Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ее» дыбысы мен әрпі

             Білім беру салаcы:«Қатынас»

             Бөлімі:Сауат ашу және жазу негіздері

             Тақырыбы:«Сөз маржанын терейік» «Ее» дыбысы мен әрпімен таныстыру   

             Мақсаты:

            Білімділік:Балаларды ертегілер елі арқылы  «Ее»дыбысымен таныстыру. « Е» дыбысын баспаша жазуды үйрету.           

             Дамытушылық: Қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар арқылы өткен дыбыстарды дұрыс атай білуге, үш-төрт дыбыстан сөз құрай білуге, дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.

            Тәрбиелік: Оқу қызметінде бір-бірін тыңдай білуге, толық әрі нақты, қол көтеріп жауап беруге тәрбиелеу.

             Алдын ала жұмыс:ойын, сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап.

            Қолданылған технологиялар: ИКТ технологиясы, типтік бағдарлама, ойын технологиясы.

            Қажетті құрал –жабдықтар,көрнекіліктер: суреттер, әр баланың алдында дыбыс жазуға манка ұнтағы, дыбыстық талдауға арналған қызыл,көк текшелер.

             Іс-әрекет түрлері

             Тәрбиешінің  әрекеті

            1.Сәлемдесу.

             -Сәлеметсіндер ме балалар! Көңіл күйлерін калай?

              - Бүгінгі оқу қызметіміз сауат ашу негіздері. Оқу қызметімізді бастамас бұрын мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын.

              2.Шаттық шеңбер

                    

            3. Өткенді қайталау. Сұрақ-жауап.

                 - Қазір қай жыл мезгілі ?

                  - Қыс мезгілінде  қандай  өзгерістер  болады ?
               - Қыс мезгілінде  неше  ай  бар ?

              - Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

             -Дыбысы деген не?Дыбысты біз не істейміз (айтамыз,естейміз)

            -Әріп деген не?Әріпті біз не істейміз (көреміз,жазамыз, оқимыз)

             - Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге бөлінеді)

              -Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (әндетіп, созылып айтылады. Кедергіге ұшырамайды.)

              -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылмайды. Кедергіге ұшырап айтылады.. Ауыз қуысында тіл мен тіс кедергі жасайды)

             -Дауысты дыбыстарды қандай текшемен білгілейміз? (Қызыл түсті текшемен белгілейді)

              -Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен білгілейміз? (Көк түсті текшемен белгілейді).

             4.Тыныштық сәті: (музыка әуенімен ертегілер еліне саяхат).

               Қәне балалар, көзімізді жұмып, әуеннің ырғағымен терең дем алып, ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Балалар қараңдаршы біз қандай ғажайып жерге келдік.Айналамызда  әсем табиғат,жан-жануарлар,құстардың сайраған дауысы Саяхат жасауға бізге                         нелер көмектесер екен?Көзімізді ашып айналамызға қарайықшы.

                (Экраннан сиқырлы әуенмен «Ее»дыбысы шығады)

            5. Е әріпімен таныстыру.

            Е әріпі- Е  дауысты дыбыс.Әндетіп, еш кедергісіз, ұзақ айтылса оны дауысты дыбыс дейміз. Сендер білесіңдер дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жуан дауысты дыбыстарға – А, О, Ы, Ұ әріптері жататын болса.Жіңішке дауысты                               дыбыстарға Е дыбысын жатқызамыз. Е әріпін қызыл түсті текшемен белгілейміз. Е әріпі сөз басында, сөз соңында, сөз ортасында кездеседі. Е әріпіне байланыс сөз басында кездесетін сөздер- Елбасы, ел, емен, елік, есек, етік, ерін, ер,ертоқым,егіз,ертегі.

               Сөз ортасында кездесетінн сөздер- кеме.кесе, өзен,бәйтерек, терек,жер, бес,бел, жел. Сөз соңында кездесетін сөздер- терезе,төре,сөре,кеше,кесе,әже,ерте.

              Балалар е әріпі бізге ертегілер еліне саяхатқа баруға көмектеседі. Бұл карта бағыты бойынша біз ертегілер елі саяхаттаймыз. Экранға назар аударайық.

       

6. «           Етік киген мысық» суреті тұрады.

                -Сәлеметсіндер ме балалар. Мен етік киген мысық боламын. Ертегілер еліне қош келдіңдер. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Ертегілер еліне саяхаттау үшін менің тапсырмаларымды орындау керек. Е әріпіне басталатын сөз айтып қана қоймай,                           мимика арқылы, жуан және де жіңішке дауыспен айтамыз. Ал сәттілік балақайлар.

