Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош, балабақшам!

03.06.2024

«Айгөлек» мектепалды тобының «Қош бол, балабақшам!» атты ертеңгілігі.

Мақсаты:

Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау, мектепке деген көзқарасын қалыптастыру. Балалардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту. Үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Залға кеменің дауысы естіледі: Ортаға «Бортсерікпен» бірге балалар келеді.

Бортсерік: Сәлеметсіздер ме? Міне бүгін біз «Зерек» бөбекжайына келіп тоқтадық, сіздерге тағы жаңадан кішкентай бүлдіршіндерді алып келдім. Осы балаларға жақсы тәрбие беріп, ақылды , шығармашыл, еркін, жан-жақты мектепке дайын балалар тәрбиелеп шығарады деген сенімдемін. Ал сіздерге сәттілік тілеймін. 3 жылдан кейін балалар мектепке дайын болған кезде сіздермен қайта қауышамыз.

Жүргізуші: Жақсы, сенімінізді ақтауға тырысамыз. Ойыншықтар әуені қосылады: Балалармен көрніс қойылады.

Жүргізуші: балалар , қәне бір көңілді әуен ойнап алайық.

Оркестор: Шылдырмақ

Әлди-әлди әуені қосылады , балалар түскі ұйқыға қамданады. Балалар ұйықға кеткенде , Ата -аналармен ойын ритмика.

Жүргізуші:

 Әр балаға мінездеме айтып ортаға шақырады.

1.Алтыннан ардақты

Күмістен салмақты топтың  әнші жігітті- _Айдархан______

Ай десе аузы бар

Күн десе көзі бар бақшамыздың сұлуы- __Амира_____

3.Асқан білімді болатын

Жақсы мақтау алатын бақшамыздың білімпазы- _Қасымжомарт______

3.Ақылына көркі сай

Біліміне өзі сай бақшамыздың сұлу қызы- _Адия______

5.Әдемі ән айтатын

Көңілді боп үйге қайтатын бақшамыздың көңілді бүлдіршіні-  С Али_______

6.Бойына жиған өнерді

Әнші, биші өнерлі  өнерпазымыз- __Адина_____

7.Отбасының берекесі

Ата-анасының еркесі- ___Кир____

8.Аспандағы жұлдыздай

Жағадағы құндыздай бақшамыздың ай-жұлдызы- __Айзере_____

9.Өзі шебер , ақылды

Би: Вальс

Жүргізуші: Өлең жолдарымен ортаға А.Алихан бастаған топты шақырамын.

1.Алихан А

Құрметті    қонақтар,    армысыздар,

Бәріңіз    де    есен    сау   бармысыздар?

Қоштасатын   күн   келді   бақшаменен,

Апайларға   айтатын   алғысым   бар.

Ақ   тілекті   ағытып   бір   тастайық,

Қоштасатын   әнімізді   бастайық

Әдеп   пенен   өнегені   үйреткен

Бақшамызды   есімізде   сақтайық!

2.Эльзана

Бақшадағы   күндерді

Есімізге   сақтаймыз

Тәрбиеші   еңбегін

Бәріміз   де   ақтаймыз

Бақшамызды    ұмытпай

Келіп -   кетіп   тұрайық

Сондай   кезде   апайлар

Қалады   ғой   қуанып

3. Амели

Үлкендердей   тап - таза

Жазамыз   бормен   тақтаға

Үлгілі   бала   боламыз

Жүретіндей   мақтана

4.С . Али

Алты   жасқа   толамыз

Әдепті   бала   боламыз

Қуантып   ата-ананы

Мектепке   кетіп   барамыз

Мектеп   біздің   панамыз

Мектеп   біздің   анамыз

Ұлағатты   ұстаздан

Оқып,  білім   аламыз

5.Арсен

Үңілсеңдер   сырына

Санамақтың   түрі   көп

Есептеңдер   мұны   да

Сондайлардың   бірі   деп:

Бір   дегенім   -білім

Екі   дегенім -елім

Үш   дегенім-  үміт

Төрт   дегенім  -түлік

Бес   дегенім-  бесік

Алты   дегенім-  асық

Жеті   дегенім  -желім

Сегіз   дегенім  -сенім

Тоғыз   дегенім  -төзім

Он   дегенім-  өзім.

