Тақырыбы: «Ана тілім-ардағым» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.
1-жүргізуші: Қайырлы күн,қымбатты балалар,құрметті қонақтар!
1-жүргізуші: Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
2-жүргізуші: Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ана тілім-айбыным» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.
2-жүргізуші:
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен балбақшамызда ересек пен мектепалды даярлық топтар арасында осы сайыс ұйымдастырылып отыр.
1-жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22-қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды.Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп. Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек. Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.
1-жүргізуші: Сайыс 1 бөлімнен тұрады. «Ана тілім - ардағым». Ақындардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.
2-жүргізуші: Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.
1-жүргізуші: Сайысымыз әділ болу үшін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.
Каппасова Аягөз Имангазиевна, Рахмонбердиева Дильфуза Сапаралиевна,Алпысова Гульзада Азаматовна. Әділқазы алқалары біздің сайыскерлермізге сәттілік тілеңіздер.
2-жүргізуші: өлеңді мәнерлеп айтуға ортаға №1 қатысушыны шақырамыз.
2-жүргізуші: Әділ-қазы өз шешімдерін шығарғанша, ана тілі туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып көрелік.
Мақал-мәтелдер:
Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
* * *
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
* * *
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
* * *
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.
* * *
Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.
* * *
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
* * *
Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
* * *
Бал тамған тілден у да тамар.
* * *
Басқа пәле – тілден.
* * *
Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.
* * *
Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.
* * *
Кісі қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл жүннен өледі.
* * *
Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
* * *
Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.
* * *
Өнер алды – қызыл тіл.
* * *
Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.
* * *
Оқу алды – қызыл тіл,
Бірден соңғы мергеншіл.
* * *
От ауызды, орақ тілді шешен.
* * *
Піл көтермегенді, тіл көтереді.
* * *
Сөз – көмек, тіл – құрал.
* * *
Тәрбие тілден басталады.
* * *
Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.
* * *
Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
* * *
Тіл – қылыштан да өткір.
* * *
Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.
* * *
Тіл сүйексіз болса да, өзі сүйектен өтеді.
* * *
Тіл – білім, тәрбие тұғыры.
* * *
Тілді қорлау – халықты қорлау.
* * *
Тілі өлген ел – тірі өлген ел.
* * *
Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.
* * *
Тіл – сүйексіз, ақыл – түпсіз.
* * *
Тілге шешен, іске мешел.
* * *
Шешеннің тілі – шебердің бізі.
* * *
Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
Сайыскерлерімізді құттықтау үшін әділқазы алқаларын ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер.
2-жүргізуші: Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!
Назарларыңызға рахмет!