Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз мектепке барамыз!

03.06.2024

Тақырыбы «Біз мектепке барамыз»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй туғызу,есейіп, мектепке баратындарын сезіндіру, мәнерлеп тақпақайтып, өнерлерін көрсетіп, балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту.Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерін өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.  

Мерекеге сай әсем безендіріген залға музыка әуенімен тәрбиешілер кіреді.

 1- тәрбиеші: Армыздар қымбатты ата-аналар,қонақтар!Бүгін біз мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.Бүгін балабақша балғындарына ең ұмытылмас жүрек тебірентірелік сәт күтіп тұр.

2-тәрбиеші:

Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып , қошеметпен отырайық,

Бүлдіршін түлектерін қошеметпен қарсы алайық!

\Балалар музыка әуенімен ортаға шығып билейді\

1-ж: Алдарыңызда нәзік ақылды қызымыз Томирис, өнерлі ұлымыз  байсалды, сабырлы Батырды   қарсы алыңыздар.

2-ж: Айдай сұлу қызымыз  Нұрай, ер жүрек батыр ұлымыз  Даниялды  қарсы алыңыздар.

1-ж: Алдарыңызда теңдесі жоқ ару, ақылына көркі сай Рәбия,сап-салмақты, байсалдыдарынды Расулды   қарсы алыңыздар.

2-ж: Күлімдесе көзінен күн көрінген қызымыз Гаухар, біздің дарын озып шығар  бар ұлдан Әлиді  қарсы алыңыздар.

1-ж: Әдемі күлкісімен жанды баурап алатын қызымыз Инкар, сымбатты , жігерлі, ұлымыз Санжар және бақшамыздың мәпелеген еркесі Жалғас ұлымызды  қарсы алыңыздар

1-ж: Инабатты бишіміз бар майысқан,Раянаны  танимыз біз алыстан,тақылдап тұрып, тақпақ айтатын жаңылмай,жұмсай қалсаң  жүгіретін қуанып Ерали ұлдарыңыз,және сап-салмақты таза,байсалды  жүретін Дамир ұлдарыңызды   қарсы алыңыздар.

1-ж: Балабақшамыздың мақтанышы, дарынды ұлдарыңыз,Алихан деген балақан,әдепті бар тал бойына жинаған,өзі алғыр қызымыз Инараны қарсы алыңыздар.

1-ж: Сұлу әрі сыпайы,сүйкімді Сезім қызыңыз бен, біздің ақылды, байсалды   ұлдан,Арлан ұлдарыңызды қарсалыңыздар.

1-ж: Күміс көмей  әрі әнші, биші  қызымыз Кәусарға Ерали деген байсалды, сері жігітті таныңыз.

,қол соғайық бәріміз, Ерали деген байсалды, сері жігітті таныңыз.

1-ж: Жыбырлақтық тентектігі бар бойында, ертегіде бар ойы сүйкімді Шахназар атты ұлыңыз, бар білімін тал бойында жинаған, өзі алғыр қыздарыңызАяжанды қарсы алыңыздар..

Би «Көңілді қимыл биі»

Ән «Біз бақытты баламыз»

Тақпақтар

\Санжардың тобы бастаған өлең шумақтары

Санжар

Бақшамызды ұмытпай,

Келіп-кетіп тұрайық.   

Сондай кезде апайлар,

Қалады гой қуанып.

Арлан

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға. 

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Дамир

Тәрбие берген ұямыз.

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,   

Мектепке кетіп барамыз.

Жалғас

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып ән жаттап,

Жазуды да үйрендік.

Қызық күндер өткіздік,    

Балабақша бағында.

Көп ойнадық,көп білдік

Ел мен Отан жайында.

Нұрай

Мектепке күзде барамыз.

Оқимыз, білім аламыз.

Қашықта емес арамыз, 

Бақшаға келіп тұрамыз.

Мен мектепке барамын,

Кілең бестік аламын.

Жалқаулықты тастаймын,

Ақылды қыз боламын.

Даниал

Алты жасқа толғанбыз

Ақылды бала боламыз.

Қуантып ата-ананы

Мектепке біз барамыз.

Рәбия

Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы   

Балғын сәби жастықтың

Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз.

Қоштасатын күн бүгін.

Музыка әуені \теңіздің дауысы\

Қарақшы сөзі: Жүр мына кемені тонайық.Қазына тауып алатын шығармыз.Музыка Қарақшылар :Қазына тауып алсақ саған бесеу, маған он.

-Саған тағы бесеу маған он.

Қарақшы:- Бұның қалай, Тең бөлеміз деп  келісті қой. Енді бөлеміз сенің бойың аласа, ендеше саған бесеу, менің бойым ұзын ендеше маған он.

