Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Бағдаршам. Музыка жетекшісі: Алпысова А.Ж

28.07.2022

Тақырыбы: Бағдаршам

Музыка жетекшісі: Алпысова А.Ж

Бейсенбаева А.О

Ойын сауықтың көрнекілігі: рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.

Ойын сауықтың барысы:

Тәрбиеші: Ойын сауығымызды жұмбақпен бастайық

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)

Қонаққа бағдаршам келді. Қатты қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті.

Бағдаршамның қызметі қандай?

- Жол тәртібін реттеуші.

- Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?

Ойын бағдаршам құрайық.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Жүргізуші: Балалар жүргіншілер  мынадай сұрақ қойыпты.

- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

- Жиек жолмен жүреміз.

- Жиек жол болмағанда ше?

- Жер асты жолымен.

- Жолдың қай жағымен жүру керек?

- Оң қол жақпен жүреміз.

- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

- Аялдамадан отырамыз.

Ән; Балабашка

Тәрбиеші: - Балалар, бағдаршам сендерге ойын әкеліпті.                                                  

«Белгілерді таңдап және айтып бер».

Ойынның шарты: Балалар алған белгінің алып,содан кейін сол белгі туралы айтып беруіңіз керек.


Бағдаршам ортаға шығады.

Қызыл көзін жағады. Балалар қозғалмай тұрады.

Машиналар жүре бастайды

Сары көзін жағады. Балалардайындалады,машиналар тоқтай бастайды.

Жасыл көзін жағады. Балалар жаяу жүргінші жолдан жүреді. Машиналар тоқтайды.

 Қорытындылау: - Балалар, бүгін немен таныстық.

- Бағдаршаммен.

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Үш көзі бар.

- Қандай-қандай түсті шамдар?

- Қызыл, сары, жасыл.

- Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма?

- Жоқ.

- Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?

- Ала сызықты жерінен.

Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау, сыйлықтар беру.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.07.2022 11:55
Құрылған күні: 28.07.2022 11:55

Текст