Тақырыбы: «Музыка әлемінде»
Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Музыка
ҰОҚ мақсаты:
-Білімділік: балаларға шығармашылық жөнінде кеңінен білім беру, танымын ашу; Балалардың жыл бойына алған білімдерін бекіту.
- Дамытушылық: ұлттық музыкалық аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету; ырғақты сезініп билеуге үйрету;
- Тәрбиелік: халық музыкасына деген суйіспеншілігін арттыру, ұлттық сезімін ояту;
ҰОҚ әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, аспаптарды қайталау,музыкалық ырғақты қимылдар,дидактикалық ойын,қимыл жаттығуы.
ҰОҚ көрнекілігі: үнтаспа,слайд,фортепиано,музыкалық аспаптар.
Балалар марш екпінімен музыка залына кіреді. Үнтаспаға қарсы жарты шеңберге тұрады. Әндетіп музыка жетекшісімен амандасады.
Муз.жетекшісі: - Сәлеметсіздер ме балалар (до-ре-ми-фа-соль-фа-ми-ре-до)
Балалар: -Сәлеметсізбе (соль-фа-ми-ре-до)
Муз.жетекшісі: - Балалар, бүгін ерекше,қызықты ашық ұоқ. Оны бастамас бұрын көңіл күйімізді көтеріп,сергіту сәтін жасап алайық. Ырғақты сезініп, билейміз.Дайыңсыңдар ма балалар?
Балалар: -Иә!
Сергіту сәті: «Аңдар биі» (Балалар орындарына марш екпінімен жайғасады
Муз.жетекшісі: -Балалар сендер қандай ұоқ келдіңдер?
Балалар: -Музыка!
Муз.жетекшісі: -Музыка ұоқ біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды,би билеуді,аспатарда ойнауды үйренеміз.
Муз.жетекшісі: -Жарайсыңдар балалар!
Муз.жетекшісі: - Балалар,қарандаршы,маған бүгін көңілді музыканттар,музыка әлемінен хатпен сиқырлы сандық әкелді! Қанеки хатты бірге ашып,оқиық.
Хат: - Сәлеметсіздер ме балалар,біз музыка әлемінде тұратын көңілді музыканттармыз! Біз жыл бойы сендердің музыка ұоқ ән айтып,би билеп,аспаптарды қалай үйренгендерін бақыладық. Жарайсындар,сол үшін біз сендерге сиқырлы сандыққа сыйлық дайындап қойдық!
Муз.жетекшісі: - Балалар,сыйлықты алу үшін сендер өз білімдеріңді дәлеледеу керексіңдер,ол үшін тапсырмалар орындаймыз!Дайыңсындар ма?
Балалар: - Дайынбыз!
1 тапсырма: «Музыкалық аспаптарды тап»
Шарты: Үнтаспада музыкалық аспаптармен табиғат құбылыстары бейнеленген. Балалар үнтаспада музыкалық аспаптарды тауып алу керек. Таңдаған аспапқа басып, дыбысын тыңдап,ол аспапты үстелдің үстінен алып орнына отырады.
Муз.жетекшісі: -Балалар, бірінші тапсырманы жеңіл орыңдадыңдар,жарайсыңдар! Біздің екінші тапсырмамыз,қолындағы аспаптармен оркестрді орындау. Қолдарыннаң келе ма?
Балалар: - Иә!
Оркестр: «Жасыл бақ»
Муз.жетекшісі: - Тамаша! Соңғы тапсырмаға жеттік. Естеріңде ма,біз сендермен динамиканы өттік. Балалар,forte дегеніміз не?
Балалар: -forte дегеніміз-қатты дыбыстың шығуы.
Муз.жетекшісі: - Ал piano дегеніміз не?
Балалар: -Piano дегеніміз- ақырың дыбыстың шығуы.
Муз.жетекшісі: - Қане,маған forte динамикасымен шапалақтап көріңдерші (балалар forte динамикасымен шапалақ ұрады) – Ал еңді, piano динамикасымен (Балалар piano динамикасымен шапалақ ұрады)
-Балалар,алақай!Біз барлық тапсырманы орындап,сендер өздеріңді нағыз музыканттар екендерінді дәлеледей алдыңдар! Сиқырлы саңдығымызды ашып көрейік! (Сиқырлы сандықта балаларға арналған тәттілер жатады.)
Муз.жетекшісі: - Балалар,осымен біздің ұоқ аяқталды.Бүгінгі ұоқ сендерге ұнады ма?
Балалар: - Иә,ұнады!
Муз.жетекшісі: - Керемет! Бүгінгі ұоқ аяқталды,сау болыңыздар!(балалар марш екпінімен шеңбер айналып музыка залынан шығады)