ІТ бағытындағы заманауи бөбекжай
Калжанова Елизавета Абдирахмановна
«Zerek» бөбекжайының әдіскері
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа инновациялық технологияларды көптеп енгізуге көңіл бөлінуде. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Осындай құралдардың бірнешеуі: «Робототехника», «Stem технологиясы», «Интерактивті құм жәшігі», «Сколодром», «Сенсорлы бөлме» кабинеттері біздің Көкшетау қаласындағы «Zerek» бөбекжайында кеңінен қолданысқа ие. Бөбекжайда оқу-тәрбие процесіне қажетті ІТ бағытына бағытталған заманауи технологияларға жағдайлар толық жасалған. Материалдық-техникалық базамыз бүгінгі күн талабына сай балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты толықтырылған. Оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу қашанда бірінші кезекте тұратын мәселе. Осындай қажеттілікті өтеу жолындағы педагог-тәрбиешілердің еңбегі ұшан-теңіз. Осы орайда бөбекжай тәрбиешілері жоғарыда аталған жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, зерделеп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, кабинеттерде өздері жұмыс атқаруда. Бұл кабинеттердегі заманауи технологияларды қосымша үйірме жұмыстары ретінде іске асырып, қажетті әдіс-тәсілдерін күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде де пайдаланады. Заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу саласына енгізілген жаңа технологияларды педагогтар меңгеріп қана қоймай, оны шеберлікпен қолдана отырып, қалалық семинарларда іс-тәжірибелерімен алмасуда. Педагогикалық шеберліктерін іс-тәжірибеде қолданып, әдістемелік нұсқаулықтар дайындауда. Алдағы уақытта әдістемелік нұсқаулықтарды қала, облыс деңгейінде қорғап, басқа да балабақша тәрбиешілерімен бөлісуді жоспарлауда.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылықты қабылдауы танымдық және практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты. Біздің педагогтарымыз балаларға ойын арқылы білім беруде:
Еліміздің ертеңгі болашағы – өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан, ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау басты міндетіміз. Алға қойған мақсатымызды орындай отырып, егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде баршамыз тыңғылықты, үздіксіз еңбек ету жолындамыз.