Дәстүрлі емес дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Cиқырлы жолдар»
Мақсаты:
Білімділік: жалпақ табанның алдын алу бойынша жаттығуларды дұрыс орындауға,
жаттығуларды орындау кезінде табынды дұрыс қоюға, бірлесе командамен жұмыс
жасауға, түрлі кедергілер арқылы жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету.
Дамытушылық: Жылдамдық, ептілік және күштілік қасиеттерін, бармақтардың ұсақ
моторикасын, табанның негізгі функцияларын, қимыл-қозғалыс шеберлігі мен
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа,
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Өткізу түрі: Саяхат
Әдіс-тәсілдері: Саяхат ,түсіндірмелі, көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар таяқшалар, сақиналар, тастар, бүршіктер, таяқшалар,
массажер, әртүрлі заттардан құралған денсаулық жолдары, бұдыр жолдар.
Барысы: Балалар саппен дене шынықтыру залына кіреді.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Д/ш н: – Сап түзел! Тік тұр! - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерін қалай?
Балалар: – Жақсы (осы кезде жел тұрып, Мысық көңілсіз болып кіреді).
Д/ш н: - Сәлеметсізбе, Мысық. Неге көңіл-күйіңіз түсіп кеткен?
Мысық: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Мысық боламын, мен барлық жарыстарға қатысып , жеңімпаз атанатынмын , өйткені менің күшті аяқ киімім болған. Бір кезде қатты жел тұрып, менің аяқ киімімді ұшырып әкетті. Енді мен қалай жарыстарға қатысамын?
Д/ш н: – Мысық сенің көңіл-күйін түспесін. Балалар саған көмектеседі, солай емес пе балалар?
Балалар: - Иә, көмектесміз.
Д/ш н: - Ал, балалар, біз Мысықты көп күттірмей, жолға шығайық. Оңға бұрыл!
Жүруге арналған жаттығулар.
1. «Аққу» – аяқтың ұшымен, табанмен жүру. «Балапан» – өкшемен жүру.
3. «Пингвин» – табанның сыртқы жақтарымен қысқа жүру.
4. «Жыланша» – ирелеңдеп жүру.
Жүгіруге арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру. Балаларға тыныс алу жаттығуын жасатып, демдерін ретке келтіру.
Д/ш н: – Балалар, мына жерде бір жол көрсетілген , алдымыздағы жол үш жаққа кетеді екен. Қанекей, балалар, біз онда үш қатарға бөлініп тұрайық (балалар үш қатарға бөлініп таяқшаларды алып тұрады).
Жалпы дамыту жаттығулары (таяқшалармен орындалады).
Д/ш н: - Ал, біз жолымызды ары қарай жалғастырайық. Балалар, Мысықтың аяқкиімі көрінбейді ме екен? Жолда мұқият болыңыздар. Балалар, қараңыздар алдымызда қандай сиқырлы жолдар күтіп тұр, сол жолдардан ақырын өтейік. Бір қатарға тұрып, бір-бірінің артынан жүріңіздер.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау.
(Балалар әр түрлі заттардан құралған денсаулық жолдарымен жүреді, тас, құм, бөтелке тығындылары, бүршік, түйме, бұдыр жолдар т.б)
Д/ш н: – Жақсы балалар , біз бұл жолдардан да өттік, Мысықтың аяқкиімі бұл жақтада жоқ екен? Мысық біздің жолымыз үш жаққа бөлініп тұр. Біз балалармен үш қатарға бөлініп тұрайық. (балалар үш топқа бөлініп тұрды).
Мысық: - Енді алдымызда бүршіктер шашылып жатыр екен. Сол бүршіктерді маған жинауға көмектесесіздер ме?
Балалар: - Иә , көмектесеміз.
1-тапсырма: «Бүршікті жеткіз» (аяқтың бармақтарымен бүршікті ыдысқа салу).
Д/ш н: - Керемет! Біздің балалар сондай ұйымшыл, бір-біріне көмек беруге әрдайым дайын тұрады.
Мысық: -Дұрыс айтасыңыз. Балалар, өте ұйымшыл екен. Бір-біріне қол үшін беріп тұрған қандай керемет!
Д/ш н: – Жақсы балалар , біз бұршікті жинадық.Енді алдымызда геометриялық текшелер шашылып жатыр. Солардан біз құрылысшылар сияқты үй құрастырумыз керек.
Балалар, дайынсыңдар ма?
Балалар: - Иә , дайынбыз.
2-тапсырма: «Құрылысшы» (балалар отырып қолдарын артына қойып аяқтың көмегімен кубиктардан үй құрастырады).
Д/ш н: - Жарайсыңдар балалар! Біз қаншама қызықты ойындар ойнай отырып, біраз жол жүріп қалыппыз. Мысық саған ойын ұнады ма? Сен де күнде осындай қызықты ойындар ойнап отырсаң, сенің тек аяқтарының шаршағанын басып, сонымен қатар денсаулығынды жақсартып, аяғынға күш береді. Солай емес пе балалар? Балалар енді біз шеңберге тұрайық (қатты жел тұрады Мысықың аяқ киімі желмен ұшып келеді).
Мысық: - Балалар мынау менің аяқ киімім ғой -деп қуанып кетеді (аяқ киімін алып, аяғына киеді). Балалар, сендерге көп рахмет, егер сендер болмасаңдар, мен аяқ киімімді таба алмас едім.
Сендерден көп нәрсе үйрендім, аяққа арналған жаттығуларды енді үнемі орындап отырамын. Балалар сендер шаршадыңдар ма? Енді сендерге демалуға болады (балалар еденге жатады , қолдарын денесінің бойымен түсіреді , нұсқаушы мен Мысық сабын көпіршіктерін үрлейді , балалар аяқтың саусақтарымен жаруға тырысады ).
Д/ш н: -Балалар, сендерге ұнады ма?
Балалар: -Иә , ұнады.
Мысық: - Ал, енді мен үйіме қайтайын уақытым болып қалды - деп қоштасасып кетеді.
Д/ш н: – Балалар, сендерге көп рақмет, біз Мысыққа көмектестік. Егерде сендердің достарынға да қандай да көмек керек болса, көмектеріңді аямаңдар, жарай ма?
Енді біздің де балабақшаға кететін уақытымыз болды, қонақтармен қоштасып топқа барайық. Балалар, сау болыңыздар ! Балалар қоштасып саппен дене шынықтыру залынан шығып кетеді.