Жүргізуші:

Қәне , балалар бәріміз  «Тәрбиеші апай Зерегім» әнің бірге шырқайық.

Кейіпкер : Қарақшы – Фарида Қалқамановна.

ААААА, мына алтын сандықтың кілтін мен таппай, аша алмай  әуре болып жүрсем «Зерек» бөбекжайынын өзенің түбінде екен ғой.

Қәне кілті беріңдер алтын сандықты ашайын.

Жүргізуші:

Қарақшы бұл не деген тәртіпсіздік, не амандық, не саулық жоқ қандай кілті туралы айтып тұрсыз?

Қарақшы : Ой сенің білмей қалғаның , осы алтын да байлықта асыл тас та барлығы « Зерек» те емес па?.... Хахахахаха

Жүргізуші:

Иә, дұрыс айтасыз алтын да асыл тас та байлықта бізде , бірақ байлық дегеніміз біздің балаларымыз, алтын дегеніміз біздің тәрбиеміз, асыл тас гаухар тас дегеніміз біздің балаларға беріп жатқан біліміміз.

Қарақшы:

Ой мен құр қалды десеңдерші, не керегі бар бұның....

Жүргізуші:

Қарақшы сіз олай айтпаныз, білім сіздің күні қаран...

Сіз оданда бізбен бірге болып бүгін мерекелік кешті тамашалаңыз бүгінгі мерекеден байлықтың түр – түрін көресіз...

Қарақшы: оооо жарайды байлық болса болды маған...

Жүргізуші:

Олай болса біздің қыздардың биін тамашалайық.

«Морьяк» би

Кезекті балалардың өлең жолдарына берейік ортаға Алихат бастаған топты шақырамын.

6.Алихат
Нағыз   білім   ырыс    бақ,
Дүниені   тұр   ұстап,
Енді   біздер   сабаққа,
Кірісеміз    дұрыстап.
Тәрбие   берген   ұямыз,
Тәртіпті   бала   боламыз
Қоштасып   даярлық   топпенен
Біріншіге    барамыз.

7. Салауат
Әліппеден   әріп  танып,
Алғаш   рет   оқимыз.
Тәрбиеден   тәлім   алып,
Санамызға   тоқимыз.
8.Адина
Ән   салайық   бас   қоса
Даярлықпен   қоштаса.
Қалам,   дәптер,   өшіргіш,
Кітаптармен   қоштаса.

9.Адия
5 болсын   алар   бағамыз,
Білімнен   бақыт   табамыз.
Өнер-білім   көп   тоқып,
Өсе   берсін   санамыз.

 

10.Муслим
Мектеп   қамқор   анамыз,
Оқып,   білім   аламыз.
Өнерпаз   боп   өсетін,
Біз   оқушы   боламыз.

 

Алтын Балық : Д.Мөлдір

Әсем әуенмен ортаға алтын балық келеді.

Сәлеметсіндер ме балалар , мен алтын балық «Зерек» өзенің патшайымын. Балалар қараңдаршы мен бір кілт тауып алдым бірақ сандығы жоқ. Сіздер кілті жоғалтпадыңыздар ма?

Қарақшы:
Оооооооо бұл менің кілтім . Жақсы болды.

Жүргізуші:
бұл біздің топтың кілті, сандықта біздікі.

Қарақшы:
Жарайды , жарайды ең бастысы ашып көрейікші  осы сандықты.

Сауат ашу

1.Үйін тап дауыссыз және дауысты әріптерді тап.

2. Буындап оқы.

3. Сөз жаз, тез жаз

4.Сөйлем  құра.

