Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚКқазыналық кәсіпорны
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП "Ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»

Білім саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»

ҰОҚ мақсаты:                                                                                     

Дене шынықтыру сабақтарында денсаулық сақтау технологияларының түрлерін қолдану,жылдамдық,ептілік және күштілік қасиеттерін, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Балалардың қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

ҰОҚ әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс, көркем сөз.

ҰОҚ көрнекілігі: музыка әуені, жұмсақ модульдер,себет,бұдыр жол, іздер, массажды жолдар,тыныс алу жаттығуларына арналған заттар, үйіңкі, күзгі жапырақтар.                                                                                                                     (дене шынықтыру залы сабақ тақырыбына сай безендірілген).

ҰОҚ барысы: Музыка әуенімен  балалар дене шынықтыру залына кіреді. 

Д/ш нұсқаушысы: - Сәлеметсіңдер ме,  балалар!

Балалар:- Сәлеметсіз бе!

Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, қараңдаршы біздің дене шынықтыру залы қандай әдемі!  

 

Ал, ендеше біздің бүгінгі қонағымыз

Орман ханшайымы: (музыка әуенімен кіреді)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!  Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Д/ш нұсқаушысы: - Сәлеметсіз бе, Орман ханшайымы! Біздің балабақшамызға қош келдіңіз!

Орман ханшайымы: -  Рахмет , балалар. Мен де сендерге сыйлық алып келе жатқам.  Өкінішке орай, сиқырлы сандығымды қарақшысы алып, тығып қойды (ренжіп тұрады). Балаларға енді қандай сыйлықтар беремін?

Д/ш нұсқаушысы: - Орман ханшайымы, сен ренжіме. Біздің балалар сандықты тауып алуға көмектеседі. Солай   ма,балалар?

Балалар: - Иә, көмектесеміз.

Д/ш нұсқаушысы:  - Балалар,  сандықты  шығар алдында біз ,  ең алдымен бойымызға күш қуат жинап алайық.     

 

Музыка әуенімен балалар, сары ленточкаларды алып сап бойымен  солға қарай аяқтың ұшымен, өкшемен,  баяу бір қалыпты, шапшаң жүріп,  жүгіріп, ленталарды  айналдырып, иықты алға, артқа созып, жоғары көтеріп, төмен түсіреді. Үш қатарға тұрады. 

 

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.   

  1.  «Толқын»  Б.қ.: лента ұстаған қолдар төменде.

Жаттығу: 1 – лента ұстаған қолдар алда. 2-3- бір уақытта қолдармен жоғары-төмен қимылдар жасау. 4 – Б.қ. келу.

  1. «Еңкею» Б.қ.:аяқтың арасы аздап ашыңқы, лента ұстаған қолдар төменде. Жаттығу: 1 – алға қарай еңкею, қолдарды түзу ұстап, лентаны артқа қарай апару; басты түсірмей, тура қарау, тізені бүкпеу. 2 – Б.қ.келу.
  2. «Өрмекшілер»  Б.қ.: арқаға жату,лента ұстаған қолдар  дене бойында, аяқтар түзу. Жаттығу: 1 – бір уақытта қолдарды да, аяқтарды да  айқастыратындай етіп, көтеру. 2 – Б.қ.келу.
  3. «Отырып-тұру»  Б.қ.: лента ұстаған  қолдар төменде, түзу тұру. Жаттығу:1 – аяқтың ұшымен отыру, тізелер екі жақта; лента ұстаған  қолдар алда. 2 – Б.қ.келу.
  4. «Алға –артқа»  Б.қ.: түрегеп тұру,  лента ұстаған қолдар төменде, аяқтың арасы иық деңгейінде.

Жаттығу: 1 – 3 –қолдармен желбірету, бір қол алда, екіншісі артта, 4 – Б.қ. келу.

         

Музыка әуенімен жаттығуларды орындап болған соң, балалар бір саппен жүріп, сары ленточкаларды орнына қояды.                                                                               

Д/ш нұсқаушысы: - Қандай керемет! Балалар, бойымызға күш жинадық па?

Орман ханшайымы: -Керемет, қандай тамаша! Көңіл - күйім көтерілді.

Д/ш нұсқаушысы: - Балалар, жолға шығуға дайынсыңдар ма? Сендер кедергілерден қорықпайсыңдар ма?

