Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

«Қазақтың ұлттық ойындары» №2 «Балапан» ортаңғы тобы

25.03.2022

 

Кіріктірілген білім беру саласы: Денсаулық, қатынас

Кіріктірілген бөлімі: дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»

Мақсаты:

Барлық балалар:Наурыз мерекесі туралы  айта алады.

Көпшілік балалар:22 наурыз ұлттық мерекесі екенін біледі.

Кейбір балалар:22 наурызға арналған тақпақтарды жатқа айта алады.

Технологиялар:  АКТ, денсаулықты сақтау, ойын технологиясы.

Көрнекіліктер: асықтар, сандық, көрнекіліктер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Оң жақтағы досыңа,
Сол жақтағы досыңа.
Қолынды бер тосылма,
Жоғары қарап күн көрдім.
Төмен қарап жел көрдім.
Оңға солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.

Балалармен шаттық  шеңберін құру.

Ұйымдастырушы-ізденістік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

Қазір көктем мезгілінің қай айы?

Наурыз

Балалар Наурыз айында қандай мерекелер болады?

8 Наурыз әйелдер мерекесі,22наурыз қазақтың жаңа жыл мерекесі.

Наурыз-жыл басы.Парсы тілінде «Нау»-«жаңа», «руз»-«күн» деген ұғымды білдіреді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап, күн ұзарып, түн қысқарады.Ұлыстың ұлы күні адамдар бір –біріне деген ренішін ұмытып,өзіне де,өзгеге де жақсылық тілеген.Наурыз мерекесін түркі халықтары түгел дерлік тойлайды.Біз 31желтоқсанда орыс халқының жаңа жыл мерекесін тойладық,ал енді ұлттық жаңа жыл мерекесі кіріп келді.Дастарқанның басты асы наурыз көже болған.  Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.

Ғажайып сәт: Қыдыр ата кіреді.

Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаның басылсын.
Менің берген бұл батам —
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам
Көже істеген келіндер,
Көпке жаққан елшіл бол.
Бозторғайдай төлшіл бол!
Ор қояндай көзді бол,
Адам таппас сөзді бол!
Қыстан қысырамадық,
Жаз күніндей жадырамадық,
Өткен ай өзімен кетіп,
Туған ай жарылқасын!
Аяз әлін біліп,
Күнекей күн жарылқасын,

Әумин!

Ассалаумұғалейкүм, барша халық! Наурыз мейрамы құтты болсын!

Мен жыл басын іздеп , адасып кеттім, жолда осындай сандық таптым. Менің ойымша осы сандық маған жолды дұрыс сілтеп жібереді. Ішін ашып қарадым, ішінде түрлі тапсырмалар бар. Сендер маған ол тапсырмаарды орындауға көмектесесіңдер ме?

1-тапсырма. Наурыз туралы ән айт

«Наурыз» әні

2 тапсырма: Наурыз туралы тақпақтарды жатқа айт.

1-бала Алихат

О, жарандар, жараңдар,

Бәріңмұндақараңдар.

2-бала Сұлтан

Наурыз той басталды,

Теккеқараптұрмаңдар.

3-бала Эльзана

Әуелесінармандар,

Үміті от бопжанғандар.

Бақ дарып, Қызыр қарасын,

Мерекеден қалмаңдар.

4- бала Данайым

О, жарандар, жараңдар,

Тамашаданқалмаңдар,

 Құс қанатты көңілмен,

Жер әлемді шарлаңдар.

5-бала Айзере

Оятыпшың мен асқарды,

Ерітіп мұз бен қарды

Нұрланған даланы,

Наурызкөктембасталды.

6-бала Алихан Ж.

Бұләлемдемерекекөп,

Қуанышты, әдемі!

Ал біз үшін ең жақсысы

Қымбатты Наурыз мейрамы!

7-бала Амира

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейікжырлайық!

8-бала Амина

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

9- бала Тахмина:

Әнім де саған, биім де,

Құтқонақөзіңүйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

3 тапсырма: «Қамажай» қазақ биін білесіңдер ме ? билеп көр

4 тапсырма: «Асық ату» ойынын ойна.

5 тапсырма: «Қара жорға» биін биле.

6 тапсырма: Суреттегі қазақ халқының ойындарымен таныс.

Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар! Қыдыр атаға көп көмек жасадыңдар! Олай болса Қыдыр ата біз саған жыл басын табуға тілектеспіз! Жолыңды дұрыс сілдедік! Жолыңыз болсын!

Қыдыр ата: Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын

Ұлыс мереке болсын,

Бәле-жала жерге енсін.

Қайда барсаңдар жол болсын!

Жүргізуші: Балалар енді Ата мен Әжемен қоштасайық.

Тәрбиеші балалардың мерекеден алған әсерлерін тыңдап, ертеңгілікті қорытады.

-Біз қандай мерекені тойладық?

-Наурыз көже неден жасалады екен?

Балаларға құрт сыйлау.

  • IMG_6283.jpg
  • IMG_6283.jpg
  • IMG_6281.jpg
  • IMG_6281.jpg
  • IMG_6269.JPG
  • IMG_6269.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.03.2022 09:28
Құрылған күні: 25.03.2022 09:31

Ұйымдар тізімі
Текст