Мақсаты: Мемлекеттік тілге деген қызығушылық таныту.Тілге деген логикалық және сыни ойлауды дамыту , ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: фразеолгизмы в картинках, банер, видео- ролик.
Түрі: Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел барысы:
1-Жүргізуші: Дөігелек үстеліміздің бірінші сұрағы
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай? Бұл жерде сіздер тілдің казіргі таңдағы жағдайы жайлы өз пікірлеріңізді, ойларыңызды білдіресіздер.Екінші талқыланытын сұрақ:
2. Мақал- мәтелді жалғастыр. Әр командаға 4 мақалдың басы беріледі ал сіздер оның толық нұсқауын табу керексіздер. Орындау уақыты 2 минут.
4. Тілге деген құрметіңізді қалай жеткізесіз? Бұл жерде сіздер монолог немесе өлең шуммақтарын оқуларыңызға болады.
2- Жүргізуші:
Ендігі кезекте командалар сіздерге сөз беріледі. Бірінші сұрақ бойынша «Қауырсын» тобының жауабын тыңдайық.
1-Жүргізуші: Өте тамаша, мемлекеттік тілдің казіргі жағдайы жайлы терең ой- пікірлеріңізді білдірдіңіздер, келесі сөз кезегі «Ана тілі» командасы нда.
2- Жүргізуші: Рахмет, «»Ана тілі» командасы да бұл сұраққа өте тамаша жауап берді.
1-Жүргізуші: Алтынай Серикбаевна, Сөздің көркі – мақал демекші келесі сұрағымызға көшейік.
(қатысушыларға мақал- мәтелдің басы жазылған парақтар таратылады)
Қауырсын командасы
1. Тіл мәртебесі – (ел мәртебесі.)
2. Тілі өлген ел - (тірі өлген ел)
3. Тіл - өлшеусіз қазына, (өрісі кең әлем.)
4. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің – ( тірлік үшін)
«Ана тілі» командасы
5. Тіл сүйексіз болса да, (сүйектен өтеді)
6. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, (тіл айырар анасының баласын.)
7. Тіл ақылдың –( өлшемі)
8.Тіл жүйрік емес, (ой жүйрік)
2- Жүргізуші: Құрметті қатысушылар! Уақыт аяқталды, дайын команданы ортаға шақырамыз. (Командалар жауаптарын оқиды, экранда дұрыс жауабы шығып отырады)
1-Жүргізуші: -Жамиля Уалихановна, қатысушылар мақал- мәтелдерді жақсы біледі екен, ендеше келесі сұрағымызға көшейік. Фразеологизмы в картинках
Сурет бойынша тұрақты сөз тіркестер орыс тілінде айтып беру. Сіздер назарларыңызда 4 тұрақты сөз тіркесі, екі жоғарғы сурет бойынша « Қауырсын» командасы жауап береді, төменгі екі суреттер бойынша «Ана тілі»командасы жауап береді.
1-Жүргізуші: Өте тамаша, тұрақты сөз тіркестеріңде жақсы біледі екенсіздер. Білімдеріңіз өте жоғары деңгейде, келесі кезекте сізер тілге деген құрметтеріңізі қалай білдіресіздер соны тамашалайық. Сөз кезегі Қауырсын командасында беріледі.
2-Жүргізуші:
Құрметті қатысушылар, қонақтар бүгінгі Тілдер күніне арналған іс- шарамыз өз мәресіне жетті. Дөңгелек үстелімзді қорытындысын жасау сөз кезегі меңгерушісі Аягоз Имангазиевнаға беріледі.
1-Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, бүгінгі іс- шараға қатысқап зияткерлік және танымдық қабілеттеріңізді көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет, сіздерге тіл мамандарынан кішкентай сыйлығымыз бар, қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:Қазақ тілі – нағыз қазақ барда еш уақытта жоғалмайды. Ана тілімізге деген құрметімізді арқашан көрсете білейік.