                 - Тәрбиеші: балалар етік киген мысықтың тапсырмасын орындап, келесі ертелер еліне баруымыз керек. Онда тапсырманы орындаймыз.Е әріпіне байланысты қандай сөз білесіңдер?- ет, елік, есік,етік, ерін,егіз, ертегі(.Балалар жуан, жіңішке дауысымен                      айтады)

                 -Бұл сөзде е әріпі сөзде қай жерде кездеседі.- (Сөз басында) Дұрыс айтасыңдар сөз басында кездеседі.

 

                 - Етік киген мысық шығады. Балалар мен тапсырманды жақсы орындадыңдар.Келесі ертегілер еліне бару бағытын көрсемін.

              (Экраннан карта суреті көрсетіледі)

               7. «Есек пен бұлбұл» - Сәлеметсіндер ме балалар. Мені танып тұрған шығарсыңдар..Мен есекпін. Мен сендерді асыға күтім. Менің сендерге берер тапсырмам Е әріпін  жазу.

              Тәрбиеші: Балалар есектің бізге берген тапсырмасы е әріпін жазу. Бірақ біздің алдымызд қалам не дәптер жоқ көрдіңдер ме. Есек бізге е әріпін жазудың басқа жолын ұсынады. Ең алдымен е әріпін ауада жазу. Жоғарыдан төменге  тік сызық  сызық,                               жоғарынан оңнан солға қарай қысқа сызық жасаймыз.

                     Ортасынан бір сызық және де төменен бір сызық жасаймыз. Жарайсыңдар.

                  Сендердің алдарында тәрелке ішінде  манка  ұнтағымен. Манка ұнтағына Е дыбысы жазамыз. Керемет балалар жазып болса, тәрелкемізді үстел шетіне қоямыз.

                   -Есек: Қандай тамаша балалар. Мен өте қуаныштымын. Сендер неткен білімді, тәртіпті балаларсыңдар.Онда мен сендерге келесі ертегі жол көрсетейін. Сау болыңдар балалар.(Экраннан карта суреті көрсетіледі)

                 8. «Ертөстік» -Сәлеметсіндер ме балақайлар. Мен Ертөстікпін.Балалар сендер қандай сүйкімді едіңдер. Менің сендерге берер тапсырмам жоқ.Бірақ  менімен  бірге, бір серігіп алайыңдар.

                  «Сергіту сәті» орындалады.

                        

               - Ертөстік: керемет балалар сендермен жақсы көңіл көтердім. Сендерге  келесі ертегілер еліне бағыт көрсетейін. Сау болыңдар.

                      (Экраннан карта суреті көрсетіледі)

                 9. «Ертемір» ертегісін кейіпкері

               -Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен Ертемірмін. Менің еліме қош келдіңдер. Олай боса менің тапсырмамды мұқият тыңдаңдар. Е әріпене байланысты сөзге дыбыстық талдау жасау.

                    Балалар сендер мен тапсырманды жақсы орындайды деген  сенімдімін.

           

               -Тәрбиеші: Балалар Ертемірдің тапсырмасы сендердің алдарында. Үстелдің оң жағындағы қағаз жазылған сөздерді оқып, дауыссыз, дауысты дыбыстарды текшелер арқылы ажыратамыз. Маған тақтаға бір бала келеді, қалғанымыз өз орынымызда                                 орындаймыз.Бізге берілген сөздер: Емен, еден, есек, ермек, ер,ел-дыбыстық талдау жасайды.

                   Емен- 2 буын, 4 әріп,4 дыбыс. 2 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс.е-дауысты, м,н-дауыссыз.

                   -Ертемір: Жарайсындар балалар..Келесі ертегілер еліне бару бағытын көрсемін. Сау болыңдар.(

                    (Экраннан карта суреті көрсетіледі)

               10. «Еліктің лағы»

                -Сәлем достарым. Мен елікпін. Балалар менің сендерге арналған қызықты ойыным бар. Тақтада тұрған дыбыстарды  дауысты, дауыссызға  ажыратып жинақтап беріндер.Сәттілік.

                 Тәрбиеші: Балалар еліктің бізге дайындаған ойынын біздің тақтамызда.

                  Тақтада тұрған дыбыстарды  дауысты, дауыссызғаажыратып жинақтап беріндер

                    Тақтаға қол көтеріп, кезек-кезек шығамыз.

 

               -Елік: Балалар сендер білімді екенсіңдер.Ертегілер елінде саяхаттарын көңілді болды деген сенімдемін.

                 Сау болыңдар!

              Рефлекция:(Смайлкпен қортындылау )

             -Оқу қызметінен алған әсерлерін смайлик арқылы көрсетеді.

             Тәрбиеші:Олжабек А.Б.

 

Жаңартылған күні: 04.06.2021 12:42
Құрылған күні: 04.06.2021 12:57

Текст