Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы сауықтыру жұмыстары туралы ақпарат Медбике: Мажитова Қ.Е

02.08.2021

Жазғы сауықтыру жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау, денсаулықты сақтау тәртібін ұйымдастыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталды.

Жазғы сауықтыру жұмыстарының негізгі мақсаты:
балабақшада балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға ең тиімді жағдайлар жасау және балалардың жазғы мезгілде танымдық қызығушылығын дамыту;

 балалардың спорттық іскерліктері мен машықтарын дамыту және балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу.

Тәрбиеленушілердің таза ауада көбірек болуына, қимылды ойындар арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға, спорттық ойындарға, ойын-сауықтарға үлкен мән берілді.

Жазғы мезгілде балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Дене шынықтыру нұсқаушысы Уразгалиевой Э.З. тәрбиешілермен бірге «Балаларды қорғау күні», «Нептун күні» ойын-сауықтарын өткізді. Жас ерекшеліктері әр түрлі топтар қатысқан «Спорт және денсаулық апталығы» балалар үшін қызықты мереке болды, қимылды ойындар мен спорттық жарыстар барысында ойынға қатысушылар өз ептіліктерін және мықтылықтарын көрсетті.
Серуен кезінде балалар тек қимылды ойындармен қатар футбол, велосипед тебу сияқты спорттық ойындар да ойнады.

Жазғы мезгілде сауықтыру және шынықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік көп. Әдіскер мен тәрбиешілер жазғы сауықтыру және шынықтыру жұмыстарын жоспарын алдын-ала жасақтады және дайындық жүргізді. Ауызды шаю, қолды шаю, ауа және күн ванналарын қабылдау, саяжайда жалаң аяқ жүру сияқты шынықтыру шаралары күнделікті жүргізілді. Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі қатаң бақылауда болды.

Қимылды ойындардың уақыту, ұзақтығы, жүктемесі қатаң бақылауда болды (көп қозғалысты талап ететін қимылдыойындар күн көзінің қатты қыза қоймаған сәтінде серуеннің басында өткізілді). Күн ыссы уақытта балалар ағаштардың көлеңкесіндегі жолдармен жүгіріп шынықты және тыныстау гимнастикасының кешенін орындады.

Балалардың танымдық белсенділігін арттыру үшін тәрбиешілер құммен эксперимент жасауды жиі қолданды. Балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында жаз мезгілінде әр түрлі сауықтыру шаралары ұйымдастырылды: «Қызықты суреттер» (дәстүрден тыс сурет салу, көкөністерден жасалған мөртабандар), тастанды және табиғи материалдармен жұмыс, «Сабын көпіршігі» күні, «Күншуақ қоян» күні және т.б. Әрбір топ балалардың қол еңбегімен айналысуға арналған құрал-саймандармен қамтылған. Бақшада әрбір топтың өзіне тиесілі бөліктерінде балалар гүл, қызанақ, көкорам, көкжелек, т.б. отырғызды. Тәрбиешілердің басшылығымен оларды суарып, топырағын қопсытып, арам шөптерден тазалап күтіп баптады.

 Жазғы мезгілде ата-аналармен жұмыс жалғастырылды. Ата-аналарға ақыл-кеңестер берілді, әңгімелер жүргізілді. Ата-аналар бұрышындағы жазғы мезгілде балалардың денсаулығын қорғау және нығайту, ағзаны шынықтыру, тыныс алу гимнастикасы, тамақтандыруды және жазғы демалысты ұйымдастыру туралы ақпараттар мезгілімен ауыстырылды.

 

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст