Құрметті Ата-аналар, Әріптестер, балалар! Келе жатқан 2021 жаңа жылмен Зерек балабақшасы ұжымының атынан кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбасыларыңызға құт - береке, қызметтеріңізге өрлеу тілеймін. Денсаулықтарыңыз күйлі - қуатты, бақыттарыңыз баянды, көңіл - күйлеріңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл Сіздерге тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі балапандарымыздың түнде ұйқысы, күндіз күлкісі бұзылмасын.
Тілек білдіруші: Зерек балабақшасының меңгерушісі Каппасова Аягоз Имангазиевна.