«Алақай ,Жаңа жыл»
Ертеңгілік мазмұны:
Жүргізуші: Калжанова М.К.
Кейіпкерлер:
Аққала: Курмангалиева .Ф.К
Қоян: Қуанлық Дулатхан
Мыстан кемпір: Бощанова Г.Ж
Аяз ата: Искакова Ж.А.
Ақшақар: Алпеисова.Г.А
Әндер:
«Жаңа жыл»
«Қоян»
«Аяз ата»
Билер :
«Ақшақар» (қыздар)
«Ұлдар биі» (ұлдар)
Өлең шумақтар:
Балалар
Ойындар:
«Аққала жасау»
Шарты: Шашылып жатқан қармен Аққаланы безендіру.
Қатысатын: 4 ұл бала ,1 қыз бала.
Қолданылатын құрал жабдықтар: Шығыршықтар мен доптар.
«Кім жоғалды»
Шарты: Әуенмен билеп жүрген балалардың бірін жасырып, кімнің жоғын аңғарту
Қолданылатын құрал жабдықтар: Әдемі безендірілген мата
Қатысатын: Барлық бала
Мақсаты:
Балалардың қыс мезгілі мен Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін бекіту .
Сөйлеудің ,үйлесімді сөйлеуін дамытуға, сөздік қорын байытуға, сөйлеудің грамматикалық құрылымын белсендіруге және жетілдіруге ықпал ету;
Безендірілген музыка залына әдемі киінген балалар кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,балалар «Алақай, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Жаңа жылымыз жаңа жылға ұласа берсін. Әрбір отбасыға құт береке әкелсін! Жаңа жыл әнімізбен бастайық
Ән: «Жаңа жыл»
Балалар орындарына отырады.
(осы кезде музыка әуенімен залға Қоян келеді)
Қоян: Сәлеметсіздер ме ,балалар? Шыршаларың қандай керемет, менде сендермен көңіл көтерсем болама?
Балалар: иә
(Әуен ойнап, залға мыстан келеді)
Мыстан : Оооо мында не болып жатыр , қандай мерекеге дайындық?
Тәрбиеші: Бүгін біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз
Мыстан: Жооқ, болмайды, тойламайсыңдар. Мен көңіл көтергенді ұнатпаймын. Мен шамдарыңды сөндіріп кетемін.
(шырша шамын сөндіріп кетеді)
Қоян: ой-ой-ой енді жаңа жылды қалай қарсы аламыз ?
Аяз ата мен Ақшақар бізді қалай тауып келеді?
(Әуенмен залға қылмыңдаған Түлкі кіреді)
Түлкі: Сәлеметсіздер ме? Қоян саған не болған, неге көңілсізсің?
Қоян: Жылайды.
Балалар: Мыстан шырша шамын сөндіріп кетті.
Түлкі : Балалар Қоянның көңілін көтеру үшін не істесек болады?
Балалар : Ән айтайық.
Ән: «Қоян»
Тәрбиеші: Балалар, Қоянның көңілі көтерілген сияқты, енді біз Түлкіге арнап өлең шумақтарымызды айтайықшы.
Өлең шумақтар:
Нұрислам:
Міне тағы келіп тұр.
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Терімізге ол шыққан.
Эсминур:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Т. Айша:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Ернұр:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Елхан:
Бір топ бала сырғанап,
Би билейік зырлайық.
Қалды артта қар алып,
Іздерінен қар ұшып.
(Мыстан келіп, Жаңа жылдық мерекенің шырқын бұзу мақсатында Мыстан қар үйіндісін шашып кетеді)
Түлкі: Мына Мыстан біздің жаңа жылдық алаңымызды шашып кетті ғой, балалар біз алаңымызды қардан тазартайық.
Балалар қарды жинап себетке салады.
Тәрбиеші. Балалар, қардан не жасауға болады?
Балалар. Аққала жасауға болады.
Тәрбиеші: Ендеше, Аққала жасайықшы.
Ойын: «Аққала жасау»
Шарты: екі команда бойынша үш баладан 6 бала шығады. Әр команда аққаланың бейнесін бөлшектерден жинап жерге құрастырады.
Қоян: Түлкі досым, менің ұсынысым бар. Екіге бөлініп Аққала соқсақ қайтеді, кімнің Аққаласы әдемі шығады сол жақ жеңеді.
(Балалардың ойын)
Түлкі: Қоян біз мынау Аққалаларды сыртқа шығарып қояйық, әйтпесе еріп кетуі мүмкін. (Аққаланы шырша сыртына апарып тастайды)
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Өте шапшаң болдыңдар. Енді ұлдарымыздың орындауында биді тамашалайық.
Би: «Ұлдар биі»
(музыка әуенімен шырша артынан 2 Аққала шығады)
Аққала: Сәлеметсіздер ме, балалар? Аяз атаны көрдіңіздер ме? Ол орманда сыйлық толы дорбасын ұмытып кетіпті.
