Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай өлеңдері мәнерлеп оқу сайысы»

27.02.2020

Зал тақырыпқа сай безендірілген

(Әдеби іс шара атасы мен немересінің диалогы арқылы басталады)

Атасы – Айтеева Ш.Е., немересі – Олжабек А.

 

Шығарма жаза алмай қиналып отырған 5 - сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет.

Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды...
Немересі қаламын тастай сала атасының қасына келіп:
- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана Әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.
Атасы:
- «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім екенін білетін шығарсың.
- Иә, бірақ толық білмеймін.
- Олай болса, ендігі жерде Абайды Абай атам «Абай атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген адам қазақ емес. Ата! Бізге шығарма - эссе жазуға қосымша ізденіс жұмысы тапсырылып еді. Соған біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен? Жарысқа қалайда қатысуым керек.
Атасы:
- Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?
Немересі:
- Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?
Атасы:
- Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай атаң туралы, жүре ғой! (Ертіп алып, шығып кетеді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

 

2-Жүргізуші:

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған педагогтар арасында  «Абай өлеңдері мәнерлеп оқу сайысы» атты іс шараға қош келдіңіздер!

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар…» - демекші балабақшамыздың ұстаздары да өнерден құр алақан емес.

Ескараева Лаззат Амирханқызы мен Мажитова Гүлбану Мусахановнаның орындауында

 

Ән: «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар

 

1-Жүргізуші:

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз-ау.

   Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

 

2-Жүргізуші:

    Бүгінгі педагогтар арасында жүргізілетін «Абай өлеңдері» атты іс-шарамызға қатысатын, байқау қатысушыларын сахна төріне шақырайық.

  1. Ахметова Жария Ермековна  
  2. Серикова Индира Өмірбекқызы
  3. Хасенова Алтынай Салимжановна
  4. Қыстаубай Гүлжаухар Жайлаубайқызы
  5. Искакова Шынар Сухановна
  6. Гомбо Серікгүл
  7. Қожахметова Анар Өміржановна
  8. Азамат Айгерім
  9. Кендебай Айша
  10.  Сапабекова Айгерім

 

1-Жүргізуші:   Құрметті қатысушылар және көрермендер, бүгінгі байқауымызға әділ баға беретін әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар.

№20 «Zerek» балабақшасының меңгерушісі Каппасова Аягөз Имангазиевна

Балабақшаның оқу ісі жөніндегі әдіскер Калжанова Елизавета Абдрахманқызы және Капарова Жамиля Уалихановна

Педагог-логопед Шаяхметова Дариға Амангельдиновна

 

Құрметті байқау қатысушылары, байқау келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:

І кезең: «Абай әлемі» ақын өмірінен берілген сұрақтарға жауап беру.

ІІ кезең: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа орындауы тиіс. (регламент 7 минут)

 

2-Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, І кезеңді бастайық. «Абай әлемі» ақын өмірінен берілген сұрақтарға жауап беру.

(Қатысушылар әділ қазылар алқасының алдындағы сұрақтарды өздері таңдап алып, сұрақтарға жауап береді)

 

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды? (Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?

(Әлихан Бөкейханов, 1903 жылы Петербургта жазған)

  1. Абайдың шын аты кім?

(Ибраһим).

  1. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.

(Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

  1. Абайдың аяқталмаған поэмасы.

(Әзім әңгімесі)

  1. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған?

(Жиырма жеті шығармасын аударған).

  1. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.

( Зере, Ұлжан)

  1. «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» - деп атаған кім?

(Ахмет Байтұрсынов).

  1. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.

(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

  1.  Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?
  1. ы Петербургта).
  1.  «Абай жолы» романын кім жазды?

(Мұхтар Әуезов).

  1.   Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?

 (Алматы қаласында.  Мүсінші- Х.Наурызбай)

  1.  Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?

(Абайдың ағасының баласы)

  1.  Қанша қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар)

 

(Қатысушыларды шығарып салу)

 

 

1-Жүргізуші: 

Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

 

2-Жүргізуші:

Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен... деп, Абай атамыз айтқандай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты мәнерлеп оқу кезеңін бастайық.

 

Сахна төріне:

№1 қатысушы - Ахметова Жария Ермековнаны қарсы алайық.

№2 қатысушы Серикова Индира Өмірбекқызын қарсы алайық.

№3 қатысушы Хасенова Алтынай Салимжанқызын қарсы алайық.

№4 қатысушы Қыстаубай Гүлжаухар Жайлаубайқызын қарсы алайық.

№5 қатысушы Искакова Шынар Сухановнаны қарсы алайық.

№7 қатысушы Қожахметова Анар Өміржановнаны қарсы алайық

№8 қатысушы Азамат Айгерімді қарсы алайық.

№9 қатысушы Кендебай Айшаны қарсы алайық.

№10 қатысушы Сапабекова Айгерімді қарсы алайық.

 

1-Жүргізуші:

    Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.
 

2-Жүргізуші:

 Құрметті әділ қазы алқасы бүгінгі байқауымыздың 2 кезеңі де өз мәресіне жетті. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға барын салып көрсетті. Енді сіздерден осы қатысушыларымыздың өнерін бағалап, өз шешімдеріңізді күтеміз. (әділ қазылар алқасын шығарып салу)

 

1-Жүргізуші:

Ендеше әділ қазылар бір шешімге келгенше музыка жетекшісінің орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар. 

 

Ән: «...............................» Тюлебаева А.Х.

Ән: «......................................» Өрхонбай Е.

 

2-Жүргізуші:

    Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қойған.

 

1-Жүргізуші:

   Құрметті көрермендер, әділ қазы алқасы баға бермес бұрын қатысушыларымызды сахна төріне шақырып алайық.

 

(әділ қазы алқасы қатысушыларды бағалап, өз тілектерін білдіреді)
 

2-Жүргізуші:

    Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған дайындалған «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты байқау өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды құттықтап, қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз. Қош сау болыңыздар!
 

  • IMG_0002-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_0004-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_0004-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_0002-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_9990-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_9990-27-02-20-06-31.JPG
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-5.jpg
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-4.jpg
  • IMG_0032-27-02-20-06-31.JPG
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-3.jpg
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-6.jpg
  • IMG_0031-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_0006-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_0019-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_0025-27-02-20-06-31.JPG
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-1.jpg
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-2.jpg
  • IMG_0028-27-02-20-06-31.JPG
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31.jpg
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-4.jpg
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-5.jpg
  • IMG_0032-27-02-20-06-31.JPG
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-3.jpg
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-6.jpg
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-1.jpg
  • IMG_0025-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_0031-27-02-20-06-31.JPG
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31.jpg
  • IMG_0019-27-02-20-06-31.JPG
  • IMG_0006-27-02-20-06-31.JPG
  • FullSizeRender-27-02-20-06-31-2.jpg
  • IMG_0028-27-02-20-06-31.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.02.2020 18:28
Құрылған күні: 17.03.2020 11:36

Текст