Балалар: - Иә, дайынбыз!  Қорықпаймыз.

Жолға шығайық (музыка әуенімен).

  1. Кедергі  «Іздермен өту»
  2. Кедергі   «Бұдыр жолмен жүру»
  3. Кедергі   «Массажды жолмен жүру»

       

Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, міне орманға да келіп жеттік

-Сендер сондай алғыр, батыл, шапшаң, зерек балалар екенсіңдер. Бірақ сендердің орман қарақшысына шамаларың жетпейді, деп қорқамын. Мен сендерге көмектесейін. Орман қарақшысы ақшаны, яғни жылтыраған алтын теңгелерді жақсы көреді. Сондықтан мен сендерге «Теңге алу»

        

Қарақшы:  -Бұл кімдер? Сендер ме , балалар, менің тыныштығымды бұзған? Орманға неге келдіңдер?

               

Д/ш нұсқаушысы: -Орман ханшайымының сиқырлы сандығы сізде, - деп естідік.  Біз үлкен кедергілерден өтіп, сізге де жеттік. Сиқырлы сандығымызды қайтарыңыз.

Қарақшы:  - Сандық менде. Бірақ менің де сендерге  тілегім бар, соны орындасаңдар, сандықтарыңды қайтарамын.

Бала:  -Тілек пе? Біз алтын балық емеспіз ғой, ертегідегі алтын балық сияқты

тілектерді орындайтын.

Қарақшы:  -Ал, сендер тырысып көріңдер.

Д/ш нұсқаушысы: - Қарақшының тілегін орындап көреміз  бе, балалар?

Балалар: - Иә, көрейік.

Қарақшы: -Қазір мен сендермен күн мен жаңбыр ойынын ойнаймын!

Күз ханшайымы:

 - Балалар,біз жаңбырдан қорықпаймыз ғой.Жаңбырдан қалай жасырынуын білеміз бе?

Балалар: - Иә, білеміз.

 

Қарақшы: - Жарайсыңдар, мені қатты  қуанттыңдар! Тілегімді орындап бердіңдер. Уәде берген соң, мен де сендерге сиқырлы  сандықты берейін. Бірақ та балалар, ол сандық жапырақтардың астында қалды. Балалар, үйінкінің үстіндегі жапырақтарды ұшырайық. Сендер көмектесесіңдер ме? 

Балалар: - Иә, көмектесеміз! (Тыныс алу жаттығу орындалад

Қарақшы:

-Міне балалар, сандықтарың (сандықты тапсырады)

Д/ш нұсқаушысы:

-Қарақшы, сен неге мұңайып қалдың?

Қарақшы:

-Сандықтарыңды бергесін, менің қазынам босап қалды.

Д/ш нұсқаушысы:

-Сен мұңайма, біз орманнан көп теңге жинап алдық. Бізге ол қажет емес, бізге достық артық. Балалар, біз қандай мақал білеміз.

Балалар:

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

Қарақшы:

-Рахмет сендерге, балалар!

(қоштасып кетеді).

      

Орман ханшайымы:-Балалар, сиқырлы  сандық табылды. Керемет!  Балалар сиқырлы сөздерді оқып, сандықшаны ашуға болады (балалар хормен  сиқырлы сөздерді  оқиды).

Сағына сені күттік біз.

Сандықшаң ашылсын,

Ішінен нұры шашылсын!

    Орман ханшайымы: -Міне, қараңдаршы сандықшам ашылды  (сандықшаның ішінде    

    балаларға арналған сыйлығын тапсырады).

-Рахмет сендерге, балалар!  Ал менің баратын жерлерім бар. сендер өте өнерлі, білімді бала екенсіңдер.  Маған орысша, ағылшынша қалай қоштасу  керек екенін үйретесіңдер ме?

Балалар үш тілде қоштасады:-Сау болыңдар!

    Д/ш нұсқаушысы:  Енді сүйікті балабақшамызға оралуға болады. Балалар сап бойымен  тұрады. Сабақ қорытындысы.

    Д/ш нұсқаушысы: - Балалар, бүгін сендер  Орман ханшайымға  көмек көрсеттіңдер. Сендерге    

    саяхат ұнады ма? Сұрақ-жауап арқылы қорыту. Әрдайым мейірімді болып, қиын сәттерде 

    бір-біріңе жәрдем бере біліңдер. Қоштасып, топқа шығарып салу.


Текст