Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚКқазыналық кәсіпорны
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП "Ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Ойын арқылы оқыту

 

 «Ойын ойнап, әнсалмай, өсер бала бола ма?»

     Абай Құнанбаев

       Баланың бірінші әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Жас баланың өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.
      Баланың қуанышы мен реніші ойын кезінде анық байқалады, сонымен қатар
құрбыларымен тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды. Ойын – балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, өмірге ең қажет қасиеттерге тәрбиелейді, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын арқылы баланың бойына адамдық қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады.
     Бөбекжайдағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

     Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.      


Текст