Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Жапсыру»
Тақырыбы: «Күзгі көрініс»
Мақсаты: Балаларға табиғи материалдың түрлерін, дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып жапсыруға үйрету.
Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық іскерліктерін дамыту, сұраққа жауап беруін эмоционалды сөйлеуін қолдау. Ұжымдық жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сергіту, сұрақ –жауап,
мадақтау, қайталау.
Көрнекі құралдар: Ватман, ағаш жапырақтары,ранетки жемісі желім, дымқыл майлықтар.
Сабақ барысы:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Балалар,- Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық. Балалар бойымызды тік ұстап әдемі болып тұрамыз.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Жарайсыңдар Балалар! Тамаша!
Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келеме? Ендеше мен сендерді орманға табиғат аясына саяхатқа апарғым келіп тұр.
Балалар қарайықшы ормандағы табиғат қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Бәріміз осы таза ауамен терең демалып алайықшы. Керемет!
• Балалар мұнда нені көріп тұрмыз?
* Көптеген ағаштарды, жапырақтарды.
• Қазір жылдың қай мезгілі ?
• Күз мезгілі
• Дұрыс-ақ.
• Күз мезгілінде жапырақтар қандай түсте болады?
• Сары, қызыл сары, қызыл.
• Жарайсыңдар балалар!
• Күз мезгілінде қандай мереке болады?
• Алтын күз мерекесі болады.
Дұрыс айтасыңдар балалар! Бәрін жақсы біледі екенсіңдер.
Бүгін бізде жапсыру оқу қызметі ғой.
- Жапсыру сабағында не істейміз балалар?
- Қағаздарды, жапырақ, моншақтарды т.б. жапсырамыз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар
- Мынау не балалар?
- ағаш, ағаш бұталары.
- Ал бізге күз мезгілінің көрінісін жасау үшін не қажет?
- Жапырақтар
- Күзде жапырақтар сарғаяды .
барлығымыз бірігіп осы суретті табиғи және дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып жапсырып берейікші.
Балалар ендеше біздер жұмысқа кіріспес бұрын мені мұқият тыңдап алыңдар.
Бүгін біздер табиғи материалдарды, желімді, пайдаланамыз.
Орнымызға барып, жапырақтарды мұқият бұтақтарды оған жапырақтарды жапсырамыз.
Балалар сендердің жапсырып жатқан суреттерің тамаша! Ендеше дөңгеленіп бойларымызды сергітіп алайықшы.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз.
Жапырақтай жайқалып
Шетімізден шеберміз
Әсем сурет жапсырып
Біз тынығып аламыз.
Тамаша балалар орнымызға отырып әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз.
Қорытынды.
Сұрақ-жауап.
Мадақтау.
Көкшетау қаласы.
№20 «Zerek» балабақшасы.
Тәрбиеші Ескараева Лаззат Амирхановна