Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ханталапай Айтеева Шыфнарай Ерденовна

30.11.2020

Көкшетау қаласы № 20 «Зерек» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

 

Тақырыбы: «ХАНТАЛАПАЙ»

 Нұсқаушы: Ш. Е. Айтеева


 


 

 

 

 

Көкшетау қаласы 2019ж

                                                  Ханталапай



Қазақтың ұлттық ойыны «ХАНТАЛАПАЙ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намыс қойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Ханталапай ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Қажетті заттар: Ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш (оюлы текемет, сырмақ, алаша)
Қой малының асықтары
Ұлттық нақышта өрнектелген қоржын
Алдын ала дайындалған тапсырмалар
Нұсқаушы: Бүгін қандай күн?
Балалар; Сәрсенбі,
Нұсқаушы: Керемет, жарайсыңдар балалалар! Бүгін сәрсенбінің сәтті күні.
 Балалар бүгін ерекше сәтті күн, ауа - райы да, тамаша екен.
Жайлауға барып асыр – салып ойнап келейік.
Жайлауда балалар ата – әжені көріп, көрісіп (ассалаумағалейкум) балалар амандасады.
Ата – әже балаларды қонақ болуға шақырады.
- Ата??
«Зерек» - балабақшадан келдік

Ата: бәрекелді.
Әжесі балаларға қымыз бен бауырсақ бер. (Балалар қымыздан, бауырсақтан ауыз тиеді. )
Ата бата береді.

Нұсқаушы: Біз балалармен жайлауға қыдырып шығып едік.
Ата:Ия, дұрысқой, біздерде бала кезімізде ұлттық ойындар ойнағанбыз.
Нұсқаушы: Ата, біздің балабақшаның балалары да, қазақтың ұлттық ойындарын біледі. Ал, балалар, біз қандай ұлттық ойындарды білеміз.
Нұсқаушы: қане балалар атаға атап берейік.
1) Көкпар ойыны
2) Соқыр теке ойыны
3) Ақсандық, көксандық ойыны
4) Арқан тарту ойыны
5) Қазақ күресі ойыны
6) Білектесу ойыны
7) Жасырынбақ ойыны
8) Ақсүйек ойыны
9) Орамал тастау ойыны
10) Хан талапай ойыны.
Ата: жарайсыңдар, балалар! Сендер қазақтың  ұлттық ойындарын біледі екенсіңдер.
Әже: Қыздарымыздың қандай өнерлері бар екен.
Қыздар: Қазақтың «Қасиетті домбыра» әнін орындап береді.

Ата - әже: көңіліміз көтеріліп қуанып отырмыз, жарайсыңдар балаларым.
Ата: Отанасы сандық тұрған асықтарды  алыпберші.
Ата: Балаларға ризашылығын білдіріп, бір қоржын асық сыйлайды.
Балалар: рақмет.
Нұсқаушы. Ал, ендеше, балалар сыртқа шығып ата берген асықпен ойын ойнайық.
Нұсқаушы: Асық туралы не білеміз? Асықпен қандай ойындар ойналады?
(балалардың жауаптары тыңдалады) (Асық ату, үштабан, ханталапай т. б.)

Нұсқаушы: Балаларға «Ханталапай» ойынының шартын түсіндіріп өтеді.

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанарма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табарма?
Бұлбәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей, ең озық ойлы баланы анықтаймыз.

Нұсқаушы: Ал ойнасақ - ойнайық
Бүгінгі ойынға барлығымыз қатысамыз, Олай болса, ойынымызды бастайық.
«Талапай - ау, талапай, табылды ойын алақай»- деп қоржындағы асықтарды балалар алдына тастаймын. Балалар жарыса асықтарды «ханталапай» деп дауыстап асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтарын санап, әр бала 5 асықтан тігіп ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен  бала алғашқы  болып ойынды бастайды. Асықтарды атады да, тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, нұсқаушы қойған тапсырмаға жауап береді. Егер ойыншы бала жауап бере алмаса, қатысушы басқа балалар жауап  береді. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында сұрақтарға дұрыc жауап беріп, асықты көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

Балалар: Ұтқан асықтарын санайды.

Нұсқаушы: Асықты көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

Ата: Жолың ақ болсын!

Өнерлерің өрге жүзе берсін.

Қазақтың ұлттық ойыны ұмытылмасын.

Денсаулықтарын зор болсын,

Бақытты болыңдар! (әумин)

Ата: Балаларға сый сияпат табыстайды. «Мерген жігіт», «Зерек жігіт», «Алғыр жігіт» номинациясын береді.

Нұсқаушы:Біздің балаларымыз өнерлі.Бүгін біз қазақтың ұлттық ойыны ханталапай ойынын ойнап жеңімпаз атандық.Олай болса ата біз бала -бақшамызға оралайық.

Нұсқаушы: Сау саламатта болыңыздар!

Балалар: Ата-әжемен қоштасады.

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.11.2020 15:20
Құрылған күні: 30.11.2020 15:21

Текст