Ертегі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
Ертегі баланың өміріне ерте балалық шағынан бастап енеді, оны мектепке дейінгі балалық шағында бірге алып жүреді және өмір бойына онымен бірге калады. Ертегіден оның әдебиет әлемімен, адамдар арасындагы карым-катынас әлемімен және айналасындагы бүкіл әлеммен танысу басталады. Бала тәрбиесінде ертегілердің рөлі зор
Мақсатым: Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.
Міндеттері:
— театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
— сөздік қорларын байыту;
— ауызша сөйлегенде дыбыстарды анықайтуға үйрету;
— кейіпкерлердіңіс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу- әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс–тәсіл мен берілетін тәлім– тәрбиеісі көбінесе балабақшадан басталып, жан–жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтініз қалдырады.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ертегінің алатын ролі өте зор. Ертегі–қай халықтың фольклорында да ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады.
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жез тырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыстатас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».
Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.
Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы болып бөлінеді. Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттер мен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орыналады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.
Қазақ халық ертегілерінің ерекшелігі — өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Адамның балалық шағы ертегі мен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Кейде өмірде қиын жағдайлар кездесіп жатады. Не істеу керек? Қандай дұрыс шешім қабылдау керек? Осы сұрақтарға жауап табу үшін ертегі бізге асығады.
Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.
Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқатүрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Өйткені, бала ертедегі жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды, кеңпейіл болғысы келеді. Балалардың ең сүйіп тыңдайтын дүниесі – ертегі қайталап айту арқылы баланың сөздік қоры дамиды.
Бұрынғы уақытта балалар көбінесе ата-әже бауырында өскен. Олар үлкендердің ертегі, әңгімесін тыңдап, зейін қойып өскен. Ол балалар үлкенге құрмет, кішіге мейірімді, ілтипатты болған. Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы ти ерлік ертегілері қаншама?! Олер тегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсы мен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаман мен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кезкелген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақтақыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көпқиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.
Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға; оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі – шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес, күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы: «Аяз би», «Тазша бала», «Ұр тоқпақ», «Атымтай Жомарт» т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып, оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.
Қазақ халық ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді.
Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңістігінің басты міндеттері болып табылады. Қиял-біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылыры, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың дамуы үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек.
Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
1.Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2.Суретпен жұмыс. Бір ертегідегі барлық кейіпкерлер бейнеленген суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметінде материалды түсіндіру -үнтаспа, бейнетаспа, суреттер, көрнекілікті пайдалану, әңгімелесу арқылы жүзеге асады
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені, оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор – айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.
Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс – тіршіліктері суреттеледі.
Балабақшадағы балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, ертегі қойылым, жалпы сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын арттырамыз. Ертегі қойылымдарын сахналауға үйрету кезеңдерінде балалардың ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда баланың жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін театрландырылған қойылымдар мен театрландырылған ойындардың пайдасы зор екенін тәжірибеден көріп отырмыз. Қай бала болмасын, әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Сондықтанда әр баланың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына театрландырылған ойындар арқылы да жетілдіруге болады.
Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының,тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады.
Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт – дәстүр, мақал мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Демек, жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі «ертегілер».Балаға бесік жыры қандай маңызды болса,ертегі де дәл солай маңызды.Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие.
Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарды.
Түйсік қаблеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды,зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді.
Бала жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды кеңпейіл болғысы келеді.
Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл – ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды,зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана – сезімін оятып, ақыл – есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді.
Ең алдымен бала ертегі арқылы мысалға алынған хайуанд мінез құлқын, қылық, әрекетін, дауысын жакыннан үйрене түседі. Екіншіден кейбір мет кездесетін өлең жолдарын белгілі бір әуенмен айтқызу арқылы балалардың ауендік с дамытуға болады. Үшіншіден ертегілерді сахналастыру арқылы балалардың сөйлеу, хайуандарға дауыс беру қабілеттерін арттыра түсеміз. Бұлардың бәрін орындаудағы м балалардың сөйлеу қабілетін жене сез байлығын арттыру болып табылады.
Қорыта келгенде, менің тәрбиеленушілерім ертегіні тамашалай отырып және жұмыс жасай отырып, мынадай нәтижеге қол жеткіздім:
Кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айыра білу қабілеті дамыды;
- бір текті ұғымдарды салыстырып, ұқсастықтары мен даралық қасиеттерін өз жастарынасай ажырата білуді үйренді;
-ойлау тәсілдері, оның ішінде жұптасып, топтасып ойлау қасиеттері дамыды;
-кейіпкерлерді сипаттау арқылы бұрын таныс емес сөздерді үйренді;
Сондықтан да өз тәжірибемде ертегілерді көптеп қолдануым қажет деп есептеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы., 2011
2. Әбілова З. «Этнопедагогика».-Алматы, 1997
3. Сагиев Г.Ч. Мектепкедейінгі балалардың тілін дамыту // Мектепке дейінгі білім. – 2014.
-№3. –Б 10-11.