Ертеңгілік
Тақырыбы: «Анамның аялы алақаны»
№ 6 «Қызғалдақ» ІІ-кіші тобы
Тәрбиеші: Өркенбай Е.
Жүргізуші:-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аяулы аналар, апайлар!
Көктемнің алғашқы 8 - наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. «Анамның аялы алақаны» атты ереңгілігімізге қош келдіңіздер!
«Біздің жігіттер» әнімен ұлдар шығады.
Абылайхан: Құрметті ата-аналар, сіздерді мерекелеріңізбен (бәрі бірге) құттықтаймыз.
Әлем: -Ұлдар «Ана» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Абылайхан:- Ана –ол бақыт.
Алихан:- Ана –қамқор.
Ахмет:- Ана –ол қуаныш.
Ернұр:- Ана –ол жылу.
Искандер:- Ана –ол аялы алақан.
Әлем: - дұрыс айтасыңдар. Ана ол біздің өміріміздің мәні.
Әлем: - Ұлдар біздің топтың қыздары қайда?
Абылайхан:- Бүгін қыздардың да мерекесі ғой.
Ахмет: -Олай болса қыздармен ойнайық,билейік, ән айтайық, қыздарды ортаға шақырайық. Босқа қарап тұрмайық.
Ортаға қыздар музыкамен шығады. Ортаға келіп сәлемдесіп, орындарына жайғасады.
Жүргізуші:
Бүгін наурыздың сегізі -
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Жүргізуші: - Балғын балалардың 8- наурыз мерекесіне арналған өлең жолдарын тыңдайық.
Ернұр
Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.
Абылайхан
Аялаймыз ананымызды
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
Али
Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
Жантемір
Ақ анашым, аппағым.
Өзін жайлы тақпағым.
Өзін жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрінде.
Искандер
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
8-ші наурызбен
Алем
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамын мен құттықтаймын
Ахмет
Біз қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан тартпаймыз.
Меркемен құттықтап,
Қыздарменен ойнаймыз
Жүргізуші:-Ертегідегі бишілерімізді шақырайық.
Би: «Қуыршақтар»
Ойын: Ойын: «Анаға жылу сыйла»
Шарты: Ортаға 4 ата-ана, 4 бала шығады . Балалар аналарына тез гүлдерді жинап беру керек. Кім бірінші жинап береді, сол бала жеңімпаз болады.
Жүргізуші:-Балғын балалардың 8- наурыз мерекесіне арналған өлең жолдарын тыңдайық.
Еркеназым
Бүгін наурыздің 8 - і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Меруерт
Таң қалғандай ғалам
Ең сұлу адам
Анам менің Анам
Аян
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Алинұр
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Алдияр
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Райана
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Данэля
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Олжас
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жүргізуші:-
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді.
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.
Ән: «Әжемді жақсы көремін»
Жүргізуші:-
Біздің ұлдар өздерінің биін сіздерге шашу етпек.
Би: «Джентелмен»
Көктем аруы қонақтармен , балалармен амандасып ортаға келеді. Қолына ұстаған гүлдерімен балалармен қызықты ойын ойнайды.
Ойын: «Гүл сыйла»
Шарты: Ортаға 5 қыз 5 ұл балалар шығады. Әуен ырғағымен билейді . Әуен ырғағы тоқтағанда тез қыздарға гүл сыйлау керек. Кімге гүл жетпей қалған балалар ойыннан шығып отырады. Соңғы жұп жеңімпаз болады.
Жүргізуші:-Балғын балалардың 8- наурыз мерекесіне арналған өлең жолдарын тыңдап көрейік.
Айлин
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Айзере
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Алихан
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Кәусар
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Райымбек
Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Бақшама барарда
Мейірлене қарайсың.
Арыстан
Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Би: «Аспазшылар"
Жүргізуші:-Ән маржанын шашайық.
Ән: «I Love My Mommy» ағышынша ән.
Жүргізуші:-
Ақ жүректі аналар – берекеміз,
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз ! – дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін! Балалар бірге : Ағылшын, қазақ, орыс тілде
«Мен сені жақсы көрем анашым» айтады.
Аналар мерекесіне арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын ! Сау болыңыздар!
Аналар сыйлық беру.