Көлеңке театры: «Кеше, бүгін»
Өркенбай Еркежан: Балам бүгін сен балабақшаға барасың ,ол жерде сен балалармен ойнайсың. Достарың көп болады .
Марьям: Анашым мен мұнда қалғым келмейді ,мені алып кетіңізші.
(жылайды)
Тәрбиеші : Келе ғой жылама, міне бұл біздің топ
Слайд шоу.
Жария Ермековна: Салеметсіздер ме,құрметті қонақтар !
Бүгінгі №12 «Еркежан»тобының «Балабақшамен қоштасу» мерекелік кешіне хош келдіңіздер.
Жария Ермековна:
Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәби еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Фарида Калкамановна:.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді аптығып,
Жүректері тұр ма әлде,
Қоштасатын шақты ұғып.
Жария Ермековна:Кешегі бүлдіршіндеріміз , бүгінгі балабақша түлектерін сахна төріне қошеметпен шақырайық.
Би: «Көңілді шамдар»
Әбілмансур:
Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең.
Алиша:
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Нұрислам:
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп - көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
Асылым:
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз
Ераслан :
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
Алиша:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
Ән : «Біз мектепке барамыз»
Әдемі әуен қойылады.
Қонаққа Фиксик келеді.
Фиксик:Салеметсіздер ме,балалар? Мені таныдыңдарма?
Ия,мен Фиксикпін,барлық электро құрылғылардың құтқарушысымын.
Мен сендерді балабақшамен қоштасып жатыр деп естіп келдім .
Мектепке баруға дайынсыңдарма?
Мен сендерге қызықты ойындар алып келдім . Ал айта қойыңдаршы,
қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Көктем айында неше ай бар?
Қазір қай ай?
Балалар менің мысық достарым есеп шығарып ойнағанды жақсы көреді . Бірге ойнайсыңдарма? Орталарыңнан екі бала мысық болсын,
Қалғандарың тышқан боласыңдар.
Ойын: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты :Берілген есептің шешуін тауып алу керек, кім көп тышқан ұстайды сол жеңімпаз болады.
Керемет.
Әбілмансур: Фиксик біздің балалар санамақта айта алады.
Ердаулет:
Санамақ:
Үңілсеңдер сырына
Санамақтың түрі көп
Есептеңдер мұны да
Сондайлардың бірі деп:
Бір дегенім-білім
Екі дегенім-елім
Үш дегенім-үміт
Төрт дегенім-түлік
Бес дегенім-бесік
Алты дегенім-асық
Жеті дегенім-желім
Сегіз дегенім-сенім
Тоғыз дегенім-төзім
Он дегенім-өзім
Айлин:
Ал санайық, санайық
Ал санайық, санайық,
Сан сырына қанайық!
Бір саусақты жұмайық,
«Бір саны», - деп ұғайық!
Екі саусақ жұмайық
«Екі сан» - деп тынайық!
Үшіншісін жұмайық,
«Үш саны» - деп шығайық!
Тағы бірін жұмайық,
Төрт санына ылайық.
Жұдырықты жұмайық,
"Бес болды» - деп ұғайық.
Оң қолдың енді біреуін,
Тағы да ептеп жұмайық,
«Алты сан», - деп ұғайық,
Екіншісін жұмайық,
«Жеті сан» - деп ұғайық!
Үшіншісін жұмайық,
«Сегіз ғой» - деп тынайық!
Тағы бәрін жұмайық,
Тоғыз санға ылайық.
Жұдырықты жұмайық,
«Он болды» - деп ұғайық.
Жарайсыңдар!!!
Әбілмансур: Фиксик біздің балалар ән де айта алады. Ән тыңдап сергіп алайық
Ән: «Балабақша»
Фиксик : балалар мен сендермен тағыда ойын ойнағым келеді.
Ойын: 1.Сөз құрау.
1.Дінмұхаммед,Әбілмансур,Юнус,Жансулу,Ераслан,Серікбай Айзере
2.Жәнібек,Сәбит Айзере,Алиша ,Данат,Томирис,Айша,Темірлан,Нұрислам,Асылым,Айлин
Текшелердегі әріптерден зерек ,мектеп сөзін
құрау және дыбыстық талдау жасау .
«Секіртпе»
Мақсаты:берілген есептің шешуін тауып алу .
Ән:«Тәрбиеші апай»
(Алиша ,Дінмұхамед,Айлин,Әбілмансур,Дария,Нұрислам)
Би: «Фиксики»
3. Шешуін тап.
Логикалық сұрақ:
1) Ребус :Түйеқұс.Торғай
2. Жұмбақтар:
1) Санда бар,
Сапада жок.
Ханда бар,
Қарада жоқ.
(Н)
2)Бір құлағы сөйлесе,
бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды (Телефон)
3Мақалды жалғастыр
1)Өнер білім бұлағы.....(білім өмір шырағы)
2)Әке көрген оқ жонар....(шеше көрген тон пішер)
3)Қыз өссе елдің көркі .... (гүл өссе жердің көркі )
Би: «Көңілді балалар»
Фиксики:жарайсыңдар,өте зерек ақылды балалар екенсіңдер. Менің енді басқа балалардың да білімін байқауға баруым керек . Мен сендерді мектепте күтемін ,сендер мектепке баруға дайын екенсіңдер .Менің сендерге арнап әкелген сыйлығым бар,апайларыңа берейін . Кездескенше сау болыңдар!
