Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері: Математика негіздері Тақырыбы: Үшбұрыштармен танысамыз.
Тәрбиеші: Курмангалиева Ф.К
Мақсаты: геометриялық пішіндер (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) туралы ұғымдарын тереңдету; қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды таба білу қабілеттерін арттыру;
Білімділік: олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратып, салыстыру;
Дамытушылық: ақыл-ой белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік: үлкенге де, кішіге де көмек беруге тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: шаршы – квадрат, үшбұрыш – триугольник, дөңгелек – круг;
Көрнекілік құралдар: геометриялық пішіндер (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) және суреттер, батбырауықтың суреті;
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Үш айды кім атап береді?
Күз мезгілі
Үш ай бар.
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Ұйымдастырушылық ізденістік
Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз математика негіздері.
Тақырыбымыз: Үшбұрыштармен танысамыз.
Балалар естідіңдер ме?
Есікті біреу қағып тұрған сияқты.
Бұл кім екен балалар?
Балалар қызыға айналасына қарайды.
Сендер оны танисыңдар ма?
Қайдан көрдіңдер?
Балалардың жауабы:Ия танимыз.
Қызыл телпек:
Мен далада батбырауық ойнап жүріп оны ұшырып алдым. Балалар сендер маған көмектесесіздер ме?
Балалар қызыл телпекке көмектесемізбе?
Балалардың жауабы :Ия көмектесеміз.
Алдымен біз бірінші геометриялық пішіндермен танысып алайық.
Геометриялық пішіндерді сипаттау, салыстыру.
Балалар бүгін біз қандай пішінмен толығырақ танысамыз?
Үшбұрышпен.
Неге оны үшбұрыш деп атаймыз?
Дұрыс айтасыңдар 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар болғандықтан. Қанекей бірге санайықшы?
Үшбұрышқа тағы қандай заттар ұқсайды екен?
Балалар, бұл қандай пішін?
Үшбұрыш
Түсі қандай?
Қызыл
Оның бұрыштары бар ма?
Ия бар. 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар
Үшбұрышты орысша қалай атаймыз?
Триугольник
Бұл қандай пішін?
Шаршы.
Түсі қандай?
Көк.
Оның бұрыштары бар ма?
Ия.
Шаршының орысшасы қалай?
Квадрат.
Өте жақсы балалар!
Сергіту сәті
Пішіндер әні.
Балалар қимылмен әнді айтады.
Сергіпте алдық, енді біз Қызыл телпекке көмектесе аламыз.
Ұжымдық жұмыс:
Балалар кәнекей біз Қызыл телпекке батбырауық жасап берейік.
Тәрбиеші батбырауық қандай пішіннен тұратынын айтып көрсетеді. Тәрбиеші балаларға көмектеседі.
Балалардың жасаған жұмысын тақтаға қойып өздеріне көрсетеді.
Дидактикалық ойын:
«Пішіндерді ажырату»
Ойын шарты: Екі бала шығып өзіне берілген пішінді, басқада пішіндердің ішінен табу керек.
Қызыл телпек балаларға рахметін айтып, батбырауығын алып, қоштасып кетеді.
Балалар тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша пішіндерді жапсырады.
Балалар қызыға жұмыс жасайды..
Балалар батбырауықты Қызыл телпеккке қуана сыйлайды.
Рефлекциялық- түзетушілік:
Қандай тақырып өттік?
Үшбұрыштармен таныстық.
Қонаққа кім келді?
Қызыл телпек.
Оған не жасап бердіңдер?
Батбырауық.
Балалар жақсы көңіл-күйде болады.