Қарақшы:

ООО сендер күшті біледі екеңсіндер, керемет мен біраз үйреніп алдым.

Жүргізуші:
Көрдін бе қарақшы , біздің балалар қандай ақылды. Қәзір біз сізбен бірге әріптерді ән арқылы үйренеміз. Ендіше қәне балалар бәріміз бірге « Әліппе» әнің шырқайық.

Алтын балық:

Балалар, сендермен бірге уақыт тез әрі көңілді өтуде , бірақ мен өз патшалығыма кетіуім керек...Қош сау болыңдар.

Жүргізуші:
Кезекті балалардың өлең жолдарына берейік ортаға Айзере бастаған топты шақырамын.

11.Таир
Ойыншықты    жинаймыз
Бөбектерге   сыйлаймыз
Үлкен   болып,   өсекте,
Бақшамызды   қимаймыз
12.Айзере
Бірге   ойнап,   бірге жүрген,
Күндерімді   қимаймыз.
Естелік   болсын   біздерден,
Мына   ойыншықты   сыйлаймыз.

Қуанышымыз   біздің   мол
Мектепке   біз   тарттық   жол
Ұмытпаймыз   өзіңді
Балабақшам   қош  сау   бол!

13.Марьям

Біздің топ әдепті

Бәріне көмек береді

Біздің топ әрқашан

Жетістікке жетеді

Алғашқы боп жүреді

Апайлар барлығы

Бізді мақтан етеді

14.Қасымжомарт

Балабақша базарлы үй

Қаладағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты

Өз үйім сияқты

Балабақша үйіміз

Сені жақсы көреміз

Үлкен болып өскенде

Еске алып жүреміз

15.Тахмина

Мен бақшаға барамын

Ойнаймын ән саламын
тәрбиеші апайлар

Досы барлық баланың

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай мәпелеп.

Ойын әріптер: Гүльжаухар

Қарақшы: сандықты ашып ішінен керек емес заттарды ашып ойнай бастайды...

Жүргізуші:

Қарақшы бұның не?

Қарақшы енді не ? Осы заттар сандықтаң шығып жатса менің кінәм не?

Жүргізуші:

Әй қарақшы өзін тек   Жеңілдін  астымен

                                       Ауырдың үстімен жүргенді жақсы көреді екенсің....

Сен оданша мына затты қара .

Қарапайым математиака кітап шығады....

1.Тақтамен жұмыс 10 тура және кері санау

2.Көршісін тап

3.Есептер шығару

4. Пішіндер

16.1 саны-Амина
Мені   келсе   білгің
Мен   таяқша   бірмін
Барлық   санға   жол   бастап
Ең   басында   тұрамын
 17.2 саны-Амира
Бірден   кейін   тұрағым
Бірден   кейін   тұрамын
Бірді-бірге   қосқанда
Мен   шығамын   шырағым

18.Анара

Біз кішкентай бүлдіршін

Бақыт сыйлар ұл қызбыз

Қуанышты көңіл күй сыйлар

Мерекегк қош келдіңіз

Бақшамыз бар таң қалдырар

Өнерімен тамсандырар

Бүлдіршінбіз жан шуақты

Ән мен жырдан нәр алдырар

19.Султан
Қуан,   шаттан   алақай,
Қуанатын   күн   бүгін.
Бұл   қуаныш   себебін,
Бізге   қарап   ұғарсың,
Ер   жетті   деп   бөбегім,
Ата -анамыз   қуансын

Қарақшы:

ооооо жақсы болды енді ақша санайтын болдым , байлығымды артыратын болдым , білім деген шынымен байлық екен ғой.

Жүргізуші:

Ал енді , қарақшы біздің ұлдардын биін үйреніп алыңыз.