-Кел көрейік, Бойымызды \Бойларын тексеріп тұрады.

Сонда екінші қарақшы биік аяғын ұшын көтереді қайта-қайта Музыка.

Қарақшы: Тоқта кеменің қасында көп әдемі балалар отыр! Сыбырлайды.

Тәрбиеші: -Сіздер кім боласыздар? Сіздер кешігіп келген қонақсыздар  ба?

-Отырыңыз.Жайғасыңыздар..

Қарақшы: Ешқандайда біз  қонақ емеспіз. Біз қазына іздеп жүрміз.Жан-жақтарын қарап шығады. Музыка

Қарақшы:-Қалталарыңда не бар бәрін шығарыңдар! Біз сендерді тонаймыз.

Тәрбиеші: Бұл балалар мектепке барады.

-Біз сендерге бұзықтық жасауға үйретеміз. Тапаншамен  пиф-паф деп атуға үйретеміз.

Жүріңдер!-Кім барады?

\Артына қараса ешкім бармайды\

Балалар жауабы:Біз бармаймыз. Біз білім аламыз. Мектепке барамыз.Оқимыз. Жазу жазамыз. Есеп ығарамыз.

Қарақшы:-Балалар мектепке дайын ба?

Балалар жауабы: Дайынбыз.

Қарақшы: қай балаға бас киім кигізсем сол бала сұраққа жауап береді.

Ойын «Сиқырлы сұрақтар»

Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін тиянақтау.

Ойын шарты: Қай баланың басына шляпа кигізеді, сол бала жауап береді.

- Қазақ альфавитінде неше әріп бар?

- Қанша дыбыс бар?

- Дыбыс нешеге бөлінеді?

Қандай-Қандай?

- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

Қандай-қандай?

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?

- Әріптерден не құраймыз?

- Буындардан не құраймыз?

- Сөздерден не құраймыз?

- Хабарлы сөзге сөйлем құра:

- Сұраулы сөзге сөйлем құра.

- Лепті сөзге сөйлем құра.

Қарақшы: -Біліңдерің тамаша, жап-жақсы жауап береді екенсіңдер.Біздің достарымыз көп.шақырайық. \Ышқырып шақырады\.

Би «Қарақшылар»

Ән «Біз мектепке барамыз»

Тақпақтар

Инкар тобы бастаған өлең шумақтары

Инкар

Оқимыз, білім аламыз

Болашақ жолын саламыз   

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз.

Расул

Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз  үйіміз сияқты                 

Мектепке енді барамыз.

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Сезім

Біз балауса баламыз.

Жетелеп ой санамыз

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке енді барамыз.

Қош бол, балабақшамыз,     

Қимай кетіп барамыз

Бал күндерді қиялап

Сағынамыз әлі біз.

Инара

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз.

Оқу білім үйреткен

Өзіңізді қимаймыз.          

Алты жасқа толғанбыз

Қуантып ата-ананы ,

Мектепке кетіп барамыз.

Томирис

Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітін де ақтармыз

Тәрбиеші сізден алған ақылды    

Есімізде өмір бойы сақтармыз.

Қ.Ерали

Міне,мен де

Үлкен болдым,      

Жасым толды жетіге.

Кітаптағы ертегіні

Енді оқимын өзім де.

Б. Ерали

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер, қаламым,

Мен мектепке барамын     

Қуанышым менің мол,

Мектебіме тартып жол,

Балабақшам қош сау бол!

Әли

Елдің атын жазамын

Жердің атын жазамын,

Туған тілге тазамын,    

Батаңды бер қазағым

Мен мектепке барамын.

Музыка әуенімен ,Түрлі-түсті шарлармен су перісі кіреді.

Су перісі: -Көмектесіңдер!Көмектесіңдер!

Уф, шаршадым! Су, су су.

Қарақшы: Су перісі саған не болды?

-Аспанда неге ұшып жүрсің?

- Су перісінің аспанда ұшқанын алғашқы көріп тұрғаным.

-Балалар сендер көрген шығарсыңдар ?

\Балалар жауабы\

2- Қарақшы.-Су перісі сен суда жүзіп жүру керексің гой.

Су перісі: Мен мына шарларға оратылып қалдым.Өзің білесің мен сусыз өмір сүре алмаймын.

Қарақшы: Мынау  қағазда нелер бар?

Су перісі: Тапсырмалар. Егер бұл тапсырмалар дұрыс орындалса мен босатылып, теңізге жүзіп кетем.

Қарақшы: Біз саған көмектесе алмаймыз.Біз мектепке бармаймыз. Мүмкін балалар көмектесер.

