Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚКқазыналық кәсіпорны
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП "Ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Орта - үшінші педагог

    Балалардың дамуындағы маңызды факторлардың бірі – олардың қабілеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.  Баланы  жан-жақты дамытудың тиімді жолдарының бірі, бала қабілетін арттыратын қолайлы заттық кеңістік дамытушы ортасын ұйымдастыру, құру болып табылады.

   Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – балаға заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын,

өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз  ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар ортаның болуы.

    Дамытушы ортада бала ересектердің өзіне деген мейірімді қарым-қатынасын, дербестігін ынталандыруын, жеке басын құрметтеуін, балаға қиын сәттерде қолдау көрсетілетінін сезіне білу керек.

Дамытушы ортада балаға өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік ала алуы тиіс.

   Баланың танымдық қабілетін арттыру барысында  мұражай, кітапхана, театр, саябақ, мектептерге бару айналасындағы қоршаған ортаны танып білуге мүмкіндік береді.

 

 


Текст