Балалар маған Аяз атаны табуға көмектесіңіздерші. Барлығымыз бірге шақырайық. Мүмкін дауысымызды естіп келіп қалар.
Түлкі мен Қоян: Міне қызық мынау манағы біздің соққан Аққаламыз ғой балалар? Бұл қалай?
Аққала: Суыққа шыққасын жаңа жылдық сиқыр күшімен бізге жан бітті.
Енді сіздер Аяз атаны табуға көмектесесіздер ме?
Балалар: иә, көмектесеміз. Аяз ата ,Ақшақар . (бірнеше рет қайталайды )
(Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Амансыздар ма қонақтар! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын! Мен сендердің мерекелеріңе кешіккен сияқтымын. Жол жөнекей барлық балаларға кіріп, мерекелерімен құттықтап келе жатырмын. Енді сендердің өнерлеріңді көрейін.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарыңызбен! Мереке құтты болсын!
Тәрбиеші: Аяз Ата біздің шыршамыздың шамын жағып беріңіз. Біз мерекені жалғастырайық
Аяз Ата: Жақсы, жағып берейін. Ол үшін маған балалардың көмегі керек болады. Қане, балалар, менің соңымнан сиқырлы сөзді қайталайық.
Таңырқа, таңырқа,
Шырша шамы жарқыра! (шырша шамын жағады)
Тәрбиеші: Аяз Ата, сіз алыстан келдіңіз. Шаршап қалған шығарсыз. Келіңіз, отырыңыз. Балалардың өнерін тамашалап, демалыңыз.
Балалардың жаңа жылға арналған өлеңдерін қабыл алыңыз.
Азиза:
Кел жана жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Айзере:
Келді тағы жаңа жыл
Куантумен біздерді!
Кутты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Зарина:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Ө. Аңсар:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Балауса:
Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Амина.
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Бекжан:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар, рақмет.
Тәрбиеші: Балалар, Аяз атаға биімізді көрсетейік.
Би : «Ақшақар»
Аяз Ата: Балалар мен сендермен бір ойын ойнайын.
Ойын: «Кім жасырынды?»
Шарты: Барлық бала әуенмен билеп жүреді. Әуен тоқтағанда барлығы көздерін жұмады. Аяз Ата бір баланы матамен жауып тастайды. Балалар ортада кімнің жасырынғанын табады. (ойын барысы)
Тәрбиеші: Аяз Ата сізге рақмет. Балалардың көңілін көтеріп тастадыңыз. Енді біз сізге арнап «Аяз Ата» әнін айтып берейік.
Ән: «Аяз ата»
Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар! Мен сендердің өнерлеріңді көріп, бір марқайып қалдым. Сендерге әкелген сыйлығымды берейін. Ақшақар қане, балаларға сыйлықтарын таратайық.
Ақшақар: Ата, сыйлық салған дорба қайда? Мында жоқ. (іздейді)
Аяз Ата: Ойбуй енді не істеймін балаларға қандай сыйлық беремін?
(Аққала мен Мыстан дорбаға таласып, шулап кіреді)
Аққала: Аяз ата мен сіздің сыйлығыңызды тауып алдым, бірақ Мыстан бермей жатыр.
Мыстан: Әәә Аяз ата, сенің сыйлықтарыңды мен сиқырлап тастағам.
Түлкі : Мыстан саған не болған?
Қоян: Саған мереке тойлаған ұнамайма?
Мыстан: Жоқ, мен мерекені жақсы көремін, бірақ менің түрім жаман деп менен бәрі қашады . Сондықтан мен әдейі мерекелердің шырқын бұзамын.
Тәрбиеші: Балалар, Мыстан соншалықты жаман ба?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Мыстан біздің балалар көптеген өлең шумақтарын біледі. Тыңдағыңыз келеді ме?
Мыстан: Иә
Өлең шумақтар:
Медина:
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!
Атилла:
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Аяулым:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Қ.Айша
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Айтөре:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылға жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!
Мыстан: Балалар мен енді сендердің мерекелеріңнің сәнін бұзбаймын.
Аяз ата: Бәрекелді жақсы болды ғой, Мыстан енді менің балаларға арнаған сыйлықтарымды бірге таратайық.
(Аяз ата мен кейіпкерлер сыйлықтарды таратады)
Ақшақар: Аяз ата біздің басқа балаларға да барып үлгеруіміз керек. жолға шығайық.
Барлық кейіпкерлер бірге шығып, қоштасып кетеді.
Тәрбиеші: Ал, құрметті қонақтар, балалар, жаңа жылдық мерекемізді Жаңа жыл биімен аяқтайық
Би : «Жаңа жыл»
Келесі мерекеде кездескенше сау болыңыздар!