Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мамандармен ұйымдастырылған жұмыстар

  

          Жас мамандармен ұйымдастырылған жұмыстар

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімдердің қолында»

                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев.

 

Мақсаты:

             Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазір оқыту талабына сай педагогтарды дайындау.

Міндеттері:

  1. Әрбір жас маманның педагогикалық шеберліктерін дамыта отырып,технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру.
  2. Жас мамандардың теориялық білімдерін балабақша практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
  3. Жас мамандардың қазіргі қоғамдағы рөлін арттыру,олардың құзырлығын дамыту.
  4. Жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру,оларды қолдану және ынталандыру.
  5. Тәрбие білім берудің жаңа бағдарламаларын,оқу жоспарын,мемлекеттік білім стандартын,әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру жұмыстарын жүргізу.
  6. Оқу сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін,тиімділігін жетілдіру.
  7. Әдістемелік апталықтар,күндер ұйымдастырып,тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі рөлін арттыру.

 

               Жас мамандардың алдында қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып,білімді,ізденіпаз,талапты азамат етіп тәрбиелеу.Сондай ақ-ұстаз деген ұлы есімге лайық болу.Ұстанатын қағидасы:Терең судың пайдасы мен қатар залалы да бар.Одан сақтану үшін шәкірттерді еркін жүзе білуге үйрету.Жас мамандар жоғарыдағы эпигрофты әркез естен шығармай,жақсы шәкірті бар, саналы азамат тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуге лайықты жалынды жастар. Балабақшаға келген жас мамандар алдымен балабақшамен,ұжыммен танысады. Тәлімгер жетекшілер тағайындалып,жылдық жоспар бойынша жұмыс жасайды. Жас маманнның өзінің және тәлімгер – жетекшісінің жоспары жасақталады. Тәрбиеші портфолиосын жасауға,күнтізбелік және ұйымдастырылған оқу қызметінің  жоспары және өзіндік білімін көтеруге жоспарларын жасауға жетек - шілер бағыт береді. Іс-қағаздар,балалардың қатынас дәптер толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек берілуі керек. Жас мамандарды сабақтарға сараптама жасап үйретіп отыру қажет.Жыл басында жылдың соңында сауалнамалар жүргізіліп,қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп,шешімін табу көзделсе тіпті жақсы.Жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып,заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйретіп отырған жөн.

Жастарды ақпараттандыру техникасына сай бейімдеп,интерактивті тақтаны пайдалануды іске асыруды қолға алғанда жас мамандар оқытудың жаңа технологияларына бетбұрыс жасайды.

  Бүгінгі жас маман-ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын,олардан үлгі алатын,шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына балабақша ұжымында ықпалы зор.

Жаңартылған күні: 02.10.2020 11:35
Құрылған күні: 02.10.2020 11:35

Текст