Тапсырма «Сиқырлы сөздер»

Тапсырма шарты: Әрбір шарда берілген сөздерді оқып беру.

Мектеп, Қалам, Дәптер, Кітап, Балабақша, Қалам, Өшіргіш, Ата; Ана,

Су перісінен барлық шарлар босатылады.Су перісі музыка әуенімен билейді.

Қарақшы: Су перісі қарашы сенің мидузаларың сені іздеп келіп қапты.

Би «Мидуза»

Қарақшы: -Су перісі  балық аулайық

Су перісі: -Мен сендерден де көп аулаймын.

Ойын «Балық аулау»

Керекті құралдар:Шықыршықтар, бас киім 2, балық суреттері мен сандар.

Ойын мақсаты: Балалардың ойлау  қабілеттерін анықтап, сараптау қабілеттерін тиянақтау.  

Ойын шарты: Музыка әуенімен басталады.Айтылған есептердің жауабын

балықшы ойдан есептеп  шықыршығына, яғни қармағына алу қажет.

Қарақшы:-Достым, мектепке бару үшін не керек?

2 Қарақшы:-Білем, білем,тапаншалар, керек.

2-Қарақшы:-Бұл кеме біздікі ғой.Теңіз бойы талай мұхиттардан жүземіз.

Қарақшы:

Бұл кемемен достым екеуміз  кетпейміз бұл кеме мектепке жол тартады екен. Қопа көлі бойымен басып балаларды   1- ші сыныпқа таратады екен. Достым бұл кемеге білімді , тәртіпті балалар мінеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудау болып шығады.

Қарақшы: Анау жүзіп келе жатқан кемені көріп тұрсың ба?

-Сол кемені екеуміз қарсы алайық

Мүмкін нағыз қазына тауып алармыз!

\Екеуі кетіп қалады.\

Тақпақтар

Гаухар тобы бастаған өлең шумақтары

Гаухар

Ас әзірлеп бақшада.

Көңіл бөлер бақшаға.

Дәмді тағам дайындау

Еңбек қой бұл қаншама

Қолы алтын аспазшылар       

Шынар апай, Галина апай

Ешқашанда шаршамаңыздар!

Алихан

Ақ халатын киеді.

Аппақ болып жүреді.

Қарапа Еркеновна апай тілейді

Балалар ауырмай жүрсін деп,        

Денсаулығы мықты боп

Ұзақ өмір сүрсін деп.

Шахназар

Мейірімді де әдемі.

Бүкіл бақшаға қарайды.       

Тобымызға әркез кеп

Халімізді сұрайды.

Апайларды сыйлайды

Әдіскер Дильфуза Сапарғалиевна апайға мың алғыс!

Кәусар

Орын берген бақшадан,

Меңгеруші жақсы адам.

Меңгеруші апайға

Ырза шеше, әке де,

Бізде  мұнда әрдайым

Бәрі-бәрі дап-дайын.               

Қамымызды ойлаған.

Сондықтан да біз үшін

Артық өзі басқадан

Бұл бақшаның жүрегі,

Бөбектердің тірегі,

Ол Аягоз Имангазиевна апай гой

Оны бәрі біледі!

Раяна

Әдіскер бар бақшада

Талапты,әрі әдемі.

Елезавета Абдрахмановна апайды байқасақ,

Ақылына көркі сай,       

Әрбір сөзі мәнерлі!

Расул

Ақ төсеккке жатқызған,

Тәтті тамақ ұсынған.      

Тобымызды жинаған

Бала болып бізбен ойнаған

Аяжан апайға мың алғыс! 

Қ.Ерали

Үйретіп әнді,билерді

Тақпақтар мен күйлерді

Өткізіп талай ертеңгіліктерді      

Дайындайтын біздерді.

Ақмарал Жұмабаевнаға мың алғыс!

Аяжан

Жүгіртіп біздіалатын,

Доптай шапшаң секіртіп.       

Шынықтырып денеңді

Шымыр болуға үйреткен

Бейнегүл Жеңісқызы апайға

Бәрімізден көп рахмет!

Батыр

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан,

Санамақты жаттатып,    

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған

Қате болса кешірген,

Сайрангүл апай, Асемгул апай

Сіздерге мың алғыс!

 

 

Ән « Балабақшамен қоштасу»

Би «Қоштасу вальсі»

 «Зерек» балабақша меңгерушісі Аягөз Имангазиевнаға сөз беріледі.

Мадақтау грамотасы мен Ата-аналарға алғыс хат беріледі.

Ән « Риза ағай, апайда»

Музыка әуенімен балалар кемеге қарай кетеді.

 

Сұрақтар




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.06.2024 15:47
Құрылған күні: 03.06.2024 15:47

Текст