Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аяз ата қайдасың?»

22.12.2023

Ертеңгілікке жауаптылар:

Музыка жетекшісі: Н.Н.Тилеубаева.

Кейіпкерлер:

Аяз ата: Рахат Мейірбекұлы

Ақшақар: Мөлдір Депуқызы

Ақшақар көмекшісі: (Эльф) Гульнур Бощанова

Қарға: Фарида Калкаманқызы

Қоян: Гулзира Ержанқызы

Көрнекіліктер: созылмалы түтікшелер, безендірілген сыйлықтар, сыйлық салатын қапшық, мұз сүңгілері ілінген жіп.

1.Музыкалық ойын: «Пойыз»

Шарты: музыка әуенімен балалар бірінің артынан бірі жүреді. Әр аялдаманың аты аталады сол аталған сөздерді балалар қимылмен көрсетеді.

2. Ән: «Жаңа жыл»                                                                                                                                                                                                  

3.Би: «Түтікшемен билеу»

Шарты: әр балаға түтікшелер беріледі сонымен әнді айта отырып қимылдар жасайды.                                                                                                                             

4.Ойын: «Қоян мен Қарға»

Шарты: Кейіпкерлердің  қатыстырылуымен  ойналатын  ойын.  

Аудио жазба музыкасымен  және  мәтінімен сюжетті  сценарий ойыны

Музыканың  сипатына  сәйкес  ойын  әрекеттерін  орындау, музыкалық шығарма  мен  кейіпкерлер  образын  сомдау. Мерекелік  ертеңгілікте  ертегі  кейіпкерлерін тамашалап,  олармен  бірге  көңілді  ойындарға  қатысады.

Музыка  әуенімен  қоянның  қапшығына  ойыншықтарын  қайтадан  жинап  салып  береді.                                                                                                              

5. Би: «Заманауи би» қыздар                                                                                                                                                  

6. Ән: «Шыршамыз»                                                                                                                                                         

7. Ойын: «Мұз сүңгілері»   

Шарты: Музыка сүйемелдеуімен жүру, жүгіру, музыка сипатының ауысуын байқау  дағдыларын қалыптастыру, музыканың қарқынына сәйкес (ақырын- қатты, баяу-жылдам) қимылдарды ауыстыру.

Ал енді балалар, енді бәріміз шеңберге тұрамыз. Музыка әуенімен балалар билеп жүріп мұз сүңгілерінең астынан жүріп өтеді.

8. Би: «Флешмоб»

(Музыка әуенімен залға жан – жағына қарап таң қала адасып Ақшақар кіреді) Ақшақар: Ата, Аяз ата, қайдасыз? Ау, ау, ой мына жақта қандай керемет. Біз Аяз ата екеуміз жаңа жылдық мерекеге бара жатып орман іші адасып қалдық. Ой бұл жақта ешкім жоқ қой.Жаңа жыл мерекесін тойлайтын балалар қайда екен?

(Ақшақар жан – жағына қарап іздейді, пойыз даусы естіледі, түрлі жаңа жылдық костюмдер киген балалар  пойыз музыкасымен залға кіреді)

Музыкалық ойын: «Пойыз»

Шарты: музыка әуенімен балалар бірінің артынан бірі жүреді. Әр аялдаманың аты аталады сол аталған сөздерді балалар қимылмен көрсетеді.

Ақшақар: Қандай тамаша қандай әдемі балалар! Сәлеметсіздер ме?

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Ақшақар: Балалар, сендер Аяз атаны жол жөнекей көрмедіңдер ме?

Балалар: Хормен «Жоқ» деп жауап береді. (Эльф жүгіріп кіреді, залды айнала балаларға бір қарап шығады )

Көмекші: (Эльф) Аяз атаны таба алмадым. Еш жерде көрінбейді. Қырда да жоқ, орманда да жоқ, мұнда да жоқ.

Ақшақар: Қызық, атам қайда кетті екен? Жаңа жыл болса келіп қалды. Ата келмесе, шыршамыз  не болмақ?

Көмекші: Балақайлардың сыйлықтарын қалай береміз?

Ақшақар: Аяз атаны күтіп отыратын болсақ, кешігеміз. Сондықтан өзіміз дайындала берейік. Олай болса балалар біз аяз ата тез келсін десек ән айтып, би билеп, ойындар ойнасақ біздің даусымызды естіп аяз ата келіп қалар.Ал, достарымыз бізге көмектеседі. Солай ма, балалар?

Балалар:  Хормен «Иә» деп айтады.

Ән: «Жаңа жыл»  

(Музыка әуенімен  Қоян кіреді арқасында қапшығы бар)                                                                                                   

Ақ қоян: Аяз ата біздерге

Сыйлықтарын беріп жіберді.

Өзі басқа балаларға,

Тез жолығып келем,-деді.

Шыршаны  осылай  айналып,

Бәріңді өзіме қаратайын

Қапшықтағы сыйлықтарды

Балаларға таратайын.

(Осы  кезде музыка әуенімен қарға ұшып келеді)

Қарға:

Қарқ, қарқ, қарқ

Қарқ, қарқ еткен қарғамын

Қалбаңдап ұшып, жортамын.

Қапшық  толы  сыйлық  екен.

Шұқылап, тесіп, жыртамын

Сыйлықтарын шашамын.

