Күні:14.08.2025ж
Уақыты:1000-1025
Тақырыбы: "Спорт күні"
Түрі: Эстафеталық сайыс
Мақсаты:Балалар мен ересектердің физикалық денсаулығын нығайту.
Дене шынықтыру мен спортқа мотивацияны дамыту.
Қоғам назарын спортпен шұғылданудың маңыздылығына аудару, мектеп жасына дейінгі балалардын моторикасындамыту.
Салауатты өмір салтына деген оң көзқарасты қалыптастыру.
Құрал жабдықтар:Ұйымдастырылған іс-әрекет алдында дене тәрбие нұсқаушысы керекті құрал жабдықтарды орналастырады.
Құрсау,таяқшалар, доп,конустар, балаларға ішуге арналған қайнатылған су.
Өтетін орны:Спорт аландары.
Ұйымдастыру бөлімі:
3.Жалпы дамыту жаттығу
4.Негізгі бөлім
5.Эстафеталық ойындар
6.Қорытынды
Жеке құрылғыны қолданумен өткізілетін дене тәрбиеұйымдастрылыған іс-әрекет кезінде медициналық сүйемелдеуді балабақша мейірбикесі Мажитов К.Е жүзеге асырады.
Музыкалық сүйемелдеуге жауапты музыка жетекшісі Махметова А.А.
Төрешілер:
1. Әдіскер-Рахмонбердиева Д.С
2. Медбике-Мажитова К.Е
3. Басшының әкімшілік-шаруашылық істері жөніндегі орынбасары- Шиндаулет С.Т
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық (1 минут)
Балаларды дене тәрбие ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде
1. Ұйымдастырылған іс-әрекет басталар алдында:
• Рұқсатсыз спорт құралдарын алма.
2. . Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде:
• Жүгіру барысында басқа балаларды итерме, жолын кеспе.
• Басқаға тиіп кетпес үшін ара қашықтықты сақта.
3. Құрал-жабдықтармен жұмыс кезінде:
• Шаршау немесе ауырсыну сезсең, бірден тәрбиешіге айт.
4. Төтенше жағдай кезінде:
• Менің нұсқауымды тыңда.
5. . Ұйымдастырылған іс-әрекет аяқталған соң:
• Құрал-жабдықтарды ұқыпты түрде орнына қой.
Бастапқы бөлім (5 минут):
Балаларды сапқа тұғызу, амандасу, онға-солға бұрылу тәсілдерін жасау.
Балалар бастауыштын артынан жүру, жүгіру, он жақ және сол жақ шетпен секірумен денелерін қыздырады
"ЖАЛПЫ ДАМЫТУЖАТТЫҒУЫ"(5 минут)
1. Аяқ иық деңгейінде, қол белде, басты оңға, солға, алға, артқа ию.
2. Аяқ иық деңгейінде, қолды иыққа қойып, иықты алға, артқа айналдыру.
3. Аяқ иық деңгейінде, қолды белге қойып, денені оңға және солға еңкейту.
4. Қолды кеуде деңгейіне созып, тізені алақанымызға кезекпен тигізу.
5.Қолды биікке созып, аяқтың ұшына тұру.
6. Тынысты ретке келтіру
Негізгі бөлім:"Цирк әртісі", "Қоян" (5 минут)
"Цирк әртісі"
Шарты: Балалар бір сапта тұрады, нұсқаушы балаларды бір-бірден шақырып, бөрененің үстінен тепе-тендікті сақтай отырып жүреді.
"Қоян"
Шарты: Балалар екі топшаға бөлініп, әр топша өз тізілген құрсаудан секіреді.
Эстафеталық ойын:"Әр түрлі кедергілер жолы" (8 минут)
Шарты: Балалар екі топшаға бөлінеді, әр топша өз жолымен, әр түрлі кедергілер жолымен өтеді.
Кедергілер жолы құрсаудан секіру, конустардың арасынан жыланша жүгіру, құрсаудың арасынан еңкейіп аттап өту, доптарды түстермен ажыратып қою, допты алып артқа тіккей жолмен жүгіріп жету жолдарынан тұрады.
Төрешілер бағалайды, мадақтау кезені жүргізіледі.
Қорытындыбөлім (1 минут):
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, балалар арасындағы спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықтажүздескенше!!! Сауболыңыздар!