“Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы "Zerek" бөбекжайы" МКҚК мемлекеттік тілде оқытатын топтарға музыка жетекшісі және логопед лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды
Білімі мен еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
168 041 теңгеден бастап
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, санитарияның және гигиенаның негіздерін, жас ерекшелігі психологиясы мен педагогикасын, ғимаратты, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды ұстау бойынша санитариялық-гигиеналық нормаларды, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін, санитариялық ережелер мен нормаларды.
-мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
-мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
-мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі бар
Кәсіби құзыреттіліктіі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог": мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу; жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру; әдістемелік жұмысқа қатысу; балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы": педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану; тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; тәлімгерлікті қолдану; көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану; аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы; сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау; облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу; оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану; балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру; РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс; жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.
Конкурс "конкурстық алмастыру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 Бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік ұйымдарының басшылары"
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды үміткер хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының ресми сайтында мекенжайы бойынша ұсынуға тиіс:
020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 119, Анықтама телефоны: 8 (7162) 50 51 12, zerek21@mail.kz