Біртіндеп жинап аламын.

Қарқ, қарқ,

Ол музыка әуенімен оңай жапсырылған жамауды жыртып, қарға қапшық  толы, кішкене етіп, әдемі оралған сыйлықтарды әр жерге түсіріп жүреді.  Оны қоян байқамаған болады.

Сыйлықтарды қарға жинаған болады.

Музыка ауысады.  

Ақ қоян:

Менің  қапшығым  неге  босап  қалған.

Ішіндегі  сыйлықтарды  кім  алған?

Балалар:  Қарға  алды, қарға  алды.

Ақ қоян:  Кыш,  кыш,  қарға, қарға

Бұл  сыйлықтар, балаларға

Қарға: Қап, мына  балалар, мені  жабылып  қуғанын ай....

Сыйлықсыз  енді  қалғаным ай....

Қарға залдан шығып кетеді

Ақ қоян:  Кішкентай  бүлдіршіндер, маған  көмектесіңдерші, Аяз  атаның сыйлығын  қарға  шұқылап, шашып кетті.  Аяз  ата   келгенше  қайтадан  сыйлықтарды  жинап,  салып  беріңдерші. Келіңдер, келіңдер, бәріміз бірге  жинайық.

Музыка. Балалар  шыршаны  айнала  шашылып  қалған   сыйлықтарды  біртіндеп  жинап,  қоян  ұстап  отырған  қапшыққа жинап  салып  береді.

Ойын: «Сыйлықтарды жинау»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Ақшақар: Бірлесе көтерген жүк жеңіл. Достар, барлығымыз бірлесе сыйлықтарды  ақ қоянға жинап бердік, рақмет сендерге.

Көмекші: Мәссаған, сыйлықтарды қалай тез жинап тастадыңдар?!

Керемет! Жарайсыңдар!

Қыс мезгілі бастала

Жаңа жыл да келеді.

Ақылды бар балаға

Аяз ата сыйлық береді

Жарайсыңдар балалар! Сендер ақ қоянға көмектесіп, сыйлықтарды бірге жинадыңдар, балалар бір дауыс шығады ол не дауыс екен? Тыңдайықшы.

(музыка әуені естіледі, залға Аяз ата кіреді)     

Аяз ата:

Құтты болсын, балалар,
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп кыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қапсыңдар,

Мен сендерге асыға келдім балалар. Ой, ақ қоян мен ақшақар да, көмекші Эльф те осында екенсіндер гой. Сендерді кезіктіргеніме қуаныштымын.

Ақшақар: Ата, сізді көріп қатты қуанып қалдым. Сіз келмесеңіз жаңа жылды қалай жарқыратып, қалай тойлаймыз деп уайымдап едім.

Көмекші:  Алақай, алақай атамыз келді, енді еш уайымсыз жаңа жылды тойлаймыз.

 (көмекші эльф осы жерде түтікшені алып сыбызға тартқандай ойнап куанады)         

Ақшақар: Тоқта, тоқта, бұл  сыбызғы емес  түтікше. Біз балалармен атамызға арнап түтікшелер биін билеп береиік.

 Би: «Түтікшемен билеу»                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Көмекші: Шыршаға қарай жақындайды.

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса - деп өлеңдеткен Көмекші шыршаға қарап

- Ой, шырша неге көңілсіз? Ақшақар, Ақшақар, шыршамызға не болған, неге шамдары жанбайды?

Ақшақар: Мәссаған, шыршамыздың шамдарын жағуды ұмытып кеткен екенбіз ғой. Қазір Аяз атамыз сиқырлы таяғының ұшымен лезде шыршаны ажарландырып жібереді.

Аяз ата: Иа, иа шырша шамдарын жағайық. Ол үшін балалар бәріміз сиқырлы сөздерді айтайықшы.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! 3рет қайталайды.

Шырша шамдары жанады.

Би: «Заманауи қыздар биі» қыздар билейді. 

Аяз ата: Жарайсыңдар!                                                                                                     

Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда балалар                                                                                                          

Ойын ойнайық жаңа бір.                                                                                                                       

Ойын: «Мұз сүңгілері»

Аяз ата: Қандай тамаша ақылды балалар сендермен көңіл көтеріп жақсы ойнадық.

Ақшақар: Ата қараңызшы біздің балалар бар өнерлерін көрсетті, өте ақылды, тәтті балалар жаңа жылды жақсы тойлатып жатыр.

Көмекші: Міне, балалар! Бірімізге біріміз көмектесіп, барлық істі бірге жасап, мерекені жақсы өткізіп, Жаңа жылды қарсы алдық.

Ән: «Шыршамыз»

Аяз ата: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Би: «Флешмоб»

Аяз ата:

Жаңа жыл мереке

Бақшамызға келді.

Аталарың сендерге

Сыйлықтарды әкелді.

Мен балаларыма жылдап жинаған сыйлықтарымды әкелдім. (қарға мен қоян сыйлықтарды көтеріп алып келеді)

Көмекші:  Аяз ата сіз келіп барлық балалар қуанып мерекеміздің сәні келді. Бүгінгі той думан керемет болды.

Барлығы хормен: Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық! Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты! Жаңа жыл құтты болсын! (қоштасып шығып кетеді)

Сұрақтар




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 22.12.2023 10:50
Құрылған күні: 22.12.2023 10:50

Текст