Тақырыбы:Ғажайып қыс
Оқу қызметінің мақсаты: Барлық балалар:Балалар қылқаламмен жұмыс жасай алады. Көпшілік балалар:Балалар жасырған жұмбақтардың шешімін таба алады. Кейбір балалар:Тәрбиешінің көмегінсіз қылқалам мен мақтамен жұмыс жасай алады. Әдіс-тәсілдер: Кіріспе әңгімелесу, бейнежазбаны көрсету, үлгіні зерттеу, сурет салу амалдарын көрсету, сурет салу техникасын ұстарту, сергіту сәті, өздігінен сурет салу, жеке жұмыс, нұсқау беру, балалар жұмысын талдау, бағалау, қорытындылау, рефлексия. Құрал-жабдықтар:Көрнекіліктерге тақта, көрсеткіш.
Балалардың қысқы ойындары туралы бейнежазба.
Таза ақ қағаз беті,гуашь,мақталы таяқшалар,мақта.
Оқу қызметінің барысы
Шаттық шеңбері: Қуан шаттан алақай Қуанатын күн бүгін Күліп шықты күн бүгін Қайырлы күн, қайырлы таң Балалар сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жылулық сыйлайықшы:Шеңбер бойлап тұрып алақандарын бір-біріне қойып жылулық сыйлаймыз - Ай, жарайсыңдар, балалар!
Кіріспе әңгімелесу.
-Балалар бізде 1 жылда неше жыл мезгілі бар?1 мезгілде неше ай бар?- Жарайсыңдар.
-Қәзір бізде жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?-Жарайсыңдар. -Қыс мезгілінде балалар қандай киім киеміз? - Жарайсыңдар.
-Балалар қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелегін білесіңдер ме?Ия айнала аппақ қар болып ертегі әлеміндей кейіпке енеді. Тек қыс мезгілінде ғана қар жауады.
Сурет бойынша әңгімелесу:"Қысқы ойындар ауласы".
Педагог түрлі қалыптарды тұрған балалардың сурет үлгісін көрсетеді.
- Балалар, бұл суретке қарап, оны қалай атауғаболады? (Балалар қармен ойнап жүр).
Тәрбиеші балалардың түрлі жауаптарын тыңдайды.
- Не себептен бұндай атау? (Себебі далада қар көп. Балалар қысқы киімдер киген.Балалар қолдарын көтеріп тұр. Балалар қар атқылап жатыр).
- Жарайсыңдар.
- Мұқият қараса, балалар қандай қимылдар жасап жатыр?
- Балалар, осындай қызықтарға толы қысқы ауланы салып көрейікші.
Билингвалдық компонент: қыс-зима-winter; ақ-белый-white
Сиқырлы сәт: «Қоян» кіріп 1,2,3 сандарды сиқырлап, жұмбаққа айналдырып кетеді.
Жұмбақ
1.Қыста шыны боп қатады, Жазда су боп жатады.(Мұз)
2.Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)3.Тікен, тікен, тік біткен. Қысы, жазы бір түсте.(Шырша)
Бейнежазбаны көрсету. "Қысқыойындар".
Тәрбиеші балалардың қысқы аулада қар мен ойнап жүргені туралы бейнежазбаны көрсетеді.- Балалар, мына бейнежазбаға қарап, не айта аламыз?
Сергіту сәтті: Шана менен сырғанап Таудан асып сырғыймыз Қолғап киіп томпаңдап Қар атысып ойнаймыз Шаңғы теуіп жарысып Денсаулықты шыңдаймыз Ешқашанда ауырмай Таза ауада ойнаймыз.
Сурет салу амалдарын көрсету. "Ғажайып қыс".
Тәрбиеші тақтаға таза қағаз бетініледі.
- Балалар, біз барлығымыз қысқы ағаштардың суретін дәстүрден тыс әдіспен саламыз.Ол үшін бізге көк түсті қағаз,орамжапырақ,ақ түсті гуашь,мақталы таяқшалар қажет. - Жарайсың
Балалар өздері үлгіге қарап сурет салуды бастайды. Қимыл-қозғалысты ойын: Аққағаздан қар ұлпаларын жасап оны себетке лақтыру.-Балалар қолдарымызды жаттықтырып алайық. -Жарайсыңдар,
- Балалар, барлықтарыңның суреттерің дәл осы сияқты болмауы мүмкін, бірақ балалардың қыс мезгіліндегі түрлі суретті көрсете білу біздің бүгінгі мақсатымыз.
- Жарайсыңдар, суреттерің ұнады ма?
ҚОРЫТЫНДЫ
Балаларжұмысынталдау, бағалау, қорытындылау.
Педагог балаларға жұмыстарын өздігінен сурет көрмесіне орналастыруға уақыт береді.
- Балалар, мына суреттерге қарап, сендер қандай әсер аласыңдар?.
Уақыт өтекеле, сендер суреттердің салынусапасын ажырата бастадыңдар. Өз жұмыстарында да түзетуге қажетті ерекшеліктерің көріп үйрендіңдер. Рақметсендерге.
Рефлексия. Ашық ҰОҚ ұнаған болса алманы жасыл түсті ағашқа ілеміз,ұнамаған болса жапырақты қоңыр түсті ағашқа ілеміз.