Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Көкшетау әуежайына «Зерек» ұшағы келіп қонды. «Әсемай» тобының жұлдыздарын қарсы алыңыздар!
(би ұшақтан түсіп қыздар билейді)
Дидар: Сәлеметсіздер ме, қонақтар. Қош келдіңіздер!
Айзере
Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастайын.
Дидар
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Әбілмансұр:
Достар біз мерекеге бәрін шақырдық па?
Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба?
Барлық балалар:
Жоқ,Жоқ ұмытпадық
Дидар: Достар, біз екі қонағымызды ұмытып кеткен сияқтымыз .Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәрін сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.
Айзере: Ләззат Амирхановна мен Гүлнұр Жумагалиевнаны ортаға шақырамыз
Гүлнұр:Қымбатты ата – аналар, балабақша ұжымы, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Міне,бүгін бүлдіршіндеріміз өсіп,ер жетіп,өмірге үлкен жолдама алып, мектепке барғалы жатыр.
Ләззат:Әріптерді танып,қалам ұстап жаза бастаған сәттен бастап, балаларымыз осы балабақшамызда тәлім-тәрбие алып,өмірлері шат күлкіге толып,мерекелер өткіздік. Ал, бүгінгі мерекеміз сіздермен соңғы мереке болғалы отыр. Ендеше "Қош бол балабақшам" кешіне қош келдіңіздер!
Ән «Зерегім Тал бесік»
Балалар орындарына отырады.
Ләззат: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Бірге: Құтты болсын тойларың.
Жасур:
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мектепке барам мен енді
Балабақшам қош енді
Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым
Таң қалдырып достарды
Мен мектепке барамын.
Алинур
Сүйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай.
Амира:
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен отан жайында
Аркат:
Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңменен қоштасайық.
Аруна:
Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы.
Мектепке кетіп барамыз.
Айбар
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
Мансур:
Біз мектепке барамыз
Біз оқушы боламыз
Айткан тілді аламыз
Кілең бестік аламыз
Адия:
Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып, би бидеп
Жалғастырсын ойды, ой
Аңсар:
Баулап, баптап өсірдіңіз,
Балалық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.
Тәрбиеші: Балалар мерекемізді әрі қарай "Әлқисса" оркестрмен жалғастырайық.
"Әлқисса"
Ортаға жолаушы "Кітапханашы" келеді.
Кітапханашы:Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Тәрбиешілер Л: Сіз қайда ұшқалы тұрсыз?
Кітапханашы: Мен, Алматы қаласынан арнайы осы Қөкшетауқаласының орталық кітапханасына, балаларға арналған жинақ кітапшаның ашылуына келіп едім.
ТәрбиешіЛ: Ее сіз кітапханашысыз ба?
Кітапханашы: Иә мен кітапханашымын. Балалар сендер кітап жақсы көресіңдер ме? Балалар сендер кітапханада болып көрдіңдер ме?
Балалар: Иә
Кітапханашы: Олай болса мен сендерге білімдеріңді әрі қарай дамытуға осындай балалар кітабын сыйлағым келіп тұр. ( деп кітап таратып береді)
Тәрбиеші Л:Ой рақмет сізге. Сіздің ұшақ уақытыңыз болғанша мұнда біздің мерекені тамашалаңыз.Балалар балабақшадан алған бар өнері мен білімін ортаға салмақ, Көріп тамашалаңыз,.
Ән:"Ғажайып кітапхана."
Кітапханашы: Балалар, міне менің ұшатын уақытым болды, рақмет сендерге. Балалар, Кітап - білім кілті. Мектепте 5-пен оқитын оқушы болыңдар. Сәттілік сендерге. (кітапханашы шығып кетеді.)
Тәрбиеші Л: Балалар, біз сендермен жыл бойы қанша әріпті үйрендік? 42
Неше дыбыс бар? 37
Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 дауысты- дауыссыз
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 жуан жіңішке
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? 3 қатаң, ұяң, үнді.
Ойын: "Әріпке сөз тап"
Жолаушы бала:Ортаға қағаз ұшақпен ойнап кіреді.
Тәрбиеші Г:Сәлеметсің бе, балақай!Мұнда жалғыз не істеп жүрсің ата- анаң қайда? Кіммен жүрсің?
Ж.Бала: Сәлеем балалар. Әне отыр. Сендер мұнда не істеп отырсыңдар?
Салих: Біз балабақшадан мектепке ұшқалы тұрмыз.
Бала: Балабақшада не істедіңдер, не бар онда? Мен балабақшаға бармағанмын, барғым да келмейді.
Тәрбиеші Г: Балалар біз балабақшада не үйрендік?
Бал.р: Күн тәртібіне, білім алдық, ән айтуды, өлең шумақтарын жаттап үйрендік. би билеп үйрендік. Енді 6-ға толып мектепке барамыз.
Ж.Бала: Мен де 6-ға толдым менде сендермен мектепке барғым келеді.
Айлана:Сен мектепке не апару керектігін білесің бе?
Ж.Бала: Портфель
Айлана: Ішіне не салатынын білесің бе?
Ж.Бала: Кітап, дәптер, ет, нан
Айлана: Жоқ сін қателесесің. Портфельге не салатынын біздің балалар айтып берсін. Көрініс тамашалаңыздар.
Көрініс.
Мейірбек
Биік те емес аласа,
Бір портфель тұр жараса.
