіледі. Осылайша ойын жалғасады.Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды.

«Ханталапай» ойынын ойнатып көрсету.

Қоржындағы сұрақтар.

Жұмбақ шеш:

1.Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

2.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)

3. Қой малын сипатта.

4. Асық ойындарында оныңжатысын қалай атайды?

 («бүк», «шік», тәйкі», «алшы»)

5. Ал егер асық төбесімен, не екі «аяғымен» тік тұрса – оны не деп атайды.(омпы)

6. «Асығыңыз алшы түссін!» мақалды жатқақайталау.

7. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар „ жатқа қайталау.

8.Бес — дегенім бесік.

Алты — дегенім, асық.

 

Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық,

Еп қана емес бірлік те
Керек екен соны ұқтық — деп айтқымыз келеді.

 

Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволыққабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдыңқалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Әділ-қазы қорытындысы бойынша«Ең үздік бүлдіршін»,«Ең алғыр бүлдіршін» номинациялары беріледі.

 

Жаңартылған күні: 08.04.2021 09:12
Құрылған күні: 08.04.2021 09:12

Ұйымдар тізімі
Текст