Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің қалам»

02.03.2020

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімдері: Интигралды сабақ.

Тақырыбы: «Менің қалам»

Мақсаты: 

Білімділік: Көкшетау қаласы туралы балаларға түсінік беру. Қаладағы үйлердің ерекшелігіне қарай , таным  қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту.  Білсем деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларға өз туған өлкемізді танып білуге , өз қаламызды жақсы көру  сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, бейнебаян, ұлпа қарлар, фетрдан құрастыру заттардың бөлшектері.

Барысы

Шаттық шеңбер

(Балалар шаттық шеңберіне тұрып,  өлең  жолдарын  тәрбиешімен бірге қайталайды.)

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырады даламыз.
Жарқырайды қаламыз.
Үлкенге де, сіз дейміз,

Кішіге де, сіз дейміз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз, біз !

Балалар, көңіл-күйіміз қалай? (тамаша)

- Бүгінгі ауа райыда жақсы болып тұр.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:-Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Қыста қар жауады, боран соғады, аяз болады. Біздер жылы киінеміз. Бүгінгі ауа-райның жақсы болуына байланысты Көкшетау қаламызға саяхатқа шығайық. Ал, енді жылы киініп, саяхатымызды бастайық.

Балалар, саяхатқа немен шығуға болады? (балалардың ойы)

Саяхатқа біз автобуспен шығамыз.Міне бізде қандай әдемі автобус  пайда болды. Біз автобуспен қаланы аралаймыз, бірнеше аялдамаға тоқталамыз.

 Балалармен бірге әндетіп жүру.

Автобусқа мінемін,

Қалаларды көремін.

Көрген әсем жерлерді,

Есіме сақтап жүремін.

 

Аялдаманы хабарлайды.
1 Аялдама. Келесі аялдама  «Көкшетау»

Көкшетау  қаласына саяхат жасайық, мына бейнебаянға назар салайық.

Бейнебаян көрсету. «Біздің қала»

Көкшетау қаласы туралы мәліметтер беру.

- Балалар біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. Біздің ұлтымыз қазақ. Біз сол Қазақстан мемлекетінің Көкшетау қаласында тұрамыз. Көкшетау қаласы өте әсем, табиғатымен әдемі қала. Көкшетау қаласында әдемі ғимараттар бар . Олар: мектептер, дүкендер, саябақтар, дәріхана , осындай әдемі балабақшалар өте көп.

Мақал-мәтел
3-бала

Отан-оттанда ыстық.
4-бала

Отанды сүю – отбасынан басталады

Балалармен бірге әндетіп жүру.

Автобусқа мінемін,

Қалаларды көремін.

Көрген әсем жерлерді,

Есіме сақтап жүремін.

Аялдаманы хабарлайды.
2-аялдама. Келесі аялдама «Құрлыс»

 (Музыка әуенімен, құрлысшы қонаққа келеді, қолында қорабы бар)

 Құрлысшы: Салем достар. Мен құрлысшымын. Көкшетау қаласының зәулім үйлерін, аурухана, сауда орталықтарын, мектеп, балабақшаларды тұрғызамын. 

Тәрбиеші: Бізде әсем гимараттарды тамашалап тұрғанбыз. Келіңіз бізбен бірге тамашалаңыз.

Құрлысшы: Балалар, сендер өскенде мен сияқты құрлысшы болғыларың келе ме? 

Балалар: иә

Құрлысшы: Жарайсыңдар! Сендер ол үшін сабақтарыңды жақсы оқып, ақылды бала болуларың керек.  Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендер кішкентай құрлысшы болыңдар.

Тәрбиеші: Ол болса, құрылысшы ағай, бірінші саусақтарымызды шынықтырып алайық.  Қане, менімен бірге қайталайықшы. 

Саусақ жаттығу:

Қолда алтын қалағым,

Зәулім үйлер саламын.

Ертең менде ел сүйген

Құрылысшы боламын.

 Құрылысшы: Балалар рахмет , сендер мен туралы жақсы біледі екенсіңдер. Енді ойыңымызды бастайық.

Ойын: «Қаламызды көркейтеміз»

Ойын шарты: балалар фетр мата бетіндегі бейнелерді жапсырып, қала бейнесін жасап шығарады.

Сергіту сәті:  «Төрт қадам алға» музыка әуенімен қимыл жасау.

Құрылысшы:  Мен осы аялдамадан түсіп қалайын.

(Құрлысшы алғысын айтып, әкелген сыйлығын тәрбиешіге беріп кетеді).

Балалармен бірге әндетіп жүру.

Автобусқа мінемін,

Қалаларды көремін.

Көрген әсем жерлерді,

Есіме сақтап жүремін.

Аялдама хабарланады.
3-аялдама. Келесі аялдама «Бурабай Саябағы».

Тәрбиеші: Балалар, біздің әсем қала Көкшетаудың, осындай керемет «Бурабай саябағы» бар . Саябақтың ауасы таза,  балаларға арналған өте көңілді ойын алаңдары бар.  Көкшетауымыз осы саябақпен әдемі. Енді осы қала туралы кім өлең жолдарын айтып береді?

Өлең жолдары:

 1-бала

Шат қуаныш сыйлаған
Кәріге де жасқа да.
Құшақ жайып тұр маған
Әсем қала – Көкшетау

2-бала

 Көкшетауға қарашы,
Елімнің көне қаласы.
Неткен ұлы, неткен кең,
Қазағымның даласы!

Тыныс алу жаттығуы

Қолғаптағы жабысып қалған  кішкене қар қиыршықтарын үрлеу арқылы ұшырайық.

Балалармен бірге әндетіп жүру.

Автобусқа мінемін,

Қалаларды көремін.

Көрген әсем жерлерді,

Есіме сақтап жүремін.

4-аялдама. Келесі аялдама «Зерек» балабақшасы.

Рефлексия

Тәрбиеші: Ал, балалар! Саяхатымыз өте жақсы өтті.

Біз өзіміздің балабақшамызға келдік.

-Біз немен, қайда саяхатқа шықтық? (Автобуспен, Көкшетау қаласына саяхатқа шықтық.)

-Сендер жолда кімді кездестірдіңдер? (Құрлысшыны)

-Саяхатта жүргенде не қызықты болды? (Сергіту сәті, ойын)

Балаларға сыйлықтарын таратып береді.

 

 

Просмотров: 283


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст