Конкурсқа тапсыратын құжаттар:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Zerek» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Көкшетау қ. 17.06.2022 ж.
Күн тәртібі:
Комиссия құрамымен таныстыру;
Конкурсқа қатысушы үміткердің құжаттарын қарау;
Конкурстың нәтижесін қорыту.
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Zerek» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны декреттегі тәрбиешінің орнына уақытша тәрбиеші лауазымының бос орнына ашық конкурс отырысының
№02 ХАТТАМАСЫ
Көкшетау қ. 17.06.2022 ж.
Өткізілетін орны: Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Zerek бөбекжайы" МКҚК ғимараты, меңгерушінің кабинеті.
Өткізілу уақыты: 2022ж.17.06 сағ. 15.00
Қатысқандар: А.И.Каппасова, Д.С.Рахмонбердиева, Б.Ж.Кибатова, А.С.Нурбекова, С.Т.Сапиева.
Қатыспаған: Р.К.Акаева.
Күн тәртібінде:
Комиссия құрамымен таныстыру;
Конкурсқа қатысушы үміткердің құжаттарын қарау;
Конкурстың нәтижесін қорыту.
Барысы:
Хатшы:
Күн тәртібімен, комиссия құрамымен таныстырды.
Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Zerek бөбекжайы" МКҚК декреттегі тәрбиешінің орнына уақытша тәрбиеші лауазымының бос орнына ашық конкурс интернет ресурс арқылы 07.06.2022ж. жариялаған еді. Хабарлама 2022ж 08.06-16.06 интернет желісінде болды. Нәтижесінде бір үміткер құжаттарын тапсырды. Ол Токбаева Эльвира Жолдасбековна.
Комиссия құрамы тапсырған құжаттарын қарап 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағын толтырып, қорытындысы шығарылды.
ШЕШІЛДІ:
Үміткердің аты жөні Атқаратын лауазымы, мөлшерлемесі, жұмыспен қамту түрі Қорытынды орташа балы Қабылдауға дауыс беру қорытындысы Қабылданған шешім
иә қарсы қалыс қалды
Токбаева Эльвира Жолдасбековна Уақытша декреттік орындағы тәрбиешінің орны, жұмыс уақыты 5,4 сағ., штаттық кестеге сай, 3 ай сынақ мерзімімен 9,5 балл 4 0 0 қабылдау