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
.Пенал: Адина
Тук тук тук
Түсім бе әлде өңім бе
Жай портфель емес тегін де
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым.
Онда өзім тұрамын.
(Ішіне кіріп кетеді)
Автор: Гүлнұр
Енді әліппе келді
Портфельді ол да көрді.
Әліппе: Әділет
Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін.
Автор:
Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарады ол да телміре.
Дәптер: Альмира
Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бірге тұрайық демекпін.
Автор:
Түгелдесіп бір-біріне
Достар күтіп алыңдар
Келіп жатты жүгіріп
Ақлды сондай көк қалам
Көк қалам: Салих
Жазу жазар болса кім
Мені іздейді әр қашан
Оқушылар таныссын
Мен боламын қалам сап
Автор:
Пайда болды 4- тік те
Көп ұзамай 5-тік те
Айтып жатты жарысып.
Өз ойларын естірте.
4 - тік – Нұрәлі
Жақсы оқитын балалар
4 пен 5-ті алады
Ұқыпты озі ынталы
Тәрбиелі болады.
5- тік – Баға: Медина
Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
Автор:
Міне осылай портфелдің
Лезде іші лық толды
Сарт етіп аузы жабылды
Оқушы оның иесі.
Барлығы:
Біз мектепке барамыз
Біз оқушы боламыз
Айлана: Қожа міне мектепке не апаратынын көрдің бе?
Ж.Бала: Ия көрдім, енді ұмытпаймын.
Ән: "Әріптер".
Ж.Бала: Балалар сендер ұшқалы тұрған ұшқышсыңдар менің сендерге бір сыйлығым бар,-- деп қолындағы қағаз ұшақты сыйлайды да қоштасып кетеді.
Би: "Қағаз ұшағым"
Тәрбиеші Г: Балалар біз мектепке дайын екенімізді қане келген қонақтарға көрсетейікші.
математикадан кім маған 1-10 дейін тура , кері санап береді? Ендеше
"Санды асықпен салыстыр. " ойынын ойнайық.
Балалар музыка арқылы ортада сандардан айнала билеп музыка тоқтағанда санмен асықты сәйкестендіреді.
Грузин жолаушы: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Тәрбиеші Л: Сәлеметсіз бе. Сіз Қазақстанға қай елден келдіңіз?
Балалар: Иә, білеміз астанасы Тбилиси.
Диско әні.Жарайсыңдар балалар ендеше көңілді ән айтайық Ән: Көңілді Диско
Жолаушы: Рахмет айтып шығып кетеді
Сіздерге сый балаларымыздың құттықтау – тілек сөздерін қабыл алыңыздар.
Айлана
Сізді біз сирек көреміз
Құрметпен сәлемдесеміз
Сыртымыздан жағдайды
Жасап жүр деп сенеміз Аягөз Имангазиева сізге үлкен рахмет!
Әбілмансұр
Жайдары жүз,ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Дилфуза және Елизавета апайларға көп рахмет
Мединат Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Жания Бексултановнаға мың алғыс!
Мадияр Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Жадыра апайға көп рахмет
Ән: Қоштасу
Тәрбиеші Г:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Біріншіге баратын бүлдіршіндерді,
Құттықтауға сөз кезегін берейік. Бөбекжай меңгерушісі Аягөз Имангазиевнаға сөз кезегі өзіңізде.
Тәрбиеші Л: Диплом марапаттау.
1.Ортамыздың ажары, ол топтың бал жары- Адилова Айлана
2. Көпшіл алғыр әдепті- Сайлау Әбілмансұр
3. Сабырлы жайсаң мінезі- Джаналинов Айбар
4. Күллі жұртты тамсантып, мың бұрала билейтін- Татиева Аруна
5.Бойында үлкен намыс бар, әрқашан алға ұмтылған- Абдалиев Жасур
6.Жібектей мінезі, топтың жарық жұлдызы- Онгархан Айзере
7. Жақсылықтың жаршысы, ақкөңіл, сүйкімді қыз- Боранбай Адия
8. Өзі сондай ұқыпты, топта ең көрікті- Батырбеков Дидар
9. Ай мен күнге балаған, нәзік жан ғой бұл -Доскенова Медина
10. Талабымен қуантып, білімімен таң қалдырған- Ақан Әділет
11. Ойы ұшқыр, қиын есеп болса да, лезде шешіп беретін- Қайырбек Мейірбек
12. Тобымыздың инабатты, әдепті сұлу қызы- Болат Амира
13. Биязы мінезімен, түрлі рөлді сомдайтын, күлімдеген барлық достар қолдайтын ол –Нұртаза Салих
14. Біздің сондай дарынды, шеберлі қызымыз –Асылбек Адина
15. Үлкенді мүдірмей тыңдайтын, адамдарды қошеметпен сыйлайтын- Махметов Мадияр
16. Топтың жүрегі ол болар, білімділердің тілін біліп, бар жағынан танылған-Зайнышева Альмира
17. Оқуда жүйрік, тәрбиесі де берік, ажарлы қыз- Табылды Мединат
18. Тіл табысқан бәрімен, жігіттердің сұлтаны – Сердәлі Аркат
19. Өзі алғыр, қайсар ұлымыз- Мұратхан Алинур
21. Салмақты байсал мінезді- Болат Мансұр
22. Ержүрек, қайсар мінезді – Серік Ансар