Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балабақша - ата-ана - мектеп» сабақтастығы арқылы оқу-тәрбие беру үрдісін нығайту.  

18.04.2022

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепалды даярлық топтарынан алынған тест нәтижесі.

 

Балабақшадағы біліммен тәрбие беру Қазақстан Республикасының Білім беру стандарты және мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудің Типтік бағдарламасының негізінде құрылған.

Жас ерекшеліктеріне байланысты әр топтарда білім беру үрдісі «Денсаулық», «Таным», «Әлеумет», «Катынас», «Шығармашылық»   білім салалары  негізінде жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:

- балаларда оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын                                                                         қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);

- мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);

- ұжымдық қызметтегі бірлескен әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);

- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;

- баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.

Мектепке дайындықты анықтау мақсатында №7 «Ботақан», №9 «Бәйтерек», №10 «Таңшолпан»,№11 «Әсемай», № 8 Айгөлек, № 12Еркежан топтарынан 2022 жылдың  06 сәуірімен 09 сәуір аралығында тест жүргізілді.

Тест 8 тапсырмадан тұрады 4 тапсырма Математика негіздері,қалған 4 тапсырма Сауат ашу негіздерінен өткізілді. 1 тапсырма: Дыбыстық талдау жасау, 2 тапсырма: Сөздерді буыңға бөлу, 3 тапсырма:Суреттегі сызықтардың үстінен басу, 4 тапсырма:Үлгі бойынша тапсырманы орындау, 5 тапсырма: Сандарды элементтердің дұрыс санымен сәйкестендіру, 6 тапсырма: Сан құрамын жазу, 7 тапсырма: Фигураларды ажырат,8 тапсырма: Пішіндерді орналастыр.(оң,сол,жоғары,төмен ұғымдары)

Нәтижеде 89 баланың 87 (98%) – дайындықғы жоғары деңгейі, мектеп идеясы қалыптасқан, қарым-қатынас оң; 2 балада (2%) - жақсы деңгей.

Алынған нәтижелерге сәйкес, балалардың 98%-ында жоғары : ойлаудың ауызша-логикалық түрі басым, операциялық компоненттер-ақыл-ой операциялары: талдау, жалпылау, жіктеу.

Қабылдау ерекшеліктері: олар нысандарды таниды, пішіндер, түстерді атайды. Зейіннің концентрациясы мен көлемі жас нормасына сай, еріксіз назары , сондықтан шоғырлану қабілеті баланың орындалған жұмысына қаншалықты қызығушылық танытуымен тікелей байланысты.

Қорытынды: Балаларға тапсырмалар кішігірім қиындық туғызды , көмек көрсетуге тура келді.Тапсырмаларды орындау кезінде балалар өздерін еркін сезініп, қызығушылық танытты. Қорытынды зерттеу кезінде тапсырмалар күрделенді ,бірақ балалар жақсы деңгейде орындап жоғары көрсеткіш көрсетті.Тест нәтижесінде балалардың көпшілігі мектепке дайын екені анықталды.

Ұсынымдар: "Дарынды балалар"дың тәрбиешілері мен ата-аналары балаларды мектепке дайындау, зияткерлік саланы дамыту және арнайы жаттығулардың көмегімен ерікті назар аудару.Балабақшадан тыс уақытта да балалармен жеке жұмыстарын жалғастыру.

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст