Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

«Алтын күз» №5 «Қошақан » ересек тобы.

22.11.2021

                                                    Алтын күз.

Мақсаты: күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.  Топпен біріге жұмыс жасау  дағдыларын   қалыптастыруТабиғатты сүю, қорғауға қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Қошақан» тобының «Алтын күз» мерекесін  тамашалауға  шақырамыз!
Қош келдіңіздер қонақтар
«Алтын күз» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат  күлкіге  бөлене.
1 Әмірхан
Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырлап.

2 Туғанай

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

3 Нуредин

Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып

Ән: «Колшатыр »

Жүргізуші:.Керемет ,өнерлі екенсіңдер жарайсыңдар!

Келесі кезекті өлең  жолдарына берейік.

Тақпақтар:
4 Асаналі.

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап - қап қауын алдық біз.

5 Таир.

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.
6 . Ясмина

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді
Ән: «Алақай күз келді»

Жүргізуші:Балалар байқадыңдарма сырттан бір дыбыс шығатын сияқты, ол не болды екен.?
Әдемі әуен ойнады

«Күз ханшайымы» кіреді.

Күз ханшайымы:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Мен сіздерге алыстан келдім.мен «Күз ханшайымы» боламын. Мен сендерге бос келген жоқпын, өзіммен бірге досым қоянды ертіп келдім.
Күз ханшайымы:Оның көңіл күйі жоқ екен, оны көңілдендіру үшін не істейміз?

Жүргізуші: Біздің балалар қоянға арнап би билеп бергісі келіп отыр.
Би: «Бұлттар»балалардың  орындауында.

Қоян : рахмет балақайлар бір билеп сергіп қалдым.

Жүргізуші:біздің балалардың сіздерге арналған өлең шумақтары бар тыңдай отырыңыздар

Тақпақ

 7 К.Аиша

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды

8 Айлана

Алақай, алақай

Шаттанады балақай

Береке –салты күз

Мереке –Алтын күз

9.Салима

Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
 

Қоян :Ал балалар барлығымыз бірігіп ойын ойнап сергіп алайық.Балалар менің ормандағы достарыма   арнап сәбіз жинауға көмектесіңдерші. Кәне кім жылдам тереді екен ,ал кеттік.                                                                                          Ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты:Шашылған сәбізді  себетке жинап салу.Тез қимылдап ептілікке баулу.                                                                                                                                   Қоян : Рахмет ,жарайсыңдар.

Жүргізуші:Күз  ханшайымы ,қоян біздің балалар тағыда  көптегіен өлең шумақтарын біледі екен тыңдай отырыңыздар.

10 Аружан

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкемізге  күз келді
Кемелдеисін халқымыз

11. Айсафи

Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр

 Ән: «Күзгі вальс»                                                                                                                         Күз ханшайымы:Балалар қазір күз мезгілі ,күзде ауа-райы құбылмалы болады. Кәнекей барлығымыз «Жапырақтар мен жаңғақтарды жинау» ойынын ойнайық.

            Ойын: «Жапырақтар мен жаңғақтарды жинау»

Мақсаты:Шашылған жапырақтар мен жаңғақтарды екі себетке жинап салу.Тез қимылдап ептілікке баулу. Балаларды екі топқа бөліп ,1 себетке жапырақтар 2  себетке жаңғақтары жинауға шақыру.                                                                                                                                               

Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.

Күз ханшайымы;

Рахмет балақайлар, өнерлі  екенсіңдер.Мен енді  басқа топтарға қонаққа барайын.Ой ұмытып барады екенмен ,балалар менің сендерге арнап әкелген сыйлығым бар. Мен сыйлықты тәрбиешілеріңе берейін, сосын топқа барғасын аласыңдар.Сендер де менің күзгі орманыма қонаққа келіңдер . Мен сендерге келгеніме өте қуаныштымын. Сау болыңдар.

Әдемі әуенмен  Күз ханшайыма қоянды ерітіп залдан шығып кетеді.
Балалар: Сау болыңыздар.                                                                                                                 Жүргізуші:Рахмет балалар,бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз  көңілді өтті. Барлығымыз топқа барып  Күз ханшайымы берген сыйлықты ашайық. Қонақтармен қоштасайық.                                                                                               Балалар : Сау болыңыздар.

 

 

 

 

Мазмұны:

Жауаптылар:Искакова Ш.С

Кальянурова М.Т.

Жүргізуші:Искакова С.Ш

Алтын күз:-Мадина

Қоян:-Саия

Ән: «Колшатыр »

Ән: «Алақай күз келді»

Ән: «Күзгі вальс»                                                                                                                         

Би:Бұлттар

Ойындар: «Кім жылдам» «Жапырақ пен жаңғақтарды жинау»



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 22.11.2021 11:56
Құрылған күні: 22.11.2021 11:56

Ұйымдар тізімі
Текст