Би: ұлдар
Қарақшы: Ал балалар сендерге үлкен рахмет... 
Мен білімнің байлық екенің түсіндім бағана сіздің айтқан сөзіңіздің жаны бар екен «Білімсіздің күні қаран» дегеніңіз дұрыс екен.  Ел айтпақшы  «Зерек» өзені тұнып тұрған қазына екен. Сіздер балалар мектепке барады екеңсіз дер , оооо орындарын босайды, мен тез достарымды «Зерек» бөбекжайына жинап алып келейін бізде білім алайық. Ал орын бітіп қалмай тұрып барайын . Сау болыңыздар....

Жүргізуші: Кезекті балалардың өлең жолдарына берейік ортаға Аиша бастаған топты шақырамын.

20.Аиша

Құрметтеуге   лайық

Аягоз   Имангазиевна   дейтін    анамыз

Бар   балаға   мейірімді

Қамқорымыз ,  панамыз

Ақылын   тыңдап    ұғынсақ

Ашылар   әркез   санамыз

Аман    болсын    қашанда

Ақылы   аспан   данамыз

21.А.Али

Тәтті   тамақ   пісіретін

Айран   сүтін   ішкізетін

Аспазшылар   сіздерге

Айтамыз   бізден   мың   алғыс

22.Кир

Ақ   төсекке   жатқызып

Қайнаған   су  әкеліп

Іш   деп   дәрі   береді

Витамин   жеп   қолынан

Өскен   сәби   баламыз

Карапа   Еркеновна   сізге

Алғысымыз   көп   біздің

23.Алихан Ж

Күлімдеген күн нұрындай

Елизавета Абдрахмановна анамыздай

Білім менен тәрбиенің

Ордасына айналған
бақшамыздың мақтанышы

Биік ұстар ар намысты

Біз балдырған ұлдармыз

Шырқайтұгын ән мен жырды.

24.Алия
Жайдары   жүз,   ай   қабақ
Жүреді   бізді   ойлап
Тобымызға   жиі   кеп
Білгеніңді    сұрайтын
Ақыл   айтып   тұратын   Дильфуза  Сапаргалиевнага көп рахмет.

25.Айдархан
Бұл жерде достарменен танысамыз

Әр түрлі ойын ойнап жарысамыз

Бұл жерде жақсылыққа үйренеміз

Жамандықтан алыстап жійренеміз

Күн шығып күн батқанша.

Әуен қосылады:

Тренд ; балалар би билейді.

Толқын , судың дауысы , кеменің дауысы естіледі.

Бортсерік келеді.

Сәлеметсіздерме, балалар әне – міне дегенше 3 жыл уақытта өтті , сіздер қандай үлкен азамат пен азаматшалар болып кеткен сіздер . осыдан 3 жыл бұрын «Зерек» атты өзенге келіп сіздерді қалдырған кезде кіп – кішкентай бүлдіршін едіндер. Ал міне бүгін сіздер мен бірге «Мектеп» атты үлкен мұхыйтқа жол тартатын уақыт келді.

Жүргізуші:

Мен   үшін   бәрің    бірдей   қарақтарым,
Орындалсын   арман   тілек   талаптарың.
Ақ   парақтай   келдіңдер   сәби   болып,
Ұғындым,   әрбіріңді    парақтадым.
Өткіздік   талай   күнді,   талай айды,
Уақыт   сырғып   артқа   қарамайды.
3 жыл   бойы   сендермен   бірге    болдым,
Өткіздік    талай   қызық,   талай   жайды
Ірге   тасын   қаладым,   білім   бердім,
Саналы    ұл-қыздарым    бүгін   менің.
Ортада    тұрған   осы   шәкірттердің,
Көрейік    тамашалап   қызықтарын.

Ән «Қоштасу» барылығы бірге орындайды.

Балаларды құттықтау үшін «Зерек» бөбекжайының меңгерушісі Каппасова А.И сөз кезегін береміз.

Бортсерік келеді.

Ал, балалар жолға шығатын уақыт келді. «Зерек» бөбекжайы сіздерге мың алғыс , қош сау болыңыздар.

Балалар кемеге отырып жол тартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтар




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.06.2024 13:58
Құрылған күні: 03.06.2024 14:15

Текст