Данат
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бөбекжаймен балақай,
қоштасатын күн бүгін
Ойыншықтарды жинайық
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып өссек те
Бақшамызды қимаймыз.
Жансұлу:
Мен мектепке барамын,
кілең бестік аламын,
жалқаулықты тастаймын,
ақылды қыз боламын
Серікбай Айзере:
Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз.
Марьям , Зере
Көрініс : «Үздік оқушы »
Қолында телефон ұстап анасы кіреді.
Әкесі кіріп, теледидар алдына жайғасады .
Қолында ноутбугі бар інісі кіріп жайғасады.
Ауыр сөмкесін көтеріп Нұрислам анасының қасына келеді.
Анасы (Асылым): Тик ток ,инстаграм деген қандай керемет.
Нұрислам: анашым маған сабағымды орындауға көмек керек.
Анасы :Тұра тұршы, балам, мен лайк батылға қатысып жатырмын,әкеңе бар.
Нурислам: әкесінің қасына барады.
Әкесі(Батырхан): Балам кел отыр ,футболдың ең қызық жеріне келдік ,қазір гол соғады . Нұрислам иығын қусырып інісіне қарай бет бұрады. Ердаулет маған ноутбук берші ,тапсырмаларынды орындап алайын.
Ердаулет: Жоқ,жоқ,жоқ тұра тұр ,мен майнкрафт ойнап жатырмын,
әжеме айтшы көмектеседі.(Әжесі келеді)
Әжесі : балам саған не болды ,көңілсізсің ғой ?
Нұрислам: Әжетай ,маған үйге тапсырмалар берілді соны орындауға көмектесесіз бе?
Әжесі : Әрине, сен жатып дем ал ,мен барлық тапсырмаларыңды орындап қойайын. Мына кемпірде әліде білім бар шығар ! Енді тағы қандай көмек керек?
Нұрислам: Бізде спорттық жарыс болады соған ата анамен бару керек .
Әжесі : жүр кеттік, жарысып та көрейік.
Анасы : әкесі біздің бала білімді болып ержетеді ия? (әкесі басын изейді)
Жария Ермековна : Нұрислам мен әжесі келеді қолдарында диплом медаль ,күнделігі кілең бестік баға .
Жария Ермековна : Құрметті ата-ана балаларды әжелеріне итере салмай ,балаларға көңіл бөліңіздер. Қазіргі заман талабына сай болу үшін, балалармен көбірек қарым-қатынаста болу керек
Жария Ермековна:
Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең«бестік» алыңдар.
Ән : «Сау бол балабақша»
1.Жүргізуші :Құрметті балабақша қызметкерлері сіздерге арналған балаларымыздың арнауын қабыл алыңыздар.
Дінмұхамед
Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан
Бұл бақшаның жүрегі
Бөбектердің тірегі
Ол Аягөз апай ғой
Оны бәрі біледі.
Аягөз апайға мың алғыс
Сәбит Айзере:
Әдіскер бар бақшада
Талапты, әрі әдемі
Әрбір сөзі мәнерлі,
Әдіәскерлерге мың алғыс!
Жәнібек :
Ұл –қыздарды билеткен
Ән де айтып үйреткен
Әнші,биші апайларға мың алғыс!
Әбілмансур:
Ауыра қалса бір жерің
Тынымсыз шауып жүретін
Дәрігерге мың алғыс!
Айару :
Әрқашан бізге жалықпай
Жылы төсек салатын
Әсел апайға мың алғыс!
Юнус :
Тәтті тағам пісірген
Айран – сүтін беретін
Аспазшыға мың алғыс!
Би « Вальс»
Жария Ермековна :
Міне құрметті ата- аналар біздің сәби түлектеріміз осылайша өздерінің қимас ұялары балабақшамен қоштасты, сіздерге айтарымыз балалардың әрі қарай жақсы- жаманды айыра білуі, денсаулықтарының мықты, берік болу сіздердің қолдарыңызда, әр кез баламен бірге болып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, тек қуанышқа бөлене берулеріңізге және үлкен төзімділік, шыдамдылық тілейміз, ендігі сөз кезегі өздеріңізде.
Ата-анаға сөз беріледі .
Ән : «Тәрбиеші »
Абильмансур: біздің түлектерімізді құттықтау және марапаттау бөбекжай меңгерушісі Каппасова Аягөз Имангазиевнаға беріледі.
Жігерлі, байсалды ,сегіз қырлы бір сырлы жігіттеріміз:
Әбілмансур,Данат,Дінмұхамед,Нұрислам
Шыншыл,білімді,салмақты жігіттеріміз:
Салим,Жәнібек,Батырхан,Ердаулет
Тәрбиелі , батыл ,сері жігіттеріміз:
Сардар,Темірлан,Ераслан ,Юнус
Ақылды ,көрікті ,ерке қыздарымыз:
Алиша,Айзере,Айлин,Марьям
Сүйкімді, мейірімді ,сұлу қыздарымыз:
Асылым,Зере,Айару.Айша
Өнерлі,сыпайы,ақылды қыздарымыз:
Жансұлу,Айзере кіші,Томирис
Жария Ермековна
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Фарида Калкамановна:
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Бірге: Біз сендерге ақ жол тілейміз!
Бөбекжай әнұраны : «Зерегім»