Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ана – өмірдің Қызғалдығы! 3 топ Құлыншақ

14.03.2022

Тақырыбы:«Ана – өмірдің Қызғалдығы

Жүргізуші:Аяулы аналар ,апайлар, 8-наурыз  мерекелеріңіз құтты болсын!Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын! Құрметті қонақтар №3 «Құлыншақ» тобының ««Ана – өмірдің Қызғалдығы!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Хормен

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Жүргізуші:Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық .

Аналарды құттықтап

Ән маржанын шашайық!

Ән:

Жүргізуші:

-Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай салада ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер, гүл шашақ тағады.

Балалар менің айтып тұрғаным қай  жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар? Қазір қандай мезгіл келіп жатыр?

Балалар: Көктем.

Жүргізуші: Көктем құбылыстары қандай болады екен?

Балалар:Күн жылынады,қар ериді,ағаштар бүршік атады,құстар қайтіп келеді,гүлдер өсе бастайды.

Жүргізуші:Ана-перзент  тәрбиелеуші.Осы асыл аналарымызға арналған  балаларымыздың тілектеріне кезек берейік.

 

Тақпақтар:

Диляра

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, 
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың 
Өміріме нәрін берді ақ сүтің, 
Кең құшағың аясындай гүл бақтың. 

Айсұлтан

Теңдесі жоқ данасының

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым
 

Ажар

Бәріңізде анасын

Біз үшін күн боп жансын

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

 

Ойын:«Кім тез гүл қояды»( түске байланысты гүлді қояды) муз ой     ын

Жүргізуші:Менің әжем ақ әжем

Сені жақсы көремін,

Сізге арнап мен бүгін

Өлең айтып береді

Ән: «Ақ әжем»

Би: «»

Тақпақтар:

Азалия

 Құшағына кіргенде

Жылынамын  бір  демде

Не жетеді  көзіңе

Мейірімді күннен де.                                                                                                Үн  қатасың  бал  тілмен,

Еркелеймін  әркүн  мен.

Құттықтаймын анашым

Сегізінші  наурызбен!

Ален

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам
 

Жантөре
Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Ойын:«»

Ән: «»

Тақпақтар

Медина
Мен анамды сүйемін

сөзің ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін.

 

Нұрали
Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай
 

 

Дидар:Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.
 

Аделя

Анамды мен жақсы көрем

Айтқан тілін алып жүрем

Қасымда апам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем

 

Жүргізуші:  Енді Сахналық көрініс көріністі тамашалаңыздар!
«Анасы мен Баласы»
Анасы мен баласы салонға барады, анасы баласына айтады:

- Балам, сен мені күте тұр, мен салонда боламын дейді.
 - Жарайды Анашым!

Алдына бір қыз келіп, сұрайды?
- Сәлем!
- Атың кім?
- Мен Дархан, мен анамды күтіп отырмын.
- Анаң қайда?
- Анам салонға кетті.

Қ:-Менің  де анам салонда, күту керек,

Қ-Сенің анаң әдемі ме???

Ұ:-Менің анам өте әдемі.

-Қыз: -Анамның көзі қандай?

-Ұл: анамның көзі үлкен,әдемі

Қыз:-Анам көзіне кірпік жабыстырама?.

Ұл: Ол не?

Қ: ОЛ Мода, тренд, барлығы жасайды қазір.

Ұ:аааа білмеймін

Қ:-Тырнақтары қандай?Манюкер ме?(менде өскенде тырнақты әдімілеймін)

-иә әдемі

Қ:-Сенің анаң туфли киеме?мынандай (көрсетеді

Ұ-,Туфли киеді, тойларға, қонаққа.Менің де  анам әдемі!

Анасы кіреді.

Ұ:-Анашым мен сені жақсы көремін!(құшақтасады)

Қ; Менің де анам келе жатыр. Сау бол!

Ұ; Барлық аналар қыздар әдемі! Мерекенізбен!

Би:«»

Тақпақтар:

Далиль

Мәпелеп өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде

Аттила

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет

Нұрайдар

Ана пана,

Ана дана.

Өмірді әкелетін,

Ана ғана!
Айсултан

Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой ол аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды?» (Жұппен билейді музыка тоқтағанда гүлді қызға сыйлау)

ЖҮРЕКШЕ КІРЕДІ

Ән: «»

Жүргізуші:Осымен  біздің мерекеміз аяқталды.Қымбатты да аяулы аналар!Мерекелеріңіз  құтты болсын!Әлемдегі ең сұлу,ең мейірімді , ең қамқор адам осы отырған сендер.Дендеріңіз сау,көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!  

Просмотров: 266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст