Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сурет салу мен құммен сурет салудың айырмашылығы. Тәрбиеші:Мажитова Г.М.

№10 «Таңшолпан» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мажитова Г.М.

Сурет салу мен құммен сурет салудың айырмашылығы

 

Сурет салу өнері мен құм өнерінің ең басты айырмашылығы ол – сезіну болып табылады. Яғни, балапандарымыз тек құмның көмегімен берілген тапсырманы орындап қана қоймай, ең бастысы ұсақ және ірі қол маторикасын дамытады. Ойлау , қиял, зейін, есті факторы жұмыс атқара отырып дами түседі. Танымдық және психикалық процестер баланы өзін жайлы сезіндіріп шығармашылық белсенділігін арттырады.

Құммен сурет салу үшін аса бір өнерді қажет етпейді. Кез-келген бала сурет сала алмаса да, құммен сурет салу үшін еш қиналмайды. Құммен сурет салу ең жеңіл, әрі бала үшін де, ересек үшін де барлық жағынан ыңғайлы.

Құммен ойнау баланың ашуланшақтығын, агрессиясын, жылаңқылығын тоқтатады және бұл кезде қиялды дамытып, балалардың эмоционалдық жай-күйіне жағымды ықпал етеді, даму және өзін-өзі дамыту үшін жақсы құрал болып табылады.

Құммен сурет салу жас талғамайды. Қалаған адам өзінің ойындағы ойларын және сезімін құммен сурет салу арқылы ұштап, серігіп алуына болады. Не болмаса профессионалды тұрғыда құм терапиясы дейміз, құм өнерімен айналыса алады.

Құммен сурет салуда әр адам тынығып, демалып қалады. Бұл жүз пайыз практикалы түрде дәлелденген.

Бала шығармашылығында бұл сала кез-келген тақырыпты қамтиды. Ақын-жазушылардың өлеңдері арқылы көз алдына қандай да бір бейнені елестете отырып шығармасын шыңдай береді.

Зерттей келе, құм терапиясының тек қана балаларымыздың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, бала денсаулығына да жақсы әсерін тигізетінін білгенде сөзсіз құм өнері біздің балабақшамызда болуы керектігін түсіндік.

Баланың құммен ойнаудағы тағы бір пайдасы – бала өзі туралы айтудың, эмоциялық күйзелісін құм арқылы көрсете біледі, ішкі дүниесін сыртқа шығара алады.


 

Құммен сурет салудың тарихы

Құммен сурет салу немесе San-art жанры өткен ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-та пайда болған. Алғашқысында бұл құмдық өнер анимациялық жаңалық ретінде енсе, кейіннен оның қолданыс аясы кеңейе түсті.

Бұл сала Қазақстанда әлі де кеңінен таралған жоқ. Әлі де білмейтін жандардың қатары жетерлік.

Құм анимациясының өзі екі түрде қолданылады. Терапия ретінде және өнер ретінде.

Терапия түрін алар болсақ, ол баланың ұсақ маторикасын, ойлау қабілетін дамытады. Баланы әсемдікке, әдемілікке үйретеді. Баланың шығармашылығын тереңдетеді. Өз ойын толыққанды жеткізе алуына кеңінен мүмкіндік береді. Және де қазіргі таңда бір орында отыра алмайтын гиперактивті балалар көп. Баланы нақты нәтижеге жұмыс жасап, тиянақтылыққа баулиды. 

Құммен жұмыс жасауда, ойнауда, баланың ашуға тез берілуінен, көп жылауықтылығынан, агрессиядан айығады және алдын-ала сақтайды.

Баланың қиялын дамытуда, өзін-өзі дамытуда қазіргі замандағы жаңа технолоияның ерекше түрі болып табылады.

Бала үшін әр өнердің түрі ерекше болғанымен, құммен сурет салу қай жағынан да тигізер пайдасы ерекше. Құм – тек баланы өнерге баулып қана қоймай, медицина тұрғысынан да тиер көмегі ерекше. Қазіргі таңда, көпке таныла бастаған құм терапиясы да қарқын алып келе жатқаны баршаға мәлім.

Бұл өнердің ең қызық жері бала болсын, ересек жан болсын адам талғамайды және сурет салуға деген икемділікті еш қажет етпейді.

Құм – адамды өзіне баулап тартып алады. Өзі сондай жұмсақ ерекше дүние. Әр бала құмды жақсы көріп ойнайды. Бұның қасиеті де сол тартылыс күшінің мықтылығында жатыр. Құмды магнит деп те атауға болады.

Кез-келген жан тылсым дүниедегі ерекшелікті қажет етіп іздегенде құмның қасиетін, жылулығын сезініп, ұстап, өзі қалаған ішкі дүниесін ақтарып байқап көрген жөн.  

Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз  пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.

  Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктерін дамыттым:

● Шығармашылық

● Танымдық

● Интеллектуалдық

● Қарым–қатынас

Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда  маңызды рөл атқарады.

Дәрігерлерді де, мұғалімдерді де балалар денсаулығының біртіндеп нашарлауы мазалайды. Бүгінгі күні іс жүзінде сау балалар мектепке дейінгі жастың 3-4% құрайды. Дені сау баланың тууы сирек кездесетін жағдайға айналды, шала туылған сәбилер саны, туа біткен ауытқулар, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар саны артып келеді. Патологияның өсуіне көптеген себептер бар. Бұл нашар экология және теңгерімсіз тамақтану, ақпараттық және жүйке-психикалық шамадан тыс жүктеме, физикалық белсенділіктің төмендеуі. Ал қозғалыс белсенділігі, өз кезегінде, өсіп келе жатқан организмнің тіршілік әрекетінің қуатты биологиялық стимуляторы болып табылады.

 

 

Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы  сыртқы және ішкі  дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті.

Құм терапиясы дегеніміз - сөз табу қиын болатын нәрсені білдіру, тікелей шешу қиын нәрсемен байланысқа түсу, саналы қабылдаудан қашып кететінді өзіңізден көру мүмкіндігі.

Құм терапиясында өзін-өзі көрсету мүмкіндігі тек сөздермен шектелмейді. Бір таңба немесе сурет жүзден астам сөзді білдіре алатыны сияқты, сіз құрастырған фигура немесе көрініс ауызша сөйлеуге қол жетімсіз сезімдерді, эмоцияларды, қақтығыстарды жеткізе алады. Бұл біздің көпшілігіміз үшін маңызды.

Бұл, әсіресе, қандай да бір себептермен өз тәжірибесін сөзбен айтып жеткізу қиынға соғатындарға көмектесе алады - мысалы, тәжірибесі соншалықты өткір және азапты, олармен тікелей байланысқа түсу қиынға түсетіндерге, сөз әлемінде әлі де өздерін еркін сезінбейтін балаларға.

 

Балалар үшін бұл өз проблемалары туралы сөйлесудің, қорқыныштарын көрсетудің және олардан арылудың, эмоционалдық стрессті жеңудің ойыншық тәсілі. Өйткені, балаға ойын - бұл қажетті, табиғи және сүйікті іс-әрекет.

Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады.

Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі өте зор.

 

 

Жаңартылған күні: 08.02.2021 14:34
Құрылған күні: 08.02.2021 14:42

Текст