Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде балабақшада балаларды тәрбиелеу Орыс тілі мұғалімі: Нурбекова А.С

 

 «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы
 негізінде  балабақшада  балаларды  тәрбиелеу»

 Рухани-мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру - Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жағыру» бағдарламалық мақаласы бойынша жұмыстың басты мақсаты. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы туған жерге, оның мәдениетіне, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікті білдіретін патриоттық бағытты анықтайды.

Заманауи  материалдық  – техникалық базамен жабдықтылған бақшаны басқарып отырған балабақшамыздың меңгерушісі Аягоз Имангазиевна Каппасова қаланың ең үздік балабақша болуына  барлық жағдай жасап отыр.

Ал  педагогтардың міндеті- балалардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, инновациялық технологияларды тиімді қолданып,бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындату,  сапалы білім және өнегелі тәрбиелеу. Осыған байланысты біздің педагогтар және тәрбиенушілеріміз әр түрлі  сырттай республикалық, қалалық және  балабақша ішілік байқауларға белсеңді қатысады.

     1.Балабақша ұжымы қалалық сырттай «Менің халқымның тарихы» атты қалалық байқауға қатысып, 1 орынға ие болды.

2.Қалалық «Ханталапай» сырттай  сайысына қатысып, «Ең үздік фотоколлаж» номинациясынан  жүлделі ІІ орынды иелендік.

3.Өз елінің табиғатын сүю, қорғау мақсатында «Құстар – біздің досымыз» атты қалалық сырттай байқауға қатысып, 2 орынға ие болдық.

4.Қалалық «Балабақшадағы ғылымның STEM технологиясы»атты  сырттай байқауына тәрбиеші Тулегенова Айгерім Азаматқызы катысып, II-дәрежелі дипломмен марапатталды.

5.Қалалық «Тәуелсіз -Ел тұғыры» атты мәнерлеп оқу сайысында № 7 топ тәрбиеленушісі Кайыргелді Әмір қатысып, жүлделі 1 орын жеңімпазы атанды.

6.Қалалық «Менің Қазақстаным» атты сурет байқауына №12 топ тәрбиеленушілері  Амантай Айзере және Башар Айжан қатысып, III-орынға ие болды.

7.Қалалық «Жас суретші» конкурсында «Білгіштер» номинациясымен  бүлдіршіндеріміз марапатталды

8.Қалалық «Таланттар достығы»атты шығармашылық челледжінде белсенді қатысып,  номинацияға ие болдық.

9.Қалалық «Ақмола жұлдыздары» көркем өнерпаздар байқауына белсенді түрде қатысамыз. 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген  «Абай өлеңдері»  атты педагогтар  арасында  мәнерлеп оқу байқауында

Тулегенова Айгерім – 1 орын

Кендебай Айша 2 орынға ие болды.

Балабақша ішілік «Тәуелсіз Қазақстан» мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды және жеңімпаздары анықталды:

Гран при-Кайыргелді Әмір

 I -орын  Елубай Мерей

II-орын Нұрмаш Дінмухаммед

III-орын Алдан Арлан Ринатұлы

Жас маман музыка жетекшісі Раева М.М. халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сезімін ояту  мақсатында «Ұлттық фольклор» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті.

Тәрбиешілер ертеңгілік барысында  бүлдіршіндеріміз Отанға деген сүйіспеншілігін ән және би арқылы  жеткізе біледі.

Баланың рухани дамуы отбасынан басталады. Отбасымен тығыз жұмыс жасаудамыз: әр түрлі кеңестер, сауалнамалар, көрмелер . Әр топ «Рухани жаңғыру- болашаққа апарар жол»  тақырыбына ата-аналармен бірлесіп,көрме ұйымдастырды, үздік жұмыстар балабақша ішілік көрмеге іріктеліп алынды.

Бұл жұмыстардың барлығы біздің Қазақстанымыздың жаңа даму деңгейіне көшудің практикалық іс-әрекеттеріне бағытталған. Біз, педагогтар,қоғамның идеологиялық авангарды болуымыз керек. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, бірігіп жасаумыз керек.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 16.02.2021 18:26
Құрылған күні: 16.02.2021 18:33

Текст