Текст
"Балабақшада ғылымның STEM технологиясы"
Мектепке дейінгі мекемелер арасында онлайн форматында "Балабақшада ғылымның STEM технологиясы" атты қалалық байқауы өтті. Байқау мақсаты - ғылыми - зерттеу қызметі мен практикалық тәжірибелер процесінде балалардың танымдық зерттеу қабілеттерін жан - жақты дамыту болды. Балабакшамыздың атынан тәрбиеші Лақай Айгерім Азаматқызы және мектепалды даярлық тобының балалары ат салысып , жүлделі III орынды иеленді. Балабақшамызға шығармашылық табыс пен, жетістіктер тілейміз!