Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер мерекесіне арналған онкүндік, «Балалар жылы» аясында өткізіліп отырған «Балаларға базарлық» атты іс-шара өтті

20.09.2022

Мақсаты: Балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру, өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау. 

Міндеттері: Балалар  өз  ана тілін  дамытып, таза сөйлеуге өз ұлтына, еліне деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру, ана тілін қастерлеуге,еркін сөйлеуге баулу.Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.                                                                                                                                                                          

Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті қонақтар, әріптестер!                                                   Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас бүлдіршіндері! Бүгін Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған онкүндік, «Балалар жылы» аясында өткізіліп отырған  «Балаларға базарлық» атты іс-шараға қош келдіңіздер!  

Алғы сөз «Zerek» бөбекжайының меңгерушісі Каппасова Аягөз Иманғазықызына беріледі.

Меңгеруші. «Балалар, бүгін біздің бөбекжайдың құрметті қонағы балаларға арнап ертегі, мысал, әңгімелер жазып жүрген балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев.»  Құрметті Серік Сапарұлы! Сіз көп жылдар журналистика  жолында еңбек еттіңіз. Зиялы қауым сізді Қазақстан Журналистер  одағының мүшесі ретінде жақсы таниды. Бүгінгі таңда  Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесін басқарып отырсыз. Зерек бөбекжайның тәрбиеленушілеріне тілегіңізді айтып, өзіңіз жайлы әңгімелеп берсеңіз. Сізбен, бүлдіршіндер  жақынырақ таныссын.

Тақпақ: №12 топ. Көзайым, Раяна,Дінмухамет

Ән: «Ана тілі»вокал

 1.Димаш,Айлана,Аяла,Атилла,Аида

2.Жанторе,Асылым,Дидар,Нурайым,Далил

Балалардың орындауында «Шалқан» ертегісін тамашалаңыздар.
 

Ертегі: «Шалқан»ертегісі №9 «Бәйтерек»ересек тобы

Ән: Вокал «Біз бақытты балдырған»

1. Димаш, Айлана, Аяла, Атилла,Аида, Раяна

2. Жанторе, Асылым, Дидар, Далил, Дінмұхаммед

Жүргізуші: Адамдар барлық жинақтаған білімін, жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады . Кітаппен достассаң көп білесің. Барша әдебиет бастауы – балалар әдебиеті. Қымбатты балалар! Енді назарымызды Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасының әзірлеген  кітап көрмесіне аударайық. Сөз кезегін кітапханашы Айгерім Жангалиеваға береміз. 

 

Келесі сөз кезегі «Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасының меңгерушісі Айдосова Бақытжан Досымбекқызына беріледі.

Құрметті балалар, біздің ісшара өз мәресіне жетті, келген қонақтарға, сыйлаған сыйлықтарына ризашылығымызды білдіріп бірге үлкен рахмет айтып, қоштасайық,

Барлығы бірге РАХМЕТ!    Естелік фото.

 

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст