Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік тұғырының негізі- Отан сүйгіштік (Тіл мамандары: Нурбекова А.С, Капарова Ж.У)

10.12.2021

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырының негізі- Отан сүйгіштік»                              

Мақсаты:  Педагогтардың  бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту;

                                      Барысы:

  1. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті педагогтар! Сіздерді  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!Сіздерге
    берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама - талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!
  2. Жүргізуші

Аққудай қанат қаққан,
Қазақ елі.
Үнемі ат үстінде күн өткелі,
Таңданды, алға ұмтылды
Дүбірлетті.
Көк туын алға қарай желбіретті.
Тәуелсіздік таңы атты деп тойлатты,
16 желтоқсан мерекені.
Жеріміз кең, еліміз өркендеді,
Күннен - күнге көркейіп өсе берді.
Тәуелсіздік елімізге,
Бақыт берді.
Тәуелсіздік жерімізге,
Шаттық берді.

1-Жүргізуші:

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік тұғырының негізі- Отансүйгіштік »  педагогикалық ринг      іскерлік ойынына қош келдіңіздер! 

Педагогтардың орындауында әнұран     

2-Жүргізуші: Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

 2- Жүргізуші: Осы кезеңде Қазақстанды ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

  1. Жүргізуші: Олай болса 30 жыл бойы Қазақсанымыздың  жеткен жетістіктері жайлы  бейнетаспа тамашалайық.

«Тәуелсіздік жетістіктері»бейнетаспа

2 - Жүргізуші: 

Құрметті педагогтар!Педагогикалық рингке  2 команда қатысады..

 Ойын ережелерімен таныс болыңыздар: басқаларды тыңдау, ойынға белсенді түрде қатысу, сөйлеу мәдениетін сақтау, тапсырмаларды орындау кезіндегі регламент сақтау.

Ойынның өту барысы:

1.«Отан бейнесін елестет»

2.«Миға шабуыл»

3.«Мақал- мәтелді құрастыр

4.«Сөзжұмбақ»

5.«Отан туралы коллаж»

Жүргізуші: Бүгінгі педагогикалық рингіміздің әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Каппасова Аягоз Имангазиевна  - балабқша меңгерушісі

Рахмонбердиева Дильфуза Сапаралиевна- балабқша әдіскері

Кибатова Бейнегүл Женисовна – кәсіподақ төрайымы

1-Жүргізуші: Ойынды бастамас бұрын командаға бөлінейік.

 Ойын: «Командаға бөлінейік»

Музыка әуенімен ойыншылар қозағалады, музыка тоқтаған кезде, жүргізуші  айтқан сан бойынша топтасып тұра қояды. 1,2 (4, ) санын атайды.

2-Жүргізуші: Сіздер  төрт адамнан құрылған екі команда болып шықтыңыздар. Командалар үстелдерінізге жайғасыңыздар. Командаларыңыздың капитандарын таңдап,  атын ойластырыңыздар.

Барлыңызға  табыс және  көтеріңкі көңіл  тілеймін!

1-Жүргізуші: Ойнымыздың бірінші  кезеңіне көшейік. Сіздерге  Отанымыздың бейнесін жасауды ұсынамыз. көзіңізді жұмып  «Отан» сөзінде пайда болатын бейнені елестетіңіз.  (1 минут) (педагогтар пайда болған суреттерді сипаттайды: қайың, таза өріс және т. б.); (Музыка)

2-Жүргізуші:- Өте керемет! Отанымызды көз алдарыңызға тамаша елестеттіңіздер. Құрметті әділ қазылар алқасы өз ұпайларыңызды бере отырыңыздар.

 Олай болса келесі кезеңімізге  көшейік, ойынның аты

«Миға шабуыл»   Сіздерге сұрақтар қойылады жауабын тапқан командаға ұпай беріледі.

Педагогтарға сұрақтар:

1. Ең алғаш қазақ елінің астанасы қай қала болған? (Орынбор, 1920-1925 ж.ж)

2. Қай жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшті? (1998)

3. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130-дан астам)

4.Әлем мемлекеттерінің арасында Қазақстан ауданы бойынша қандай орын алады? (9)

Қазақстан қандай мемлекетпен шекаралас емес? Тәжікстан

5..Қазақстанның әлемдік мұхитқа шығу жолы бар ма? Жоқ

6.Қазақстан аумағының басым бөлігі әлемнің қай бөлігінде орналасқан?

Азияда

7.Қазақстанның қай табиғи аймағы ең көп бөлігін алады?Шөл

8.Халық саны бойынша қай қала ең үлкен? Алма-Ата

9.2017 жылы Қазақстанда қандай ірі халықаралық іс-шара өткізілді?

Дүниежүзілік көрме (Expo)

10.Қазақстанның аса маңызды экспорттық тауары не болып табылады? Астық

Жүргізуші:- Керемет! Тарихты жақсы біледі екенсіздер!  Келесі кезең «Мақал- мәтел құрастыр » деп аталады,  бұл жерде сіздер Отан  туралы  мақал – мәтелдерді   құрастыруларыңыз қажет.

 

Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

 

Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.

 

Туған жердің ауасы да шипа.


Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.

 

  1. Жүргізуші:- Келесі тапсырмамыз «Сөзжұмбақ» тақтадағы  сұлбаға  сұрақтардың дұрыс жауабын жазамыз. ( сұрақтар үстел үстінде  карточкаларда жазылып тұрады)

2-Жүргізуші:- Құрметті педагогтар, үстел үстінде ккарточкалар орналасқан ішкі жағында сұрақ бар. Әр командадан бір адам шығып  бір карточканы алады, сол команда сұраққа жауап береді, егер жауабын табалмаса , жауап беру мүмкіндігі келесі командаға  көшеді

  1. Жүргізуші:- Өте керемет, сөзжұмбақты жақсы орындадыңыздар! Ойынға қатысушылар Отан туралы білімдеріңізді жақсы көрсете білдіңіздер, келесі тапсырма шығармашылық жұмыс   «Біздің Отанымыз – Қазақстан» тақырыбына коллаж жасап, оны сипаттап береміз
  2. Жүргізуші:- Құрметті педагогтар! Осымен бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған іс- шарамыз өз мәресіне жетті, сөз кезегі қазылар  алқасына беріледі.

Марапаттау. Мадақтау.

1-Жүргізуші:- Құрметті педагогтар әділқазылар алқасы өз шешімін шығарды, жеңімпаздар анықталды. Сіздерді тағы да Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!

Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст