«Туған өлкем»
дәстүрден тыс іскерлік ойын
Құрметті әріптестер! Уақыт жылжыған сайын білім беру жолдары үнемі жаңаруда. Заман талабына сай жан-жақты білім беру-педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет.
XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры.Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету-еліміздің болашағына қызмет ету.
Балаларымыздың болашағын жарқын да,бақытты ету біз бен мына отырған сіздердің қолдарыңызда.
Осы мақсатта біз аянбай еңбек етудеміз.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде ұлттық салт-дәстүріміздің асыл мұрасын танып білу,оны үлгі өнеге тұтып,қастерлеу,маңызын білу тәлімгерлердің пайдалы ісі.
Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатын ел-жұртының салт-дәстүрін жалғастыратын-халық перзенттерін отансүйгіштікке баулып,өткенге үңіліп ,
өлкетану материалын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сондықтан ұлттық тамаша дәстүрімізді тәрбиеге арқау етіп,балаларымыздың білімді,мәдениетті болуы үшін жағдай туғызуымыз
керек.
Бүгін сіздермен бірге «Балаларды туған өлкенің тарихымен таныстыру»
тақырыбында іскерлік ойын өткізбекпіз.
Тәрбиешілерді шаттық шеңберге шақыру:
Шаттық шеңберде әр бір тәрбиешіден кішкентай кезінде еркелетіп айтылған лақап атын атап өту.
(Шаттық шеңберден соң тәрбиешілерге алтын және күміс түсті дөңгелектерді ұсынып екі топқа бөлу)
Заман талабына сай бүлдіршіндерді оқытудың әртүрлі инновациялық технологиялары сарапталып,жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,балабақша өміріне енуде.Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлерін атап өтсек.(Педагогтардың жауаптары)
Қазір сіздермен «Ақпаратық қатынастық технологисын»пайдалана отырып,
туған өлкеміздің тарихымен таныс болуға шақырамыз.
Қазір сіздермен «Жобалы –іс шығармашылық технологиясы» бойынша жұмыс жүргізетін боламыз.Ол үшін ең алдымен мына картина қиындыларынан пазл құрастырасыздар.(2 топқа берілген қиындылардан педагогтар 1-картинаны шығарады
Ойынның шарты:сұрақтарға жауап беру.
Құрметті әріптестер алдыңызда тұрған заттармен дәстүрден тыс сурет саламыз: Тақырыбы «Туған өлкені» қалай елестетеміз?(жұмыстарыңызға 0 минут уақыт беріледі.Содан соң әр топ өз жұмысын қорғайды.)