Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

«Бәрі сүйіспеншіліктен басталады»

03.03.2020

Жүргізуші:
     Армысыздар құрметті ұстаздар, балалар! Бүгінгі «Өзін-өзі тану» пәнінің идеясының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне сәйкес ұйымдастырылған «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты онкүндіктің қорытынды кешіне қош келдіңіздер.
Бүгінгі біздің концерттік бағдарламамыз Назарбаева Сара Алпысқызына арналмақ.

Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен анамыз.
Алдарыңызда мәңгілік қарыздар болып қаламыз,
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз.

Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сан аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың,  данасың.
Алғыс айтам, мен Сарадай анама,
Бүлдіршінге бақыт сыйлап жыр сепкен.
Балбөбектер анасының данасы ,
Жүректерге махабатпен нұр төккен.

 

Әсем ерек достарым,
Өмірге көп қосқаның,
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты - дей отыра бөбектердің орындауында «Отанның жас өркені» әнін қабыл алыңыздар!

 

  1. «Көгершіндер» биі №7,10,11 топтар
  2. «Қазағымның қа...............................» 8 топ
  3. «Дара домбыра» Меруерт №10топ
  4. «Анашым» Исламбек, Лина №12топ
  5. «Жаяу» биі №12топ
  6. «Балабақша» әні Финал

 

 

Жүргізуші :

Көз жүгіртсем кітабыңа саралай ,
Қалмас сірә жүзіңнен нұр тарамай.
Бәріміздің атымыздан мың алғыс,
Парасатты анамызға Сарадай.
    Құрметті балалар, ұстаздар!
Бүгінгі өзін-өзі тану пәнінің 10 күндік іс шарамызда Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибратты тілегімен қорытындылайық. «Қымбатты балалар, мен-Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналадағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа.Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге ата-анаңа ең жақын адамдарға бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгілік тілеймін» - дей келе бүгінгі өзін-өзі тану онкүндігімізді «Біз бақытты баламыз» әнімен аяқтайық.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.03.2020 11:53
Құрылған күні: 03.03.2020 11:53

Ұйымдар тізімі
Текст